Молдасан Қуаныш Шорманқызы Педагогика ғылымдарының кандидаты



бет1/2
Дата10.04.2024
өлшемі22.82 Kb.
#498227
  1   2
annotation166793




Молдасан Қуаныш Шорманқызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
мамандығының 2 курс магистранты
Беркінбай Гүлназ Нұржанқызы
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Мемлекеттің экономикалық, саяси және мәдени өркендеуі білім беру арқылы жүзеге асады. Елімізде жүріп жатқан іргелі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар жеке тұлғаны әлеуметтендіру үрдісіне, жас ұрпақ өмірінің барлық қырларына едәуір әсер етуде. Сондықтан бүгінгі таңда Қазақстанда білім беру мен тәрбиелеудің өзіндің моделін іздестіру, заман талабына сай білім мазмұнын жаңарту қолға алынуда. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен педагогикалық көзқарастардың қалыптасу белесінде, ғылымның ауқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде.
Осы міндет-мақсатты жүзеге асыруда бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жаңаруы жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мамандарды даярлауға ерекше талаптар қойып отыр. Білім алушыларға қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде ұлттық құндылықтар барысында тәрбиелеу мәселесі талап етілуде. Жоғары білім беру жүйесінде оқыту үдерісінде ұлттық құндылықтарға сай гуманитарлық пәндерді оқытудың тәрбиелік міндетін айқындауға назар аударылып отыр.
Қазіргі өзгермелі дүниеде студенттердің тұлға ретінде қалыптасуының басты факторы олардың қоршаған ортада өзін таныта алуы, адамдармен тіл табыса білуі, қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын интерактивті әрекет болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз», − деп атап көрсетсе, [1] «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын»,  – деді.[2].
Яғни, бiлiм беру реформасындағы бетбұрыстар мен жаңаша өзгерістер әлемдік озық технологияны игеру, адыңғы қатарлы елдердің даму дәрежесімен терезе теңестіруде, дүниежүзілік бәсекеге лайық болу білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналады.
Осы бағытта, қазақ халқының ғылыми педагогикасының қалаптасуына, дамуына үлес қосқан ұлы тұлға М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары мен шығармаларының құндылығын зерттеу өзекті болып табылады. Мағжан Жұмабаев – аса көрнекті ақын-жазушы, педагог-ағартушы, тарихшы-түркітанушы, философ, аудармашы, журналист, ірі қоғам қайраткері. Мағжан – ұлтын жанымен сүйген, гуманист ақын.
Тәрбиенің қaлыптaсуы мен тұлға бойына адамгершілігі жоғары ізгі қасиетті дарытуда жaңa пaрaдигмaның жүзеге aсуы жaңa заман адамын, тұлғa қaлыптaстырудaғы ұлттық тәрбиені енгізу aрқылы көрсетілген.
Тұлғаны қалыптастыруда, ұлт болашағын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеуде қоғам қайраткері М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары мен шығармаларының мәні зор. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын заманауи білім беруде оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерінің қарастырылуы білім беру жүйесінің тәрбиелік тиімділігін арттыра түседі. Мағжан шығармаларының негізінде ұлттың тағдыры жатыр. М.Жұмабаевтың шығармаларындағы тұлғаны тәрбиелеудегі педагогикалық ойларының басты идеясында да отанды сүю, еліне деген адалдығы шексіз, патриот, өресі биік, тарихи тұлғалар өнегесі жатыр. Себебі, Мағжан шығармаларының қайсысын алсақ та, адамның жан-дүниесін қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің мәні бір-бірімен сабақтасып жатады.
Мағжан Жұмабаевтың келешек ұрпақты тәрбиелеуге, өскелең ұрпақтың болашағы үшін туған құнды педагогикалық идеяларының тәрбиелік құндылығын терең зерттеу, насихаттау барысында ұлттық тәрбие құндылығын көреміз.
Ұлтының тіліне, асқақ даналығына, адамшылығына сай тәрбиелеу тал бесіктен басталса, зиялы ұлт болуымыз, дұрыс өмір сүруіміз, ұлттық тәрбиеден басталады деген Мағжанның шығармаларында ұлт бостандығы мен оның азаттығын аңсаған, бақытты ел болу негізі сараланады. Мағжан жас ұрпаққа туған елден, туған жерден қымбат ештеңе жоқ екенін білдіріп, тұлғаның жан - дүниесінде патриоттық сезімді оятады.
М.Жұмабаев ұлы ойшыл ғалымдардан үлгі ала отырып, өзінің педагогикалық идеялары арқылы , тәрбиенің түрлерін зерделеп, жалпы адам жанын дұрыс тәрбиелеуге бағыттайды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы арқылы оның бүкіл саналы өмірін, қазақ ұлтының ар-намысы үшін күресін, ұлттық мінез бен ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы идеясын көреміз. Мысалы:
Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!.[Жұмабаев.М.2005. 3;25б] деп, келешек жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. . Шабыттана жырлай отырып, «Мен жастарға сенемін» деп, жастарға күш-жігер береді. Яғни, Мағжанның жастарға деген сенімділігі мен көзқарасы, сезімі ерекше баяндалған.
Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін» »,– деп, Мағжан өлеңдерін өте жоғары бағалаған. [Жұмабаев.М. 2005. 4;61б]
Ақын шығармаларынан барша адамзат баласына деген сүйіспеншілікті танимыз.
Ақын нені жырласа да, ғашықтықпен, ерекше сезіммен жырлайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуде туған табиғатты, жер-анаға, өз ұлтына, елінің тағдырына деген сүйіспеншілігімен ажырамастай байланыста жырлайды. Себебі ол жеке бас сүйіспеншілігінің құрбаны емес, еліне, жеріне, ұлтына деген махаббаттың құрбаны болды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп атап көрсетілген.[5]
Бұл міндетті жүзеге асыруда М.Жұмабаевтың ұстаздық тәжірибесі де, қалдырған еңбектері де педагогика ғылымын дамытуда ерекше мәнге ие болады.
Сондықтан да, әйгілі «Педагогика» кітабы қазақ баласын тәрбиелеуде бүгінгі күнге дейін орны зор еңбек болып табылады.
Психологиядағы «тұлғa», «қaрым-қaтынaс», «дaму», т.б кaтегориялaр педaгогикaлық ғылымның негізгі ұғымдaры болып тaбылaтынын ескерсек,
Мағжан педагогика мен психологияға да ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан - дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу керек деп санады.
«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы».[ Жұмабаев.М. 2001. 6;30]
Бұл мұраның құндылығы туралы зерттеуші М.Базарбаев: «Ең үлкен ғылыми еңбегі «Педагогика». Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған. Ескі қазақ өмір тұрмысынан, әдет-ғұрпынан нені алуға болады, оны жаңа заман тәртібімен қалай ұштастыру керек, негізгі классикалық педагогиканың қағидаларын қалай қабылдап, бойға сіңіріу қажет деген сияқты мәселелерді Мағжан аса биік зерттеушілік қабілетпен шешеді.», – деген пікір айтады. [Жұмабаев.М.1995. 7;9]
Осылайша, қоғам қайраткері ұлттық пeдaгoгикaны пcиxoлoгиямeн бaйлaныcтыpa oқытудың тәcілдepін қapacтыpып, бaлa тәpбиeлeудің жәнe oлapмeн қapым-қaтынac жacaудың жoлдapын ғылыми тұpғыдaн негіздеді. Ақыл тәрбиесіне келсек те, Мағжан өзінің әрбір шығармаларында адамзатты, жас жеткіншектерді, ізгілікке, отан сүйгіштікке, намыс пен парасатқа, шындыққа, адалдыққа үндеп отырған. Қай шығармасын қарстырсақ та, негізгі түйіні ұлттық тәрбиемен астасып жатады.
Қорыта айтқанда, М.Жұмабаевтың ұстаздық тәжірибесі мен еңбектері педагогика ғылымын дамытуда құндылығы арта түседі. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын, оның бүкіл саналы өмірі, қазақ ұлтының ар-намысы үшін күресі, ұлттық езгіде қалмауда ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады.
білім саласындағы жүргізіліп отырған өзгерістер ұлттық сaясaт және әлемдік білім беру тенденциясының дамуы, сонымен қaтaр, қоғaмның индустриaлдық-инновaциялық жаңашылдығымен aнықтaлынaтын арттыруда мемлекеттің дaмуының бағыт- бaғдaрында ұлттық тәрбие құндылықтары айрықша орын алары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет