3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
болады. Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы
жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын 
қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек
меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнің өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны 
жетілдіретін анық қылықтар, қол жеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады.

Дүниетанымның жалпы құрылымы: 


 
4-модуль. Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 
 
10-дәріс. Оқыту үдерісінің маңызы. 
Жоспары: 
1. Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
2. Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Я.А.Коменскийдің 
педагогикалық теориясы.
3. Дидактиканың негізгі категориялары. Дидактика - жеке әдістеменің негізі.
4. Оқыту үрдісінің мәні. Оқытудың әдіснамалық негізі. Оқытудың мақсаты мен 
міндеттері.
5. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары.
6. Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік
тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту үрдісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.  
Дәрістің негізгі мазмұны 
 
«Дидактика» ұғымы грек тілінен аударғанда «didaktikos» - «үйрету» (поучающий), 
«didasko» - «зерделеуші» (изучающий), оқыту, үйрету деген мағына береді. «Дидактика» 
ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс философы әрі педагогы Вольфтанг Ратке 
(Ратихия) (1571-1635), ол бұл ұғымды еңбектерінде оқыту өнерін белгілеу үшін қолданды. 
Дидактиканы «бәрін барлығына жан-жақты оқыту өнері ретінде» Ян Амос Коменский де 
қарастырған. Жалпы дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-
1670) болып табылады. Оның 1657 жылы шыққан «Ұлы дидактика» атты кітабында оқыту 
мақсаты, әдістері, принциптері, сыныптық-сабақтың жүйе туралы айтылған.
Я.А.Коменский кезінен бастап дидактика оқушыларға «нені оқыту керек?», «не үшін 
оқыту керек?» және «қалай оқыту керек?» сұрақтарына жауап іздейтін ғылыми білім жүйесі.
Ратихия кезеңінен бастап дидактиканың негізгі міндеттері проблеманы шешу: «нені 
және қалай оқыту»; бүгінгі ғылым сондай-ақ, «қашан», «қайда», «кімді», «неге оқыту» қажет 
Дүниетаным
Білім 
Сенім 
Мінез – құлықтың
тетігі (тәжірибелік 
әрекеттер 
Қөзқарас (білімге 
байланысты 
қатынастар) 
Субъектінің 
шынайы дүниетанымдық ұстанымының бейнеленуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет