3 І тарау Қазіргі кездегі б



бет11/12
Дата06.07.2022
өлшемі127 Kb.
#459624
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
kur -mektep-zhasyna-deyingi-balanyn-qatelikterine-tarbie-turgysynan-qarau-29

Қосымша


А.Л.Венгердің «Үлгі мен ереже» әдістемесі
Мақсаты: баланың сөзбен айтылған ережеге, үлкеңдер қойған талапқа түсінуін, тапсырманы дұрыс орындауын және бейнелі ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.
Тапсырманы орындату үшін алдын ала оны орындауға арналған белгілер түсірілген парақтар даярланады. Парақты артқы бетіне баланың аты-жөні, жасы жазылады.
Баларға тапсырма беруден алдын оларға орындау тәртібі түсіндіріледі. Психолог қолына үлгі парақты алып оның бетін салынған бұрышты иректі балаларға көрсетіп тұрып тапсырманы орындау ережесін түсіндіреді: «Сендердің қолдарыңда дәл осыңдай парақ бар. Парақ бетінде бірнеше белгілер салынған еді. Оларды бір-бірімен қосқаннан соң мына сурет шықты (қаламмен ұшбұрыштың бұрыштары көрсетіледі және оларды бір-біріме қосып тұрған қабырғалардың ұзына бойы көрсетіледі). Осы парақтың бетінде тағы бірнеше белгілер бар. Өздерің оларды бір бірімен қосып, дәл осындай сурет салып шығарыңдар (үлгі жөн бір рет көрсетіледі). Бұл жерде артық белгілер бар, оларды сызықпен қоспай, тастап кетіңдер. Енді парақтағы белгілерге жақсылап қарап алындар. Олардың барлығы бірдей ме?»
Тапсырманы балалар жақсылап қарап шығып, белгіле әртүрлі екенін айтқаннан соң, психолог түсіндіруін жалғастырады: «Дүрыс, олар шеңбер, қиықша және шаршы болып келеді. Енді мына ережені есте сақтаңдар: екі бірдсй белгілер арасына сызық жүргізуге болмайды (екі шеңбер, екі шаршы, екі қиықшаларды бір-бірімен қосуға болмайды). Қазір үлгі бойынша парақ бетіндегі белгілер арасын сызықпен қосып мына фигураны шығарындар (үлгі көрсетіледі). Егер қате сызсандар оны маған айтыңдар, мен ол сызықты өшіріп беремін. Бір фигураны салып болғаннан соң айтылған ереже бойынша келесі суретті салындар (ереже кайталанады)».
Тапсырма түсіндірілгеннен сон балалар оны орыңдауғі кіріседі. Жұмыс барысында психолог балардың тапсырманы орындауға ынтасын көтеріп, дұрыс жасағандарды мақтап, қажеттілік туғанда ережені қайталап отырады. Бірақ ешқандай қосымша нұсқаулар берілмейді. Барлығы алты тапсырма орындалады.
Осы сияқты тапсырма 6 рет түсірілген парақты өр зерттелінушіге берілетіндей етіп алдын ала даярлап қою керек. Балалардың жұмысын ұйымдастырғанда олардың әрқайсысына барлық тапсырмалардың шаблоны бар парақтар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет