3. Жұмыс. Бромды этил



бет3/3
Дата12.10.2022
өлшемі23.79 Kb.
#462514
1   2   3
3 4 5

5.Жұмыс. Этилацетат
Сірке қышқылының этил эфирі.
Негізіг реакция :
CH3CH2OH + CH3COOH→CH3CO─OCH2CH3 + H2O
Қосымша реакция:
2 CH3CH2OH → CH3CH2OCH2CH3 + H2O
Реакцияға қажетті заттар:

  1. Этил спирті 95 процент – 35,5 г немесе 45 мл /0,37 моль/

  2. Мұзды сірке қышқылы – 42 г немесе 40 мл /0,3 моль/

  3. Күкірт қышқылы /ρ – 1835 кг/м 3 / - 5 мл.

Көлемі 250 мл Вюрца колбасына, 5 мл этил спиртін және 5 мл конц күкірт қышқылын құйып, колбаны тамызғыш воронкасымен және Либих мұздатқышымен жалғайды. Тамызғыш воронкасына 40 мл спирт және 40 мл сірке қышқылын құяды. Прибор толық жиналып болған соң колбаны 110-120 ºС-қа дейін қыздырады. Температурасы 140 ºС жеткен соң тамызғыш воронкасынан спирт пен сірке қышқылының қосындысын реакциялық массаға ептпеп тамызамыз. Воронкада тамған тамшының жылдамдығы қандай болса, Либих мұздатқышынан колбаға тамған тамшының жылдамдығы да сондай болу керек. 140ºС температураны реакцияеың аяғына дейін сақтау керек. Егер температура 140 ºС-тан асатын болса қосымша өнім – диэтил эфирі түзілуі мүмкін. Тамызғыш воронкасынан ағып біткені – реакцияның аяқталғаны.
Реакциялық массадан айдау әдісі арқылы бөліп алған күрделі эфир таза емес, онымен бірге реакцияға түсіп үлгермеген спирт, сірке қышқылы бөлінуі мүмкін. Реакция біткен соң плитканы сөндіріп, қабылдағыш колбадағы бөлгіш воронкасына құйып сірке қышқылының қалдығынан тазарту үшін соданың концентрлі ерітіндісмен жуады. Қышқылдың тазарғандығын лакмус қағазымен тексереміз. Воронкадағы эфир қабаты ерітінді қабатынан бөлеміз. Реакцияға түспей қалған спирттен бөлу үшін хлорлы кальцийдің қаныққан ерітіндісімен (8 гCaCl2 және 8 мл су)шайқайды, біріншілік спирттермен хлорлы кальций кристалды молекулалық қосылыс CaCl2·2C2H5O түзеді, түзілген қосылыс сірке қышқылы этил эфиринде ерімейді. Эфир қабатын ерітінді қабатынан бөліп, натрий сульфатымен құрғатады да, су жылытқышқа жылытады , айдайды. 71-75 ºС аралығында спирт пен эфирдің қосындысы, ал 75-78ºС та таза сірке қышқылының этил эфирі айдалады.
Шығымы: 20 г
Ескерту: спирттің қайнау температурасы алынатын эфирдің қайнау температурасына жақын болған себепті эфирді реакциялық массадан бөлгенде міндетті түрде спиртте бөлінеді. Сондықтан синтезде спирт артық мөлшерде алынады. Сол себепті өнімнің шығымын алынған сірке қышқылына есептеу қажет.
Этилацетат – түссіз, иіссіз зат. Суда ериді, спиртпен, хлороформ, бензол мен жаақсы араласады.
Синтез негізделген реакция және оның ерекшелігі
Синтез этирификация реакциясына негізделген, механизмі қышқылдың карбоксил тобының гидроксилы аококси тобына нуклеофильді орын ауысады. Реакция механизмін жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет