3. Жұмыс. Бромды этил



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі23.79 Kb.
#462514
1   2   3
3 4 5

4.Жұмыс. Спирттер
Спирттердің судағы ерігіштігін анықтау. Реактивтер: этил спирті, бутил, изоамил спирттері, этилен гликоль, глицерин. Бес пробиркаға 4-5 мл су құяды да, бірінші пробиркаға этил спиртін, екіншісіне–бутил, үшіншісіне–изоамил спиртін, төртіншісіне– этиленгликоль, бесіншісіне – глицерин қосып, араластырады,
Бірінші пробиркадағы спирт мөлдір күйінде қалады, яғни этил спирті суда шексіз ериді, екінщі пробиркадағы бутил спирті нашар ериді, үшінші пробиркадағы изоамил спирті ерімей, су бетіне қалқып шығады да, екі бөлініп тұрады, төртінші және бесінші пробиркадағы этандиол мен глицерин суда жақсы ериді.
Спирт құрамындағы суда анықтау. Реактивтер: абсолютті (сусыз) спирт, ректификат, спирттің сұйық ертіндісі (1:1), сусыз мыс сульфаты.
Үш пробирка алып, біріншісіне 2-3 мл сусыз этил спиртін, екіншісіне 96 проценттік этил спиртін (ректификат), үшіншісіне сұйылтылған спирт құйып, сусыз ақ түсті CuSO4 - ның бірнеше түйірлеріне салады. Бірінші пробиркада сусыз мыс сульфатының түсі су болмағандықтан өзгермейді, екінші пробиркада тұз біртіндеп көгере бастайды, яғни сусыз тұз спирт құрамындағы суды тартып алып, көк түсті мыс купоросының кристаллогидратына CuSO4 *5H2O айнала бастайды, үшінші пробиркада су жеткілікті мөлшерде болғандықтан тұздың көгеруі , өте тез жүреді. Сусыз этил спирті ректификатты алдын ала айдау арқылы және құрамындағы суды сусыз мыс сульфатының көмегімен сіңіріп, сусыздандыру нәтижесінде даярланады. Сусыз этил сульфатын алдын ала даярлау үшін. 5-10 г мыс сульфатының кристаллогидратын (CuSO4*5H2O) фарфор тостағаншаға салып, көк түсі жойылғанша қыздыру арқылы суынан айырады. Алынған ақ түсті CuSO4 –тын аузы жабық шыны шөлмекте немесе эксикаторда.
Спирт ертіндісінің концентрациясын жоғарылату. Реактивтер: этил спирті, натрий карбонаты. Пробиркаға құрамында шамамен жартылай суы бар этил спиртінен 5-6 мл құйып, оған құрғақ Na2CO3 салады. Натрий карбонаты ертіндіде ерімеген жағдайда келгенше салына береді. Сол кезде пробирканың түбіне карбонаттың судағы ерітіндісі, ал оның үстінде таза спирт қабаты пайда болады. Спирттің тазалығын зерттеу үшін пипеткамен аздап фарфор тостағанша тамызып тұтатқанда, жақсы жанады. Қалғанын бөлгіш воронкамен бөліп алып, сақтап қойып, келесі тәжірибеде қолданылады.
Натрий этилатын алу және оның қасиеті. Реактивтер: абсолюттік этил спирті, натрий металы.
Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спиртін құйып, оның үстіне үлкендігі арпа дәніндей жаңа кесілген, керосиннен сүзгі қағазбен тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканың аузы ұшы сүйір, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалып, штативке тігінен бекітіледі. Сол кезде натрий мен спирт активті әрекеттесіп, сутегі бөлініп шыға бастайды. Пробирканың бос кеңістігіндегі ауа тегіс шыққаннан кейін газ жүретін түтіктің ұшына жанған шырпы жақындатады. Реакция нәтижесінде бөлінген сутегі ауадағы оттегімен қосылып, жанады. Егер пробирка ішіндегі ауа толық шықпаған болса, сутегі қопарылыс бере (күркіреуік газ) жанады. Сондықтан пробирка ішіндегі ауа толық шыққанша жағуды тоқтата тұру керек. Пробиркаға салынған натрий түгел реакцияласқаннан кейін пробирканы суытады, пробиркада пайда болған натрий алкоголяты тұнба түзбесе, онда ерітіндіден фарфор тостағаншаға бірнеше тамшы тамызып, ішінде реакцияласпай қалған спирті болса, қайнатып буландырады. Тостағанша ішіндегі натрий алкоголятына су қосып, сұйылтады да, оған фенолфталеин немесе лакмус ерітіндісін тамызғанда түзілген натрий алкоголятының ыдырауы нәтижесінде ерітінді сілтілік қасиет көрсетеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Спирттердің тотығуы. Реакивтер: этил, метил спирттері, калий дихроматының 5 проценттік ертіндісі және құрғақ ұнтағы, калий перманганатының әлсіз ертіндісі, ұшы түйіртпектелген мыс сымы, күкірт қышқылы.
Үш пробиркаға метил немесе этил спиртінен 0,5 мл құяды.
Бірінші пробиркадағы спиртке, қызыл мыс торының кішкене кесіндісін немесе сымның ұшын түйіртпектеп (ол пробиркаға еркін салынатындай болу керек), қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да, пайда болған мыс (II) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сол кезде метил немесе этил спирті мыс (II) оксиді әсерінен тотығып, альдегидке айналады, оны иісінен байқауға болады. Метил спирті болса, ұнамсыз, өткір иіс, ал этил спирті болса, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (II) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.
2Cu + O2 → 2CuO
Екінші пробиркадағы спиртке 2 мл калий дихроматы ерітіндісімен 1 мл сұйылтылған күкірт қышқылын қосып, баяу қыздырса, ерітіндінің түсі жойыла бастайды. Реакция тез жүріп, құмырсқа не сірке альдегидтерінің өткір иістері сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валенттікке дейін тотықсызданады.
K2Cr2O7 + 4H2SO4 → K2SO4 + Cr2(SO4)3 + 4H2O + 3O
Үшінші пробиркадағы спиртке калий перманганатының ертіндісінен 3-4 мл және күкірт қышқылын құйып, аздап қыздарғанда, реакция өте активті жүреді. Қоспаны суйық суға салып салқындатып, қайтадан аздап қыздырғанда, қоңыр түсті МnO2 тұнбасы түзіледі және альдегид бөлінеді. Ол иісті арқылы байқалады. Реакция мына теңдік бойынша жүреді:
2KMnO4 + H2O → 2KOH + 2MnO2 + 3O
Егер алынған метил, этил спирті болмай, екінші реттік спирт (диметил карбинол немесе пропанол -2 ) болса, онда альдегид орнына кетон түзіледі:
Спирттердің оттексіз қышқылдармен әрекеттесуі. Реактивтер: этил спирті, метил спирті, концентрациялы күкірт қышқылы, ас тұзы, қалий бромиді, иодсутек қышқылы, сусыз мыс (II) сульфаты.
Этил спиртінен хлорэтил алу. Пробиркаға 1-2г ас тұзын салып, оған 2-3 мл этил спиртін және 0,5мл концентрациялы күкірт қышқылын тамызады. Пробирканың ауыз жағына мақтаға суынан айырылған ақ түсті тотияйын кристалдарының бірнеше түйіршіктерін салып қояды. Пробирканы штативке тігінен бекітіп, үші сүйір газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Пробирканы аздап қыздырғаннан кейін газ шыға бастайды. Бұл бөлініп жатқан хлорэтилді жатқанда жасыл түске бояла жанады. Мақтадағы сусыз тотияйын біртіндеп көгереді. Бұл қоспада хлорэтил мен бірге судың бөлініп жатқанын көрсетеді. Ондағы реакция бірнеше сатымен жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет