3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
 
Кәсіп әр тұлға үшін өте маңызды, құнды іс-әрекет, кәсібі арқылы әр адам өзінің
даралығын, қайталанбастығын көрсете алады.
Педагогикалық 
кәсіпті 
жақсы 
меңгеру 
үшін 
психологиялық-педагогикалық 
басылымдармен, бұқаралық ақпараттық құралдармен тығыз таныс болған жөн, себебі оларда 
заманауи оқыту-тәрбиелеу мәселелері талқыланып көрініс табады.
Кәсіпке деген сүйіспеншілік жеке тұлғаның интуициялық сферасында туындайды. Ал 
егерде бұндай сүйіспеншілік болмаса, онда шығармашыл маман болуы да мүмкін емес.
Жас өспірім кезден бастап бала өзі туралы басқа адамдардың пікірін тыңдап, өзінің бір 
кәсіпке деген икемділігін аңғара бастайды. Педагог еңбегін оқушылар мектепте жүріп-ақ
қызығы мен қыйындығын, қыры мен сырын тани біледі. Сондықтан да олардың педагог кәсібін 
таңдауы кездейсоқ процесс болуы мүмкін емес. Бірақ кейбір зерттеушілердің пікірінше педагог 
мамандығын таңдаудың басқа да мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық ақыл-ой, қоғамдық 
және жеке мақсат. Оларды екі түрге ажыратуға болады:
1) айқын анықталған белгілі мотивтер (яғни бір нәрсені жақсы көру, оған деген ұмтылыс),
2) анық емес мотивтер (яғни мұнда негізгі себепті табу қиын). 
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауын анықтайтын мынандай 8 негізгі факторларды атап 
көрсетеді: Отбасының, үлкендердің көзқарастары; Құрдастарының көзқарастары; Мектептегі 
педагогикалық ұжымның көзқарасы (мұғалімдер, сынып жетекшісі т.б.); Жеке кәсіби және 
өмірлік жоспарлары; Қабілеттері және олардың байқалуы; Қоғамдық құрметке иеленуге 
талпыныс; Кәсіби іс-әрекет жайлы хабардар болуы; Бейімділіктер.
Педагог Б.Р. Айтмамбетованың пікірінше «адамның педагогикалық еңбекке бейімділігі – 
оның басқаға қамқоршы болуынан, адамды әрдайым қажет етіп, оған қуана алатынынан көрінеді. 
Баланың адамға қайырымды болуы, қолынан келгенше біреуге жақсылық жасау, адамға деген 
ерекше сүйіспеншілігі болуы сияқты қасиеттері отбасы, мектеп, мұғалім, қоғамдық орта арқылы 
дамып мұғалімдік мамандыққа деген икемділігі біртіндеп көрініп отырады. Сөйтіп адамның 
еңбек жолын айқындайды». 
Адамның бір кәсіпті саналы түрде таңдауы оның әлеуметтік құндылықтарына негізделеді. 
Педагогикалық қауымдастықты және жоғары оқу орындарын алаңдататын мәселе – 
педагогикалық мамандықты таңдаған студенттердің басым көпшілігінің бұл мамандыққа деген 
қызығушылықтарының төмен деңгейде болуы
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет