3 ІІ. Негізгі бөлім


-сурет 1.2. Сүтқоректілер



бет3/7
Дата08.11.2022
өлшемі2.42 Mb.
#464294
1   2   3   4   5   6   7
Реферат Жанболат А

1-сурет

1.2. Сүтқоректілер
Сүтқоректілер (лат. Mammalia)– жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.


2-сурет
1.3. Құстар
Құстар— жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстардеп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.


3-сурет
1.4. Бунақденелілер
Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әртүрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 700000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есе птеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 40 отряд бар.
Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет