№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет83/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

in accordance with the requirements of the updated curriculum for primary education.
Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш білім беру жүйесі мазмұнының жаңа бағытта қайта
құрылуы - ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі - философи-
ялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде заман талабына сай білім беруде тұтастық тұғырна-
масының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған маңызға ие болуы. Қай кезеңде болмасын, 
қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамның бастау бұлағы болып табылатын құбылы-
стың бірі – бастауыш білім беру негіздері. Бастауыш білім беру мазмұны адамзаттың тарихи 
дамуындағы қоғам құрылысының сипатына, бағыты мен идеологиялық, саяси-әлеуметтік және 
басқа да қатынастардың бірлігіне байланысты. Қоғамдық даму заңдылықтарына орай білім бе-
рудің мазмұны, міндеттері және оны ұйымдастыру жолындағы формалары мен әдістері талапқа 
сай, өмір сұранысын қанағаттандыру бағытына икемделіп отырады. Әр қоғамның даму бағыты-
ның жүйесі мен ондағы адам тәрбиесі жөніндегі идеялар жаңа тарихи кезеңдер мен жағдайларға 
сәйкес негізделіп, бастауыш білім беру мазмұнының сипаты да шығармашылықпен дами отырып, 
тарихи міндеттері жаңа тұрғыдан айқындалады. Себебі, қоғамдағы саяси-экономикалық және 
әлеуметтік саладағы өзгерістер білім беру жүйесінің қайта құру барысымен айқындалып, ескір-
ген құбылыстар қоғам сұранысын қанағаттандыра алмайтыны анықталып, жаңаша құру идеясы 
басшылыққа алынып, тәжірибелердің жаңаруы мен ішкі үйлесімділік тұрғысында сабақтасып, 
өмірді ғылыми тұрғыдан танып білуге бағытталған ауқымды білім мазмұнына бет бұру анағұр-
лым айқын байқалды. Мектептердегі жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен берілетін білім, 
әсіресе, бастауыштағы оқу-тәрбие барысы барлық уақытта да қоғам ықпалына байланысты. Бұл 
жеке даму ерекшелік тұрғысындағы заңға сүйене отырып, қоғам мен нақты объективтік, субъек-
тивтік қарым-қатынастарды анықтаудағы қоғамдық қатынастар бірлігінің мазмұны мен сипатын 
береді.


190
Мемлекеттік жүйенің өсіп, өркендеп жетілуіне ықпал етуші алғы шарттардың бірі оқу-ағарту 
мен білім беру саласы. Бірақ, білім беру жүйесі де өз дамуында мемлекеттік құрылымның өт-
пелілік даму кезеңдеріне және оның ішкі заңдылықтарымен тығыз байланысты болмақ. Филосо-
фиялық диалектиканың заңдылығына сәйкес білім беру де түрленіп, дамып, сатыланып, жетіл-
діріліп отырылуы дәлелдеуді қажет етпейтін табиғи құбылыс. Білім беру жүйесінде сатылану 
бастауыш білім беруді өз алдына дербес қарауға, оның құзырлығын анықтауға алып келді. Баста-
уыш білім берудің тарихын сөз етіп, оқу-жазу мәселесіне бойлау үшін өмір сүрген мемлекеттік 
билік жүйесінің даму тарихымен тығыз байланысты екенін ескергеніміз ақиқатқа жақын келеді. 
Өзгермелі дүниенің даму кезеңдерінде бір мемлекеттік құрылымның пайда болып, өсіп-өркен-
деуі, керісінше, табиғи өмір заңдылығына сәйкес, енді бірде оның ыдырап, күйреп жойылуына 
орай орнына екінші бір мемлекеттік билік құрылымның пайда болуы мүмкін. Дегенмен, алғашқы 
білім беру, сауат ашу, жазуға үйретіп, әріп таныту мен оқуға баулу мәселесі, жалпы айтқанда 
бастауыш білім берудің жоғалып кетпей, түрлі құбылыстарға икемделіп қоғамдық әлеуметтік 
үлкен мәселе болғанын анық дәлелдейді. Біздің жағдайымызда Қазақстандағы бастауыш білім 
берудің теориясы мен тәжірибесінің даму жолындағы педагогикалық үдерістерге ғылыми тал-
дау болғандықтан, бастауыш білім беру жүесінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жа-
сау заңдылық деп есептейміз. Қазіргі қоғамның ғылыми және тәжірибелік талабына сай тео-
риялық, әдіснамалық жүйе негізі болатындай бастауыш білім беру сатысына дәрежелік деңгейі 
анықталған. Бастауыш сатысының міндеттері туралы және оның қоғамдағы қызметі жөнінде 
ғылыми түсінігін нықтау үшін, бастауыш сынып мұғалімі мамандарын педагогтік қызметке да-
ярлаудағы алда тұрған тәжірибелік мақсатқа аса көңіл бөлінуі керек. Мақсат - қоғамдық даму мен 
бастауыш беру саласындағы әр түрлі үдерістерді зерттеп, талдауды қажет етеді. Олардың жағым-
ды әрі тиімді және қолайсыз кері беттерін екшелеп, сұрыптап, анықтау мен даму тенденциялары 
арқылы білімдерді игеру бастауыш білім беру сатысының теориясы мен тәжірибесінің даму мақ-
сатында ұлттық дәрежеде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің негізі болмақ. Бастауыш білім беру 
жүйесінің өзіндік ерекшелігін жете ұғыну және оның даму жолын қайта қарау қажет. Оқушы-
ның жеке тұлғасын қалыптастыруда анатомия-физиологиялық, дүниетанымдық, жас және дербес 
ерекшеліктерін басшылыққа алудағы педагогика - психология ғылымдарының заңдылықтарына 
сүйене отырып, білім мен тәрбие беру мәселесін әр түрлі нысанда анықтауға, танымдық даму-
дағы түсіндірілетін өзара ішкі байланыспен қосылуға сай талаптары мен болжамдық мақсат, мін-
деттерінің бірлігінде болады және бұны жеке пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесіне сүйен 
отырып іске асырылатына да мән беру қажет. 
Білім беру жүйесін дамыту, мазмұнын жаңарту - оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, 
дағдылар жиынтығын меңгерту емес, оқушы тұлғасын дамыту, өмірдегі кездесетін көкейкесті 
мәселелерді өздігінен тиімді шешуге, жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында өзін-өзі анықта-
уына, әлеуметтенуіне, қоғамда және түрлі ортада өзіндік орнын табуға мүмкіндік беретін білім, 
тәжірибе және түрлі қабілеттерді меңгертуге бағытталған.
Қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттары нәтижеге бағытталған, білім беру қызметінде 
базалық, әлеуметтік және білімдік құзіреттілігін қалыптастыру жағдайы мен дамыту бағыттары-
ның жаңа логикасын анықтау. Бұл өз кезегінде білім беру саласының белгілі бағыттары – ізгілік-
тік көзқарас, тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұрғыдан білім беру. Яғни, 
оқушының жеке тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасау. Мектепте 
әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Сондықтан 
бастауыш білім беру кезеңінің міндеттері – баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, да-
муына көмек беру болып табылады. Бүгінгі көзқараста - білім мазмұны тұлғаның жеке өмірінің, 
өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталып, құзыреттілік, да-
мытушылық, іс-әрекеттік, тұлғалық бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып та-
нылады. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа мазмұнын құзыреттілік тұрғыдан 
жобалау арқылы мүмкін болатындығын дәлелдеп отыр.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын-
да: бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, 
оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім 
беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, 


191
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын да-
мытуға бағытталған. Сондай-ақ, бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік 
қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң 
мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің 
дамуын қамтамасыз етеді. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: 1.Тіл және әде-
биет: Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі; 2.Ма-
тематика және АКТ: Математика: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ); 3.Жа-
ратылыстану: Жаратылыстану; 4.Адам және қоғам: Дүниетану, Өзін-өзі тану: 5.Өнер: Музыка, 
Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу; 6.Дене шынықтыру: Дене шынықтыру» - деп негізделген [1].
Осы тұрғыдан келгенде педагогика ғылымы жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді жаңарту 
барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың болуын талап етеді. Білім бе-
руді реформалау үрдісі білім мазмұнын зияткерлік, моральдық және рухани жетілуді жеке тұлға-
лық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа нобай болып табылатын ықпалдасуға 
негізделеді.
. Бағдарлама арқылы оның тағы бір тиімділігін білгенім, Кембридж бағдарламасы төмендегі-
дей бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдердің дамып, жан-жақты ашылуына жол ашады: 1/ жаңаша 
ізденістермен оқыта отырып, зерделей ізденетін, оқушыларға белсенділікпен қамқорлық көрсетіп, 
ықпал етіп, бағдар беретін мұғалімдер; 2/ әрбір оқушының пәнді түсінуін қалай құру керек екен-
дігін ойлайтындығымен және білетіндігімен санасатын, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен 
тәжірибесін қалыптастыратын, сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойын-
ша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби 
білімі мен түсінігі бар мұғалімдер; 3/ оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту 
өлшемдерін білетін, бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау 
көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасап жатыр-
мыз?», «Одан кейін не істеу керек?» деген сияқты, оқушылар мойындаған табыстылық өлшем-
дері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігін білетін мұғалімдер; 4/ бастапқы 
идеядан басқа да идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылар зерделеп, 
қарастырып, жандандыра алатындай мүмкіндіктерге жол ашатын мұғалімдер. Қоғамдағы болып 
жатқан өзгерістер қазіргі білім беру саласында қызмет ететіндерге үлкен жауапкершілік артып 
отыр. Бұл жауапкершілік, ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі [2]. 
Жаңартылған оқу бағдарламасыда оқушылардың танымдық, білімдік, тәрбиелік деңгейлерінің 
өсуі мен дамуында қарым-қатынастық оның ішінде тілдік мәселенің басты орынға ие болуы - пе-
дагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы оқыту, оқу іс-әрекетін жүргізудегі білім, мен тәрбие беру 
жұмыстарында оқушылар мен мұғалім арасында жұмыстың нәтижелі болуының нгегізі ретінде 
қарастыру қажеттілігі алынған. Олар: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым. 
Қазіргі жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасының мазмұнына енгізілген 8-жаңашыл-
дық бағаттар арқылы: «пән мазмұнының шиыршық қағидатпен берілуі, бір білім беру аясындағы 
және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі; білім 
беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу 
курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының 
білім алу үдерісіне белсенді қатысу), оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру; оқушының адамгер-
шілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру; оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа 
мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың 
уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; Блум 
таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы» - бастауыш сынып оқушыларының 
оқу-танымдық іс-әректтерін жаңаша педагогикалық тәсілдер негізінде ұйымдастыруда олардың 
интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік т.б. жағынан әлеуметтік орта мен 
ғылыми-дүниетанымын дамытуда (қоршаған ортаға ғылыми тұрғыдан көзқарастың қалыптасуы 
мен табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б.) өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа 
бейімдеуде бастауыш сатының негізгі қызметінің мазмұны ашылды [3].
Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті дең-
гейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: 
бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қа-


192
руландыру емес, оқыту және оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбие-
леу мақсаты қойылантындығына мән беріп отыру керектігі басщылыққа алынғандығына – бұл 
оқушы тұлғасының толық қанды дамуына негіз болатындығын дәлеледейді. Білім берудегі оқыту 
мен оқу іс-әрекеті - адамның ақыл-ойының дамуына ықпал жасаушы, арнайы ұйымдастырылған 
танымдық әрекет және тұлға дамуының көрсеткіш деңгейлерінің құрылымдық-құрамасы. Кез 
келген оқыту мен оқу іс-әректі белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымы философи-
ялық сөздікте «...мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістер-
ге айналуы»-деп түсіндіріледі [4] 
Бастауыш білім беру алты-он жас арасындағы жас ұрпақтың қамтылуымен жүзеге асатыны 
белгіленді. Бастауыш білім беру сатысына қабылдау мезгілінің өзгертілуінің негізінде жатқан 
теориялық мәселелерге терең үңілсек біріншіден, бастауыш білім беру ауқымының ықпалы мек-
тепке дейінгі тәрбиеге қарай ығысты. Осыған байланысты бастауыш білім берудің әдіснамалық, 
ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері күрделі өзгеріске ұшырауына әкеп соғады. Се-
бебі, алты жастағы және жеті жастағы балалардың анатомиялық және физиологиялық даму ерек-
шеліктерінде үлкен айырмашылық бар екені анық. Екіншіден, мектепке дейінгі тәрбие бағдар-
ламасы мен бастауыш білім беру бағдарламаларының ықпалдасу деңгейлері жоғарылай түседі. 
Үшіншіден, бала дамуындағы санитарлық-гигиеналық ережелердің орындалуындағы талаптарға 
өзгерістер енеді, өмір сүру ырғағы бағытқа бейімделеді. Төртіншіден, бастауыш білім берудің 
оқу бағдарламалары бұрынғы бастауыш мектеп бағдарламаларына қарағанда нақты өзгерістер 
енгізуді талап етеді. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының жүктемелері жеңілдетілу 
бағытында жүреді. Бесіншіден, оқу бағдарламаларының мақсаты өзгертілуі тиіс. Даму бағдар-
ламасында белгіленгендей, бастауышта білім берудің мақсаты оқу, жазу, есептеудің нақты дағ-
дыларын қалыптастыру мен дүниетанымдық болып отыр. Алтыншыдан, бастауыш білім беру 
мазмұнына: қарапайым тілдік қарым-қатынас - үш тілділікке бейімдеу және информатикалық 
сауаттану мәселесі еніп отыр. Осының нәтижесінде оқушы шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуі, 
мінез-құлық мәдениеті рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуы көзделіп отыр. Жетін-
шіден, жоғарыда баяндалып, ғылыми негіздемелер жасалаған ой тұжырымдардың барлығының 
өзегі ұлттық болмыстың аясында жүзеге асырылуы керек. Сондықтан оқу бағдарламалары және 
педагогикалық үдерістегі қарым-қатынастар ұлттық тәрбие жүйесіне бағындырылып, оны өзек 
етіп алуы тиіс. 
Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалык қасиеттерінің қалыптасуы мен қабілеттерінің 
жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелілікпен және қарқынды дамуына ықпал ету, мұғалінің кәсіби 
іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы мен талаптық деңгейінің сапалылығына тәуелді болмақ. 
Бастауыш сыныптарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың мазмұны - оқушылардың оқу-та-
нымдық іс-әректіндегі қол жетерлігі мен шығармашылықпен ойлау алу мүкіндіктеріне ие болуы, 
мұғалімнің ұтымды педагогикалық әрекет жасауы мен олардың арасында ынтымақтастық қа-
рым-қатынастар орын алғанда ғана оң нәтиже береді. 
Бастауыштағы окыту мен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей жалпы дидактика-
лық ұстанымдарына ие болады: 
- оқушы тұлғасының жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі; 
- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы; 
- ашықтығы, достық қарым-қатынас (ынтымақтастық педагогика); 
- белсенді іс-әрекете болуы.
1-сыныпта педагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбиелеу - тікелей мұғалімнің басшылығымен;
2-сыныптың педагогикалық үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне баулу, 
тапсырмаларды жеке орындау біліктілігін игеру (оқушының өздігінен білім алу) мұғалімнің же-
тектеуімен; 
3-сыныптың педагогикалық үдеріснде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне баулу, 
тапсырмаларды жеке орындай алу біліктілігін толық деңгейде меңгеруі (оқушының өздігінен 
білім алу) – мұғалімнің қадағалауымен;
4- сыныптың педагогикалық үдеріснде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне баулу, 
тапсырмаларды жеке орындай алу біліктілігін жоғары деңгейде меңгеруі (оқушының өздігінен 
білім алу) – мұғалімнің бағыттаушылық нұсқаумен. Міне, осы бағыттағы мұғалінің қызметтік 


193
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы бастауыштағы педагогикалық үдерісті жүзеге асыруы – бұл 
қазіргі заман талаптарын орын алу барысы деп түсіне аламыз. Өйткені, қазіргі жаңартылған 
білім мазмұнының бағытыда оқушының өздігінен білім алуғы ұмтылысын қалыптастырып, да-
мытуға негізделген. Бұны білім беру жүйесінің бастауыш сыныптарында педагогикалық үдерісті 
жүргізудегі оқытудан - оқу іс-әрекетіне көшу деңгейлерін ұйымдастырудың ғылыми-әдісте-
мелік қағидасы ретінде қабылдауымыз қажет және мұғалім өзінің педагогикалық қызметін осы 
қағида аясында жүргізуге бағыт-бағдарын алуы тиіс. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін 
анықтаудың негіздері оның мақсат қоюшылығы мен мақсатқа қол жеткізудегі жүйелі жұмысы-
ның бағыттылығы болап табылады. Мұғалім мақсатты орындауда бірнеше әрекеттерді біртұта-
стыққа топтастырып оны педагогикалық үдерістің заңдылықтарына бағындырып және бағыт-
таушылығындағы жүйелілікті естен шығармауы керек. Бұндай ғылыми негіздемені педагогика 
ғылымының әдіснамалық тұрғысынан қарасақ – мұғалім педагогикалық іс-әрекетті ұйымдасты-
рудағы мақсаттың қорытындысы мен түпкі нәтижесін алдын ала болжай білуі және оның белгілі 
құралдар көмегімен жүзеге асатындығын көре біліп, елестете алуын сипаттайды. Бастауыш сы-
нып мұғалімінің оқушыларғы білім беру мен оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудағы тәрби-
елілік, оқу танымдық, мотивациялық іс-әрекетін қарастырсақ.
Бастауыш білім берудің басым бағыты – оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып 
отырғандықтан төмендегі мәселелер ескерілуі қажет: 
- оқушының жеке мүмкіндігін ашу, қоршаған орта жөнінде ғылыми білімді игерту, оқу-таным-
дық іс-әректін ұйымдастырып, дағдыларын меңгерту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру
- оқытудағы және оқу әрекетіндегі талабын ашып, білігін қалыптыстыру яғни, оқыту немесе 
оқу және тәрбиенің біртұтас әрекет екендігін қалыптастыру; 
- білім берудің кезеңдік сатыларындағы педагогикалық үдеріске оқушының ынталық, таным-
дық қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасау. 
Oтандық oрта бiлiм мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға 
көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізде-
ле отырып, оқушыларға оқудағы, coндай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. 
«Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолда-
ну; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге 
қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау білік-
тілігі. Бұл оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу үдерісі оқушылардың әрбір сабақта 
білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипаттайды. Бұл жағдайларда оқушы – таным cубъек-
тісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әр-
бір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге 
ұмтылу қажет. Oқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын 
жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен 
бастайды, ол жаңарту үдерісінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді [5]. 
Бұл бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік қызметіне жаңашылдықпен келуін және шығар-
машылдықпен айналыса отырып, бастауыш білім беру кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісінің сапалық 
деңгейінің жаңа бағытта көтеруілуін талап ететін педагогикалық құбылыс. Білім берудегі оқы-
ту мен оқу іс-әрекетінің жүру барысындағы оқушы тұлғасы дамуының сапалығы - мұғалімнің 
қолданатын сан алуан әдіс-тәсілдері арасындағы байланысты және бастауыш білім деру ке-
зеңін ұйымдастырудағы дидактикалық заңдылықтардың сақталуы мен орындалу талаптары әрі 
мұғалімнің өз кәсібін шығармашылдықпен орындауына байланысты болып табылады. Мұғалім 
өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін 
түсіне білуі шарт. 
Қорытындылай келе, педагогикалық ой мен ғылыми тұжырымдардың іске асуы және оның 
тәжірибеде оң нәтиже беру үшін бірқатар қарама-қайшылықтарда жоюға тура келеді. Солардың 
негізгі бірнешеуін атасақ:
- теория мен тәжірибенің байланысы, озық ой-пікірлерді жүзеге асыру, педагогтарды жаңа 
ғылыми тұжырымдамаларға, жаңа педагогикалық ойларға бағдарлай отырып, бүгінгі күннің 
сұранысын қанағаттандыры алмайтын өзінің күшін жойа бастаған педагогикалық үдерістердің 
тозығын тастап, озығын алып, алға ұмтылу қажеттілігін түсіу.


194
- педагогикадағы негізгі әдіснамалық басқа ғылымдармен пәнаралық байланысты пайдалану. 
Қазіргі кезде ең көп таралған қолданыста жүрген ұғымдарды білу олардың мағынасын түсіну.
- педагогикадағы ғылыми зерттеу үдерісі мен құрылымын философия, әлеуметтану, психо-
логия және т.б. ғылымдар арқылы жетілдіру. Педагогикалық көкейтесті мәселелердің көзі үнемі 
педагогикалық тәжірибе аймағы арқылы кеңейтіп, негіздеу.
- педагогика ғылым логикасы мен мұғалімдердің тәжірибелік әрекетінің логикасы көбіне сәй-
кес келе бермейді, сондықтан педагогика теориясымен айналысушылар және практиктер арасын-
дағы пайда болған түсініспеушіліктерді жою, және т.б.
Мұғалімнің білім беру мен оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудағы оқу танымдық іс-әрек-
тіндегі атқаратын кызметі:
- білім беру кезеңінің пәндік және түйінді максаттарын ескере отырып, оқу үдерісінің накты 
мақсаттарын жобалау;
- педагогикалық үдерісте оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер ке-
шенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес құрастыру;
- оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру; 
- педагогикалық үдерісті жобалауға және іс жүзіне асыруда акпараттық ортаның мүмкіндік-
терін пайдалану;
- оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;
- окушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жакын зо-
насына жетуі);
- құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды көңіл-күй (эмоция) туғызу, 
қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта кұру;
- оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі бақалауын 
(өз іс-әрекетіне есеп беруін), өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін 
кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;
- ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уакы-
тында түзету.
Яғни, мектептің қазіргі жағдайындағы әдістемелік жұмыс мұғалімнің дамуына, кәсіби ше-
берлігінің өсуіне, жеке пәндердің және педагогика, психология ғылымдарының соңғы жетістік-
терінен хабары бар құзырлы маман ретінде толық қалыптасуына ықпалын күшейте түсуі керек. 
Бұл мәселелердің ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін мұқият қарастырған жөн. Білім 
берудің әлемдік кеңістігіне ену- басқа халықтың немесе басқа мемлекеттің білім беруге байла-
нысты жүйесін тікелей қабылдау емес. Осы мәселенің ғылыми-теориялық және тәжірибелік не-
гіздерінің дұрыс жүзеге асуы ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың, мемлекеттің, ұлттың білім 
беру жүйесінің өзіндігінің сақталуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет