№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет33/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Мейірбекова ГБ., 
Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, Meirbekova67@mail.ru
ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Түйін. Мақала заң шығармашылығының тиімділігінің алғышарттарын саралауға арналған. Тиісінше 
мақалада заң шығармашылығының тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер қарастырылып, заң шығар-
машылығының тиімділігінің алғышарттары қысқаша ашылып талданды. 
Резюме. В статье рассматриваются предпосылки эффективного законотворчества. Соответствен-
но в статье раскрываются основные показатели, определяющие эффективность законотворчества и 
коротко анализируются предпосылки эффективного законотворчества. 
Summary. The article considers the prerequisites for effective lawmaking. Accordingly, the article reveals the 
main indicators that determine the effectiveness of lawmaking and briefly analyzes the prerequisites for effective 
lawmaking.
Заң шығармашылығы мәселесі ешқашан да өзінің өзектілігін, маңыздылығын жоғалтқан 
емес. Ол мемлекеттің Негізгі заңы – Конституциядан бастап барлық заңдарды (конституциялық 
заңдар, жай заңдар, шоғырландырылған заңдар) қабылдауды қарастырады. Мемлекеттің Негізгі 
заңы бастаған бұл заңдар тобы мемлекет пен қоғамның құрылып, ары қарайғы дамуының фунда-
менті, негізі болып табылатын қатынастарды орнықтырады, тиісінше мемлекет пен қоғам сала-
ларының дамуының құқықтық негізі болып өріледі. Заң – мемлекеттік секторлардың, қоғам сала-
ларының өркендеп дамуының негізгі құқықтық алғышарты болып табылады. Әрине, кез-келген 
заңның мұндай қасиетке ие болмасы анық. Тек қоғамдық қажеттіктерге жауап беретін, объек-
тивті негізделген, жоғары дәрежеде даярланып, қабылданған сапалы заңдар ғана мемлекетіміздің 
құқықтық, демократиялық, зайырлы, экономикасы дамыған өркениетті мемлекет ретінде ор-
нығуына негіз болады. Мұндай заңдарға тек тиімді заң шығармашылығы қалыптасқан жағдайда 
ғана қол жеткізу мүмкін. Олай болса, сапалы заң – бұл тиімді, жетілген заң шығармашылығы 
қызметінің жемісі. Бұл аталған жағдайлар, атап кеткеніміздей, заң шығармашылығы мәселесінің, 
нақты айтқанда оның тиімділігінің әркезде де маңыздылығы жоғары, өзекті мәселе болып табы-
латындығын көрсетеді. 
Заңның сапасы заң шығармашылығы қызметінің деңгейін байқатады. Тек заң шығар-
машылығының тиімділігі жағдайында ғана заңның сапасы туралы, оның халықтың еркін біл-
діретіндігі туралы айтуға болады. Өз кезегінде, заң шығармашылығы қызметінің тиімділігі де 
белгілі бір өлшемдермен, көрсеткіштермен анықталады. Заң шығармашылығының тиімділігін 
қандай жағдай көрсететініне келсек, заң шығармашылығының тиімділігін оның нәтижесі – яғни, 
заңдардың жүзеге асырылу деңгейі, шектері көрсетеді. Заңдардың қоғамдық мүддеге, жалпы 
даму талаптарына сәйкестігіне қарап, әрі олардың жүзеге асырылу деңгейіне қарап, оларға тал-
дау жасай отырып заң шығармашылығының тиімділігін, яғни сапасын анықтауға болады. Енді-
гі кезекте нақты қандай өлшемдер, көрсеткіштер Республикамыздың заң шығармашылығының 
тиімділігін анықтайтынына келсек, ондай жағдайларға төмендегілерді жатқызамыз: 
- заң шығарушы органның әлемдік өлшемдерге жауап беретін заңдар шығару практикасының 
қалыптасуы;
- реттелуге мұқтаж қоғамдық қатынастардың өз уақытында реттеліп отырылуы, яғни заңдар-
дың уақтылы, дер кезінде қабылдануы;
- құқықтық қатынас субъектілері ретінде халықтың, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың 
құқықтық мүмкіндіктерінің кеңдігі мен жоғары деңгейі;
- республикамыздың конституциялық негіздерінің өсу, даму қарқыны және көлемі;
- заңдардың тұрақтылығы. Бұл өлшем заңдардың тастай қатып, ешбір өзгеріске ұшырамай 
тұрақты түрде, шексіз әрекет етуін білдірмейді. Себебі, заң (заңнама) қатып қалған зат емес


75
ол бір кейіпте, бір қалыпта тұрақты түрде тұра алмайды. Ол даму заңына сәйкес түрлі фактор-
лардың әсерінде болып, түрлі жағдайларға, қоғамдық даму заңдылықтарына сәйкес өзгерістерге 
ұшырап, дамып отырады. Бұл табиғи заңдылық. Олай болса, өзгермелі әлеуметтік-экономика-
лық, саяси жағдайларға Республика заңнамасы ілесіп отыруы қажет.
- заңдардың жалпы (жеке емес) қоғамдық мүдделерге жауап беруі. Депутаттар заң шығару 
қызметін жүзеге асыруда жеке азаматтар мен жеке сайлаушылардың емес, жалпы халықтың, аза-
маттардың мүдделерінде, олардың еріктерін, қажеттіктерін анықтай әрі ескере отырып, жалпы 
ортақ мемлекеттік, қоғамдық мақсаттарға жету үшін заңдар қабылдайды. Зерттеліп анықталған 
жалпы ерік-мүдде мен қажеттіктер заңның өзегі болып өріледі. 
Айта кететіні, қоғамдық, мемлекеттік даму заң шығармашылығының тиімділігінің әркезде 
де осы аталған өлшемдердің шегімен анықталмағандығын көрсетеді. Мысалы алсақ, күні кеше 
өмір сүрген кеңес заманында коммунистік партияның саясатының құқық пен тәжірибеде жүзеге 
асырылу деңгейіне қарай заң шығармашылығының тиімділігін бағалаған. Оны өз заманының 
қайраткері Б.И.Сазоновтың заң жобалары мен қолданыстағы заңнаманы бағалаудағы партиялық 
және мемлекеттік аппараттың байланысы жөніндегі пікірі көрсетеді [1, с.30]. 
Жалпы алғанда заң шығармашылығының тиімділік дәрежесі күрделі де жауапты заң шығару 
қызметінің нәтижесі болып табылатын заңдардың қаншалықты шамада қоғамдық қажеттіктер-
ге жауап беретінін, халықтың мүддесіне сай келетінін білдірумен қоса тиісті заңдардың мемле-
кетіміздің Негізгі Заңы – Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін де білдіреді. Ең бастысы, 
заң шығармашылығының тиімділігі дәрежесі мемлекетте адамға, оның құқықтары мен бостан-
дықтарына бөлінетін назардың деңгейін көрсетеді. 
Заң шығармашылығының әркезде де тиімді, өнімді болуы үшін оны тұрақты түрде назарда 
ұстап, талдап, бағалап, оның тиімділігінің алғышарттарын анықтап отыру қажет. Заң шығар-
машылығының тиімділігін бағалау арқылы заң шығарушылардың – депутаттардың қаншалықты 
өз ісінің шебері, яғни халықтың еркін танып, білу, оны заң жобаларында бекемдеп, заңға айнал-
дыру ісінде қаншалықты шамада маман екенін байқауға болады, басқаша айтқанда заң шығар-
машылығын бағалау депутаттардың өз ісін қандай дәрежеде меңгергендігін, білетіндігін көрсе-
теді. 
Парламенттің заң шығару қызметін зерделеп, саралау оның тиімді болуы белгілі бір жағдай-
ларға (алғышарттар) байланысты екенін анықтайды. Нақты айтқанда, заң шығармашылығының 
тиімділігі заңдылық, мақсаттылық, өзара байланыс, бақылаусыз, т.с.с. мүмкін болмақ емес. Ен-
дігі кезекте, заң шығармашылығының тиімділігінің негізі болып табылатын алғышарттарға же-
ке-жеке тоқталар болсақ, олардың бірі - заң шығармашылығы қызметінің заңдылығы. Жалпы, 
заңдылық қайсы-бір қызметтің болмасын тиімділігінің, дұрыстығының негізі. Ол қандай қызмет 
болса да оның заңға сәйкес, заң ережелеріне негізделе отырып жүзеге асырылуын білдіреді. Ға-
лымдардың заң шығармашылығының ғана емес, жалпы құқық шығармашылығының, құқықтық 
актілердің тиімділігі олардың Конституцияға, заңдарға және деңгейі жоғары құқықтық актілерге 
сәйкес келуімен байланыстыруы бекер емес [2, с.130]. Олай болса, заң шығару қызметінің де 
заңдылықсыз тиімді болмасы анық. 
Заңдылық заң шығармашылығы барысында белгілі бір нақты мақсатқа жету үшін негіз жа-
сайды, қалыптастырады. Олай дейтін себебіміз, заңдылық құқықтық тәртіппен бірге заң шыға-
ру органының мәртебесін, оның өзге органдармен өзара байланысын нығайтады, заң шығар-
машылығы қатынасына қатысушы субъектілердің жүріс-тұрысын ретке келтіріп, оның мүшелері 
(депутаттар) арасында тиісті, қажетті қатынасты пайда болғызады, жалпы алғанда, заңдардың 
сапасын көтереді. Заң шығармашылығы қызметіндегі заңдылықтың орнын көрсетер болсақ, оны 
(заңдылықты) қабылданған заңның алдағы уақытта жүзеге асуының негізгі бір тетігі ретінде 
бағалауға болады. Заңдылық Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың негізгі 
алғышарты бола отырып, қоғамның қажеттіктері мен мақсаттарын қамтиды және түрлі мүдде-
лердің тең болуы мен жалпы қоғамдық татулыққа, келісімге алып келетін негізгі бір жол болып 
табылады. Заң шығармашылығы қызметінің заңдылығы оның нәтижесі - заңның да заңды (ле-
гитимді) болуын шамалайды. Легитимді заң - бұл Конституцияның 61 бабында, «ҚР Парламенті 
және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңда (3 тарау) және Парламент 
пен оның палаталарының регламенттерінде бекітілген тәртіпке қатаң сәйкестікте шығарылатын 


76
әрі халықтың көпшілігінің мүддесін қарастыратын заң. Заңның белгілі бір тәртіпке сай және 
халықтың мүддесінде шығарылуымен қоса оның легитимдігінің тағы бір көрсеткіші – заңның 
Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін, атап айтқанда, қоғам-
дық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қа-
зақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен 
(республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы) шешу принциптерін 
негіз етіп алуы.
Қай салада, қандай тұрғыда болмасын, мейлі ол заң шығармашылығы болсын немесе мем-
лекет өмірінің басқа жақтары болсын заңдылықтың мәні бір. Заңдылықтың мәнін анықтайтын 
болсақ, ресейлік ғалым Атаманчук Г.В. «заңдылықтың мәні құқықтық нормаларда (құқықтық 
жүріс-тұрыс ережелерінде) бекітілген позитивтік міндеттердің орындалуы тиістігінде, рұқсат 
етілгендердің пайдаланылуы мүмкіндігінде, ал тыйым салынғандардың сақталуы қажеттігінде. 
Заңға қатысты айтсақ, оның мемлекет пен қоғам және нақты адамның өмірінде өз рөлін шынайы 
атқаруы керектігінде [3, с.223] - дейді. Біз тиісті ғалымның пікірін қолдаймыз. Себебі, заңмен 
белгіленген ережелер орындалмаса және ол өмірде өз орнын алмаса, заңдылықтың мәні де бол-
мас.
Заңдылық режимі өздігінен орнығып, жүзеге аспайды. Оны да қалыптастыратын негіздер 
бар. Атап айтқанда, оларға заңдылықтың тұрақтылығы, кепілдендірілуі және құқықтық тәртіп 
жатады. Заң шығармашылығында заңдылық режимін тұрақтандырып әрі оған кепілдік жасаған-
да және заң шығару ісінде құқықтық тәртіпті орнықтырғанда ғана заңдылық жүзеге асады. Заң 
шығармашылығы қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты тұрақты түрде бекемдеу үшін 
оның (заңдылықтың) маңызын сезініп, қажеттігін ұғыну қажет және ондай режимді құрметтеу 
керек.
Заң шығармашылығы қызметінде тәртіптің орын алуы, қамтамасыз етілуі оның тиімділі-
гімен қоса жүйелілігін арттырып, сапасын күшейтеді. Жалпы мемлекетте, қоғам өмірінде заң-
дылықтың, құқықтық тәртіптің маңызын бағалау үшін заңдылықсыз демократиялық, құқықтық, 
әлеуметтік, зайырлы мемлекет орнықтыруға болмайтындығын, адам және оның өмірін, құқықта-
ры мен бостандықтарын мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде қалыптастыру мүмкін еместі-
гін санамен ұғыну қажет. 
Заң шығарушы тұлға ғана емес өзін демократиялық қоғамның лайықты мүшесімін деп есеп-
тейтін кез-келген адам мынаны білуі керек: заңның ең басты мақсаты, мүддесі - барлық аза-
маттардың жеке басының бостандықтары мен құқықтарын қорғау. Ал, заңдылық осы заңдарды 
өмірде жүзеге асырудың басты алғышарты. Мейлі депутат болсын, мейлі өзге азамат болсын 
әрбір қоғам мүшесі заңдылықты сақтау, заңдарды бұзбау, құрметтеу арқылы ғана жетістіктерге 
жететінін саналы түрде ұғынуы қажет. Ағылшындарда «королеваның мәртебесі биік, ал заңның 
мәртебесі одан да жоғары» деген салиқалы сөз бекер айтылмаған. Бұл қандай да болмасын мәсе-
лені заңды түрде, мәдениетті шешіп үйренген халықтың мағыналы сөзі.
Заң шығармашылығының тиімділігінің келесі бір алғышарты - оның мақсатқа сай болуы. Ре-
спубликамыздың заң шығармашылығы қызметінің мақсатқа сай болуы дәрежесін көрсететін не-
гізгі бір көрсеткіш - мемлекетімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар. Құқықтық рефор-
малар қабылданған заңның нақты нәтижесі мен қоғамдық мүдденің арасындағы арақатынасты 
байқатады. Құқықтық реформаларды сәтті жүргізу үшін бүкіл халықтың ерік-мүддесін ескеріп 
барып, оны басшылыққа ала отырып, яғни халықтың мүддесінде заң шығару қажет. Себебі, бүкіл 
халықтың ерік-мүддесіне сай шығарылған заң ғана құқықтық реформалардың халық арасынан 
қолдау тауып түпкілікті, кеңінен жүргізілуінің себепшісі болады, әлеуметтік мақсаттарға жету-
ге мүмкіндік тудырады. Белгілі академик Сұлтан Сартайұлы Сартаев атап кеткендей «Бүгінде 
жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар қандай да бір ғана тұлғаның қалауы, іс-қимылы емес, 
ол біздің бүкіл құқық қорғау жүйеміздің ісі. Біз бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін заңдар 
әзірлеуге тиіспіз» [4, с.2]. 
Заң шығармашылығын ұйымдастыру мен оған қатысушылардың қызметі тиісті мақсат-мін-
деттерге бағытталған, бағдарланған болуы қажет. Заң шығарушы субъектілердің қызметі 
заңнамада реттелген. Парламенттің қызметі оның мақсаттарын, мүмкіндіктері мен шектерін 
сипаттайтын өкілеттіктерді қарастырады, қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституция-


77
сына сәйкес Парламенттің өкілеттіктері - бұл біріншіден, палаталардың бірлескен отырысында 
шешілетін, Конституцияның 53 бабында көрсетілген 7 тармақшаға жинақталған өкілеттіктер; 
екіншіден, алдымен Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта қаралатын - Конституцияның 54 бабында 
10 тармақшаға жинақталған өкілеттіктер, үшіншіден, Конституцияның 55 - 56 бабында 10 тар-
мақшаға жинақталған палаталардың айрықша өкілеттіктері, төртіншіден, 57 бапта 8 тармақшаға 
жинақталған басқа палатаның қатысуынсыз әр палатаның дербес жүзеге асыратын өкілеттіктері. 
Тұтастай Парламентпен қоса, оның органдары, палаталарының органдары (комитеттер, комис-
сиялар, бюро…) және белгілі бір жеке тұлғалар да (төрағалар, т.с.с.) өздерінің квалификациялық 
өкілеттіктеріне ие. Аталған өкілеттіктердің бірқатары олардың заң шығармашылығы қызметін 
жүзеге асыруға қатысуын, ондағы рөлін көрсетеді.
Заң шығарушы органның заңнамада белгіленген өз қызметтерінің шеңберінен, аясынан тыс 
шығатын әрекеттері, депутаттардың өз құқық мүмкіншіліктерінен тыс жасаған немесе өзге 
бағытқа бағытталған әрекеттері заң шығармашылығының тиімділігіне кері әсерін тигізері хақ. 
Өзге саладағыдай, заң шығармашылығы саласында да әркім өз ісімен айналысуы тиіс. Олай 
болса, заң шығару органының, оның мүшелерінің, палата органдарының қызметінің заң шығар-
машылығының бағыттары мен мазмұнына сәйкес келуі дәрежесі тиісті қызметтің тиімділігінің 
бір белгісі болып табылады.
Республика Парламентінің заң шығармашылығын жүзеге асыру барысында белгілі бір субъек-
тілермен өзара байланыста болуы заң шығармашылығының тиімділігінің келесі бір алғышарты 
болып табылады. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыруда Республика Үкіметімен, мем-
лекеттік органдармен, халықпен, қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасауы мүмкін. Парла-
менттің тиісті қызметті жүзеге асырудағы халықпен, қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысы 
заң шығармашылығының демократиялығының деңгейін көрсетеді. Себебі, халықпен, қоғамдық 
бірлестіктермен жасалатын өзара байланыс Парламенттің заң шығармашылығында халықтың 
ой-пікірін ескеріп, оған сүйенуін, азаматтардың бірігуінің көзқарастарына назар бөлуін мүмкін 
етпек. Парламенттің заң шығармашылығында халықпен өзара байланыс жасауының бір нысаны 
болып қандай да бір заң жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығаруы табылады. Парламент заң 
шығармашылығында белгілі бір маңызды заңның жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару 
арқылы халықтың ой-пікірімен танысып, оларды саралап, талдайды. Заң шығару барысында аза-
маттардың, қоғам мүшелерінің көзқарастарын ескеріп, олардың пікірімен санасып барып қабыл-
данған заң ғана, яғни халықтан үлкен қолдау тапқан заң ғана тиімді болады және өмірде тез әрі 
түпкілікті жүзеге асады. Халықпен өзара байланыс жасаудың бұл нысаны заң шығармашылығы-
ның сапасын көтеру үшін, нәтижелігін арттыру үшін қажетті тетік болып танылады. Заң шығар-
машылығында Парламенттің халықпен өзара байланыс жасауының нақ осы нысанының жүзеге 
асу практикасына мысал ретінде кезінде жер туралы заң жобасының бүкілхалықтық талқылауға 
шығарылуын келтіруге болады. Аталмыш заң жобасын талқылау нәтижесі қарапайым халықтың 
жердің жеке меншікке берілуін мақұлдамағанын көрсетті. Тиісті заңды Парламентте қарау бары-
сында жерді жеке меншікке берушілікке қатысты депутаттар арасында қызу таластар орын алған 
еді. Өз кезегінде Парламент қабырғасында орын алған бұл дау-дамайлар мен қызу таластарды де-
путаттардың республикалық деңгейде жүргізілген бүкілхалықтық талқылауда Республика халқы 
білдірген көзқарастар мен пікірлерді ескеріп барып өз сайлаушыларының мүддесінде әрекет жа-
сағанының көрінісі болды деп бағалауға болады.
Заң шығармашылығы туралы пікірді қоғамдық бірлестіктер де қалыптастыруы мүмкін. Қоғам-
дық бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың заң шығармашылығына кеңінен қатысу 
мүмкіндігі - бүгінгі күннің шынайы көрінісі. Оны кезінде Сенат төрағасы болған О.Әбдікәрімов 
келесідей көрсеткен еді: «... біздер саяси партиялардың өз депутаттық фракциялары мен топтары 
арқылы заң шығару процесіне белсенді қатыса отырып, Парламентте партиялық саясатын жүр-
гізуінің куәсі болып отырмыз» [5]. 
Парламенттің заң шығармашылығын жүзеге асыруда қоғам мүшелерімен, мемлекеттік орган-
дармен, т.б. өзара байланыс жасауының келесі бір нысаны болып Республика Парламентінің заң 
шығаруға мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, шаруашылық жүргізуші 
субъектілердің басшыларын, мамандарды тартуы табылады. Бұл аталғандар, заң шығарушы 
органның заң шығармашылығын жүзеге асыру барысында халықтың, барша жұртшылықтың 


78
пікірін ескеруі мүмкіндігін көрсетеді. Өз кезегінде, мұның өзі қоғам үшін қажетті әрі сапалы 
заңдарды қабылдауға өз әсерін тигізері хақ. Олай болса, заң жобасы заңға айналардың алдында, 
барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін ескере отырып қаралып жатқан нормативтік құқықтық 
актінің сапасы мен өзектілігін кәсіби тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін заңдарда көзделген 
рәсімнен өтеді [6, 6 б.], деген пікірмен келісуге болады. 
Заң шығармашылығының тиімділігі заң шығарушылардың, заң жобасын дайындауға тарты-
латын тұлғалардың құқықтық санасына негізделеді. Егер шығарылу жолына қарамастан кімнің 
болса да шығарған заңы тиімді, сапалы болса, ондай заң азаматтар мен құқық қолданушылардың 
тарапынан қолдауға ие болары сөзсіз. Сондықтан да заң шығарушы заңның сапасын көрсететін 
қоғамдық пікірді, әртүрлі есептерді ескеру, тыңдау барысында азаматтардың, қоғамның қабылда-
нудағы заңға қатысты теріс көзқарастарын байқаса, онда ол заңның тиімді әрекетін қамтамасыз 
етуге және толығымен немесе белгілі шамада кез-келген теріс факторлардың әрекетін жоюға қа-
білетті заңи амалдар мен тәсілдердің тиісті жүйесін жасап, оны актіде бекіте алады. Тиісінше, заң 
шығарушы орган өзі шығарып отырған заңның қоғамның қолдауына ие болуы үшін қажетті заңи 
жолдарды таппаса, онда мұндай заң тиімсіз әрекетке душар болады. Сондықтан да, заң шыға-
рушылардың кәсіби ой-санасы заңи нормалардың қоғамдық қатынастарға әсер етуінің тиімділі-
гін толығымен ескеруге бағытталған болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет