№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет31/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Кілт сөздер: Конституция, Президент, реформа, билік, биліктің бөліну қағидасы, Парламент, Үкімет.
Қолданыстағы Конституциялық заңнаманың дамуы мен қалыптасуын зерттеуде, Конституци-
яға, заңнамаға жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекет пен қоғамды тұрақсыздан-
дыруға, олардың рөлін түсіріп, беделін төмендетуге, айналып келгенде жалпыға бірдей құқықтық 
нигилизмге әкеліп соқтыратынына куә болдық. Себебі, тұрақсыз заңға қоғам мен азаматтардың 
сенімшілігі төмендей бастайды, ал бұдан кейін занды құрметтемеу және құқықққа сенбеушілік 
(нигилизм) туындайды. Заңнамаға жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекет орган-
дарынан шығарылатын жаршыларда, республикалық газет-журналдарда, маңыздылығы жоғары 
болса ғана бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады. Ал, ол өзгерістер мен толықтырулардың 
мемлекет пен қоғамда қандай көлемде жұмыс жасап жатқандығы азаматтарға беймәлім күйде 
қалып отырады. Сондықтан да заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың халыққа 
кең көлемде жеткізілуін және оларға легальді түсініктеме беруді қажет деп санаймыз. 
Мемлекеттің Негізгі заңының қабылдану тәртібі, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ха-
лықтың құқықтық санасын көтеру, насихаттау, мемлекеттің тарихын білу, қабылданған заңға сай 
әрекет ету, заңды білу, мемлекеттің Конституциясына құрмет көрсетуге баулу қазіргі кезеңдегі 
өзекті мәселелердің бірі болып саналады. 
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне 
тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы 9 наурыздағы 
нормативтік қаулысында қарастырылды [1].
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында адам құқығы мәселелері де кө-
теріліп, «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық 
қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе 
өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Ре-
спубликасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру 
туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды»,- деп қарастырылды [2]. Осы заңды іске 
асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 
наурыздағы Жарлығында: «Барлық деңгейдегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, 
жергілікті өзін-өзі басқару органдары Парламенттің, Үкіметтің және өзге де мемлекеттік орган-
дардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппарат-
тың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын»,- 
деп көрсетілді [3].
Мемлекет басшысының атап отырған азаматтарға тиесілі тең құқықтарды пайдалану мен 
оны жетілдіру ары қарай жалғасын табуда. Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қа-
зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жол-
дауында: «Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек»,- деп көрсетті [4]. Сондықтан 
еліміздің конституциялық дамуы мен конституциямыздың тарихына үңіліп, даму кезеңдерін тал-
дау, қазіргі Конституцияның ерекшелігі мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың не-
гізгі бағыттарын білу, насихаттау маңызы жоғары тақырыптардың бірі деп санаймыз.


70
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, 
жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай 
негіз бар. Конституциялық заңнаманың дамуы 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасы болып жа-
рияланып, тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қазықтай қағып, нық белгілеп алғаннан бері қарай 
дамып келеді. Осыдан бері Қазақстанның тарихына талай беттер қосылып келеді, барлығын па-
рақтап, Конституциялық заңнамамамыздың дамуы қай кезден бастау алады деген сұраққа нақты 
да мәнді жауап іздеу барысында, еліміздің Конституциясының дамуын, қалыптасуын зерттеп, 
негізін қалаған ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің (Ғ.С. Сапарғалиев, С.З. Зиманов, С.С. Сар-
таев, Қ.А. Мами, И.И. Рогов және т.б.) және Ұлт көшбасшысының еңбектерін қарап, көп ізденіп, 
мынандай тұжырымдар ұсынғым келеді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңін анықтау;
- Конституциялық заңнаманың қалыптасуының мемлекеттегі қандай саяси өзгерістердің әсер 
етуінен негіз алатынын айқындау;
- заңнаманың дамуы мен қалыптасуына ірі мемлекеттердің тәжірбиесінен алынған 
қағидаттарды жұмыс барысына кірістіру;
- Қазақстанның болашақ дамуына констиутциялық заңнаманың да мол әсері бар екендігін 
дәлелдеп ашып көрсеткім келеді.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңнамасының даму тарихын төрт кезеңге бөліп қара-
стырдым. Әр кезеңнің өзінің тарихы мен қалыптасу жолдары бар. Қазақ елінің 20 ғасырдағы 
конституциялық даму тарихын бірнеше кезеңдерге бөлу үрдісі бар. Мысалы белгілі заңгер ғалым 
Ғ.С. Сапарғалиев Қазақстанның Конституциялық даму жолын мынадай кезеңдерге бөледі:
1. Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық демократиялық идеялардың Алаш конститу-
циясының жобасына ұласу);
2. Кеңес дәуірі (20-шы жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
3. Кеңес дәуірінің аяқталуы (80-ші жылдар мен 1990 жылдардың аралығы);
4. Кеңес дәуірінен кейінгі (1991-1993 жылдар);
5. Қазақстан дамуының алғашқы сатысы (1993 жылдың қарашасынан бастап) [5, 53].
Еліміздің Ата Заңы – мемлекеттің тұрақтылығы мен бақуаттылығының негізі, әрбір қа-
зақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі. 
Негізгі заңымыз қабылданып, мемлекет болып аяқтан тұрып, екі, үш ғасыр жасап кеткен ұлы 
державалармен тереземіз тең, көсегеміз кең болып өмір сүріп, тәуелсіздігімізді қазықтай қағып, 
ішкі саясатымыз бен сыртқы саясатымызды орнықтырып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени 
жағдайларымызды біршама түзеген елге айналды. Конституциямыз екі рет жаңартылып, қазіргі 
кездегі қолданыстағы 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан Республикасын шет мем-
лекеттерге танытып, өсіп келеді [6]. 
Қазақстан мемлекеттік егемендігі жарияланған сәттен мемлекетіміздің Конституциялық да-
муының жаңа кезеңі басталды. 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі 
туралы Декларацияның» қабылдануы өз алдына дербес және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы-
ның алғашқы қадамы, бастау жолы болды. Бұл Декларацияның ең басты ерекшелігі тәуелсіз мем-
лекеттің барлық негізгі әлементтерінің одан әрі қалыптасуы үшін заңцылық негіздерін нақты 
айқындап берді [7]. 
Қазақстанда нақты, шынайы парламентаризмнің қалыптасуында Жоғарғы Совет 1991 жылғы 
16 желтоқсан күні қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 
Конституциялық заң маңызды белес болды. 9-бапта: «Қазақстан Республикасындағы мемле-
кеттiк өкiмет билігі бұл биліктiң заңдық, атқарушы және сот билiгi болып бөлiнуi принципін 
басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар өздерінің 
өкілеттіктері шеңберінде дербес, тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалана отырып, өзара 
іс-қимыл жасайды»,- деп көрсетілді [8]. 
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғары 
Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда қабылданған жаңа Конституциядан басталды. Бұл Қазақстанның 
мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгіген тарихи құқықтық акт болды. 
Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шыға-
рылған Конституциялық заңдардың көптеген құқықтық нормаларын, принциптері мен идеяла-


71
рын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздгі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін 
мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің 
басшысы ретінде тану, сот органдарын-Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, 
прокуратураны тану осының қатарына жатады [9].
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының «тежемелік және 
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-қатынас жасайтындығы» туралы 
қағиданы да жаңа қағида деуге болады. Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым 
салуға қатысты институттарын, Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің қызмет-
тен кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас немесе әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен боса-
тылуын, Жоғары Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер кабинетінің мүшесін 
лауазымынан алуды жатқызды. Көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиын-
тығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес 
[10, 34].
Конституция оның нормаларынын тікелей қолдану туралы қағиданы орнықтырды. Конститу-
ция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра қырлары бар. 
Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік 
органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық қызметіне ықпал жасау. Мұндай 
ықпал заң шығарушылық қызметінін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік орган-
дардың нормативтік актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестігін талап ету жолымен де 
жүзеге асырылады. 
Екіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы оның номаларының мемлекеттік органдар, 
ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылатынын білдіреді. Конституцияда тура «Қазақстан Ре-
спубликасының Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқығы жоқ» деп жа-
зылған. 
Үшіншіден азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын пайдала-
нуға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық санасын қалыптасты-
рып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституци-
яның тікелей қолданылуы институттық қайта құрулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, 
жергілікті өкілетті органдар сайлауының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың қа-
ралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді [11].
1993 жылғы Конституция Жоғары Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру инситутын қарасты-
рған жоқ. Алайда, Президентке тек жай заңдық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, консти-
туциялық заңдар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғары Кеңесі 
Президентке уақытша заң шығару өкілеттігін берді. Сондықтан Жоғары Кеңес 1993 жылғы 10 
желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізді десек те болады 
[12, 29].
Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы қабылданған Конститу-
циямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның жаңа қырлары болды, 
онда ССРО-ның да, Қазақ ССР-нің де Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Жаңа өмір 
жолын Жаңа Констиуциямен бастаған Қазақстан ел танырлықтай, бүкіл әлем Мемлекет деп мой-
ындарлықтай халге жетті.
Осы кезеңде қабылданған маңызды конституциялық-құқықтық актілерді келесі топтарға 
бөлуге болады:
Бірінші топ. Мелекеттік егемендікті нығайтудын құқықтық негіздері құраған конституци-
ялық-құқықтық актілер;
Екініш топ. Мемлекеттік органдар жүйесіне езгертулер енгізген актілер;
Үшінші топ. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты актілер [13].
Әрине, мұндай бөліністің шартты екендігі түсінікті болса керек, өйткені актілердің көбісін тек 
бір топқа ғана жатқызуға болмайды. Мысалы, «ҚазССР Президенті қызметін тағайындау және 
ҚазССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды 
актілердің белгілі бір нақты тобына жатқызуға болмайды. Бұл заңда егемендікті күшейту жөнін-
дегі басқа да мәселелермен қатар мемлекет органдары және адам мен азаматтың құқықтары 
бостандықтары жөніндегі нормалар бар. Бұл актінің қатарына «ҚазССР Мемлекеттік егеменді-


72
гі туралы декларацияны» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 
Конституциялық заңды, басқа да көптеген мемлекеттік-құқықтық актілерді жатқызуға болады.
Сонда да біз ол актілердің ең негізгі белгілері мен мазмұны бойынша жоғарыда келтірілген клас-
сификация бойынша қарастыруға болады деп есептейміз. Олай болса, актілердің бірінші тобы 
— мемлекеттік егемендікті нығайтудың құқықтық, негіздерін құраған конституииялық-құқықтық 
актілер [11, 19].
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардығы Конституцияларын әзірлеп, қабыл-
дауды және мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың конституциялық негіздерін құру қажет-
тілігі талап етті. Констиутцияның ережелері, идеялары, принциптері мен нормалары қоғамдық 
қатынастардың әртүрлі салаларын реттуге бағытталған. Аталған еңбекте Конституцияның қа-
былдануы мемлекеттік органдарды заң шығару, жалпы алғанда құқық шығармашылық қызметке 
ынталандырып қана қоймайтыны, оған қызмет ететіні көрсетілген.
Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады. Конституцияның жай-күйі, оның 
жетілдірілуі немесе жетілдірілмеуі бүкіл ұлттық құқық жүйесіне әсер етеді. Барлық саяси 
күштердің, азаматтардың Конституцияға ерекше қарауын осымен түсіндіреміз. Қазақстан Респу-
бликасының Конституциясына қатысты сеніммен айтуға болады, ол конституциялық құрылысты 
дамытуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын орнықтыруға зор үлес қосты. 
Сөз жоқ, Конституция өзгермелі өмір талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сонымен бірге Конституци-
яға жат нормативтікң құқықтық акт ретінде қарауға болмайды. Конституцияға конституциялық 
емес сипаттағы өзгерістерді енгізуге болмайды. Тұрақты өзгеріс енгізуге ұмтылу, біріншіден, 
Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі алатын орны мен маңызын ұға білмеумен түсін-
діріледі, екіншіден, оның теріс салдары орасан, яғни саяси және құқықтық соғыстарға әкелуі 
мүмкін, үшіншіден, құқықтық нигилизмді қалыптастыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қалыптасты, дамып келеді және өзінің негізгі 
көріністері бойынша демократиялық, прогрессивті болып табылады, ол Қазақстанның дамуы-
ның тұрақты құқықтық негізіне айналды [14, 56].
Ата Заңымыз - жарқын болашақ кепілі. Мемлекетіміздің аяққа нық тұрып, дұрыс саясат жүр-
гізіп, көрші елдермен татулықта тұрып, халықаралық мәселелерді демократиялық жолмен ше-
шуіміз Конституцияның арқасында деп білеміз. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегия-
сы бойынша дамуымыз үшін де Конституциямыздың берері көп. Олай дейтініміз, Конституцияға 
енгізілген негізгі заңдарымызды мемлекетіміздің даму жолында дұрыс қолданып, күнделікті 
өмірімізге өмір заңындай енгізіп алуымыз болашақ Қазақстанның Елбасы стратегиясымен да-
муына өз ықпалын тигізеді [15, 25].
Бұл үшін мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жете меңгеріп, ел үшін барын салып 
жатса қанекей! Ата Заңымыздың да керегі сонда: мемлекеттік билікті бөліп, олардың атқаратын 
міндеттері мен қызметтерін белгілейді; адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, 
сонымен қатар парызы мен борыштарын заңға тірек қылады; сайлау мен сайлану құқығын жете 
түсіндіреді және жалпы мемлекеттік мәселелерді қамтиды. Бұның барлығы да том-томымен жа-
зылар мәселе болып елестесе де, ой мен өрісін жинақтап шағын кітапшаның ішіне сыйдырғаны-
на таңдана қараймыз [5, 23].
Қолданыстағы Конституциямыздың негізгі жетістігі - адам мен азаматтың құқықтары мен бо-
стандықтарын негізгі мәселе етіп белгілеп алуында. Себебі, адам мен азаматты қадірлемейінше, 
ел болып қанат жаймайды.
Саясаттанушылар мен ғалымдар тұжырымдағандай, Назарбаев президент, үкімет және пар-
ламент арасында өкілеттікті қайта бөлу үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ен-
гізілді. Елбасы, Қазақстан Ата Заңымызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасы бар 
мемлекет болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте, Назарбаевтың сөзіне қарағанда, президент, 
үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келген. 
Қазақстан Президентінің институционалдық реформаларын іске асыру Республикада Консти-
туция үстемдігін одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады. 
Конституцияның қағидаттары мен нормаларын ұстана отырып, қоғамды, оның мүшелерін 
және ең бастысы адамның өзін өзі құрметтеуін жүзеге асырады. 
Азаматтардың Конституцияны сақтауы және құрметтеуі Қазақстанның өркендеп, дамуына 


73
және елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделінің аса түсуіне әсер етіп, мемлекет пен барша 
қоғамды нығайтып, дамытады.
Әлбетте, шынайы қадірлеуге лайық Қазақстан Конституциясының оң әсерін әрбір қазақстан-
дық сезінуі үшін бұдан әрі де осы бағыт бойынша мақсатты әрі табанды түрде жұмыс жасалатын 
болады. Жалпы жүргізілген реформаның мәні билік тармақтарын қайта бөле отырып, саяси жүй-
ені демократияландыруға, Қазақстанның даму бағытын айқындауға, билікті тиімді жүргізуге, 
жауапкершілікті күшейтуді көздеп отыр.
Қазақстанда Президенттік билік қала береді. Оның күші жойылмайды. Бірақ мемлекет басшы-
сының кейбір құзыреттері Үкімет пен Парламентке берілді. 
Конституция, конституциялық заңнамамыздың әлеуетінің дұрыс қолданылып, мемлекеттік 
дамуымызды жоғары сатыға көтеретініне сеніммен қараймыз. Және де өзгерген жаңа мемле-
кетіміздің түзу жолымен Конституиямызға да жаңа да маңызды өзгерістер енгізілуіне күмәніміз 
жоқ. Ең бастысы алдыңғы ұрпақ қалдырған рухани байлықты келесі ұрпаққа сол тұрпатымен 
қалдыру болып табылады. Дамушы мемлекеттер қатарына косылған Қазақстан Республикасы-
ның, ондағы қызмет жасайтын мемлекеттік органдар, басты байлық саналатын халықтардың 
құқықтары мен бостандықтары, саяси, әлеуметтік, құқықтық және мәдени жағдайларымыздың, 
ең бастысы осының барлығына тірекші болар Конституциямыздың бой түзеп, одан әрі дамуына 
жауапты міндетті Қазақстан жастары өз мойнымызға жүктеуге тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет