3 ІІ. Негізгі бөлім


-сурет 1.7. Бауырымен жорғалаушылар



бет5/7
Дата08.11.2022
өлшемі2.42 Mb.
#464294
1   2   3   4   5   6   7
Реферат Жанболат А

6-сурет
1.7. Бауырымен жорғалаушылар
Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат.Reptilia) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.


7-сурет
Қорытынды
Жануарлардың негізгі белгілері
Жануарлар тіршілігі мен сыртқы пішіні алуан түрлі болып келетін тірі ағзалар жатады. Қазіргі таңда жануарлардың 2 миллионнан астам түрі белгілі. Олар Жер шарының барлық бөлігінде тіршілік етеді. Қазақстанның жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Елімізде омыртқалы жануарлардың 835 түрі кездеседі. Аңдардың 178, құстардың 500, бауырмен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің 12, балықтың 104 түрі мекендейді. Жануарлардың сыртқы пішіні мен ішкі құрылысы, өлшемі, өмір сүру деңгейі бір-біріне ұқсамайды. Ғалымдар жануарлардың жаңа түрлерін ашумен қатар, оларды жан-жақты зерттейді. Алғашында түр атаулары оны ашқан зоологтың өз тілінде аталды. Кейінірек атауларды ретке келтіру және қандай жануар туралы айтылып отырғанын білу үшін Карл Линней оларды бірыңғай халықаралық тілмен атау ды ұсынды.
Жануарларды түрден патшалыққа дейін жіктеу. К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді – туысқа, туысты – тұқымдасқа, тұқымдасты – отрядқа, отрядты – класқа, класты – типке, типтерді жануарлар патшалығына біріктіруді ұсынды1. Түр - туыс - тұқымдас - отряд -класс -тип - жануарлар патшалығы. Жануарларды жіктегенде, бірінші олардың бір-біріне ұқсастығы ескерілді. Мысалы, қой туысына – жабайы қой (муфлон), арқар, қар қойы, Даль қойы жатады (1-4 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет