3 осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес



Дата08.07.2016
өлшемі111.5 Kb.
#185544

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551


I. «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, блок «А» (анықтама телефондары 8 (7172) 74-08-13, 74-08-99, e-mail: kadry.kerkging@energo.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Экологиялық сараптма және рұқсаттар басқармасының басшысы (санаты С-3, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басқару; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау; экологиялық рұқсаттарды алуға берілген өтінім материалдарын қарау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;экологиялық сараптама қорытындыларын дайындауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру; белгіленген тәртіпте Комитетке келісуге енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің тексерістерге, оның ішінде Комитеттің аймақтың органдарын белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер негізінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және экологиялық рұқсаттар алу материалдарын қарастыру мәселелері бойынша тексеруге қатысуын ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техника ғылымдар және технологиялар немесе құқық, немесе жаратылыстану ғылымдар саласындағы («Экология», «Биология», «Химия» мамандықтары бойынша) жоғары білім. Құзыреттері бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Мемлекеттік метрологиялық-талдамалы бақылау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала қүтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2017 жылғы 5 наурызға дейін).

Функционалды міндеттері: Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау;белгіленген тәртіпте Комитетке келісуге енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Комитеттің аумақтық органдарының талдамалы бақылау бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету және қызметін үйлестіру; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-аналитикалық бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығының бақылаудағы тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын ұйымдастыру; құзыреті шегінде Комитеттің өңірлік органдарының қызметін тексеруге қатысу; қоршаған ортаны қорғау саласында зертханалық-аналитикалық бақылау бөлігіндегі өлшемдерді орындау стандарттары мен әдістерін қарау және келісу; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техника ғылымдар және технологиялар, немесе білім беру («Химия», «Биология» мамандықтары бойынша), немесе жаратылыстану ғылымдар («Химия», «Биология», «Экология» мамандықтары бойынша) саласындағы жоғары білім. Құзыреттері бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкерлің оқу демалысы кезеңіне 2018 жылғы 17 ақпанға дейін).

Функционалды міндеттері: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау бойынша жұмыстарды жүргізу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу; құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарын тексеруді ұйымдастыру және атсалысу; құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу; Комитет басшылығының бақылаудағы тапсырмалары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды ұйымдастыру; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге шағымдарды қарау; өз құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік инспекцияның жұмысы туралы есептерді қабылдау және тыңдау; ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдық, жыл қорытындысымен қарамағындағы есеп беретін органдардың бақылау-инспекциялық қызметін талдауға және жинақтауға атсалысу;құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техника ғылымдар және технологиялар, немесе құқық, немесе ауылшаруашылық ғылымдар, немесе жаратылыстану ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.Құзыреттері бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет