3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
деген сұрақтарға да жауап іздеуде. Олай болса, дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, 
оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Бүгінде дидактика білім мен білім беру проблемаларын қарастыратын педагогиканың 
мәнді саласы. Білім беру мен оқыту теориясы - дидактика – білім алушыларды оқыту 
заңдылығын, педагогтың оқытушылық әрекетін, оқу үдерісінің мәнін, принциптерін, 
мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырылуын сипаттайды.
Дидактика үшін білім мазмұнын құру және меңгертуді ұйымдастырудың 
психологиялық 
алғышарттарын 
ашып 
көрсететін 
психологтар (Н.А.Менчинская, 
П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) еңбектері үлкен маңызға ие болды. Алдыңғы 
қатарлы тәжірибені, соның ішінде жаңашылдық тәжірибені (Ш.А.Амонашвили, 
В.Ф.Шаталов және т.б.) талдап қорытындылау белгілі бір рөл атқарды.
Дидактика – бұл теориялық және сонымен бірге нормативті-қолданбалы ғылым. 
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі оқытудың нақты үрдістерін зерттеумен, 
оқытудың әр түрлі жақтарының фактілері мен заңдылықтарын құрумен, олардың мәнін 
ашумен, тенденцияларын және даму перспективасын айқындаумен сипатталады. Алынған 
теориялық білімдер оқыту практикасына бағыттауға мүмкіндік береді. Сондықтан, 
дидактика білім мазмұнын таңдау мәселесін қарастыра, оқыту қағидасын, оқыту әдістері мен 
құралдарын қолдану нормативтерін қалыптастыра отырып, нормативті-қолданбалы, 
конструктивті-технологиялық қызметтер атқарады. Осы қызметтердің бірлігінде дидактика – 
оқыту үрдісінің мәнін түсіну, оның білімдік, тәрбиелік және дамыту қызметтерін жүзеге 
асыру.
Оқыту үрдісі берілген жағдайда оқыту үрдісінің өзгерісін болжау мүмкіндігінің 
дәрежесін ұсынатын дидактикадағы статистикалық заңдарды меңгеруді негіздейтін 
педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогикаішілік (сыныптың құрамы, оқу 
материалының өзгешілігі) сияқты көптеген факторлардың әсерін байқайды.
Дидактиканың кейбір заңдары обьектінің бастапқы күйі оның келесі өзгерістерін 
анықтайтын динамикалыққа жатады. Дидактикалық заңдылықтардың өзіндік ерекшелігі 
білім мазмұны, оқыту мен үйрету арасындағы байланысты сипаттайды. Дидактикалық 
заңдылықтар жеке оқу пәндерінің мазмұнына тәуелді емес.
Оқыту үрдісінің зеңдылықтары – құбылыстар мен үрдістер арасындағы, оның 
дамуын сипаттайтын объективті бар, қажетті, өзіндік, қайталанатын байланыстар.
Жалпы заңдылықтар: оқыту үрдісі қоғамның қажеттілігімен дәлелденеді; ол білім 
беру, тәрбиелеу және дамыту үрдістерімен байланысты; оқыту үрдісі білім алушылардың 
нақты оқу мүмкіндіктері мен олардың сыртқы жағдайларына тәуелді; оқыту және оқу 
үрдістері заңды түрде өзара байланысты; оқыту мазмұны оның міндеттеріне байланысты, 
қоғамның қажеттілігін, ғылымның даму деңгейі мен логикасын көрсетеді; оқыту әдістері мен 
құралдары және оқуды ынталандыру, оқу әрекетін бақылау және өзін-өзі бақылауды 
ұйымдастыру білім мазмұны мен міндетіне тәуелді; оқытуды ұйымдастыру формасы 
оқытудың міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне тәуелді; оқу үрдісінің барлық 
заңдылықтары мен компоненттерінің өзара байланысы сәйкес келген жағдайда оқытудың 
тұрақтылығын, нәтижелердің саналылығы мен әрекеттілігін қамтамасыз етеді.  
Кез келген оқытуға тән заңдылықтар қандай формада туындаса да көрінеді: оқу 
үрдісі білім беруші мен білімалушының мақсаттары сай (ұқсас, тепе-тең емес) келгенде, 
оқытушының іс-әрекеті оқытылатын материалды меңгеру тәсіліне сай келгенде өтеді; 
индивидті сол немесе басқа да іс-әрекетке мақсатты үйрету оны осы іс-әрекетке 
қатыстырғанда қол жеткізіледі; оқыту мақсаты, оның мазмұны мен әдістері арасында 
тұрақты тәуелділік бар: мақсат мазмұны мен әдістерін анықтайды, сңғысы мақсатқа жетуді 
қамтамасыз етеді.
Дидактиканың негізгі категорияларына жатады: оқыту, үйрену, оқу, білім беру, білім, 
білік, дағды, сонымен бірге оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру, түрі, формасы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет