Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
-
білім беру құндылық ретінде;
-
білім беру жүйе ретінде;
-
білім беру процесс ретінде;
-
білім беру нәтиже ретінде.
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1. Білім беру мемлекетік құндылық;
2. Білім беру қоғамдық құндылық;
3. Білім беру жеке тұлғалық құндылық.
Білім беру саласының әр-бір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде
қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық
қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп
аталады. Парадигма ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін
зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында
мынандай кезеңдер байқалады:
- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,
- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
- ғылым саласындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Ал педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,
стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын қалыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер,
теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің
бағыттарын анықтайды. Мысалы: қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың
ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді,
шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға
қабілетті адам» парадигмасының ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша
адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол
жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен
практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұл адам
заман талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда.
Парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді.
Жаңа педагогикалық парадигмада «білім беру философиясы» деген ұғым кеңінен талқылануда.
Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы
жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім
берудің әлеуметтік ролінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму
бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы
қанағаттанарлық па?
Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі. Философия – грек тілінен аударғанда
(«филео» – «жақсы көру», «софия» – «ақылдылық») – адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты
дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия
ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде
қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді
философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский,
Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
1)
Білім беру философиясы – қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл
тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылықтарын негіздеу үшін жалпы философиялық
қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
2)
Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымының теориялық-
әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі.
|