#шебердіңқолыалтын
3-модуль. АКТ құралдары
39
https://wizer.me/
WIZER.ME
Wizer.me тегін, қолдануға оңай, тапсырмалар мен жаттығулары
бар, соның ішінде бейнеролик
негізінде әзірленген, интерактивті
жұмыс парақтарын жылдам жасауға арналған жылдам құрал.
Интерактивті жұмыс парағы (ИЖП) дегеніміз мұғалімнің
бұлттық сервистер мен веб-құралдардың көмегімен білім
алушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың сандық құралы.
Wizer қашықтан оқытуда оқушылардың үй
жұмыстарын
орындау, сыныпта компьютер мен интерактивтік тақтада тиімді
жұмыс істеу мақсатында интерактивті жұмыс парақтарын
құрастыруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Wizer-де интерактивті тапсырмаларды бірнеше жолмен
құрастыруға болады.
•
ашық жауабы бар сұрақ;
• жауапты таңдау мүмкіндігі бар умен сұрақ (балама тест);
• бейнероликке, суретке комментарий жазу;
• сәйкестік тестілері;
• сәйкестендіру/реттілікті
анықтау тапсырмалары;
• кестені толтыру;
• мәтіндегі бос орындарды толтыру;
• суретке түсініктеме толтыру;
• бос орындарды толтыруды көздейтін сандық диктант.
Бейнероликтер мен суреттерді орналастыруға және оларға
жазбалар немесе оқушыларға арналған тапсырмаларды бекітуге
болады.
Wizer-де жасалатын барлық дүниені
оқушылар Google Класста
қолдана алады. Не болмаса оқушыларға сілтеме жібере салуға болады.
Бұл қызметтің үлкен артықшылығы — жұмыс парағына енгізуге
болатын суреттер және бейнероликтермен жұмыс істеуге арналған
үлкен мүмкіндіктер.
Сервис платформасында дидактикалық материалды құрастыру
бойынша педагогтердің бірлескен қашықтан жұмысын ұйымдастыру
мүмкіндігі бар.