3. Сабақ анатомиясы


Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу)



бет2/2
Дата04.03.2024
өлшемі20.58 Kb.
#494142
түріСабақ
1   2
Күкірт диоксидінің өсімдіктердің морфо

Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу) — өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло Мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды. 19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясын ашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан жасуша туралы ғылым – цитология бөлініп шықты. Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады. Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ ҰлттықУниверситеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. ш-тарда пайдаланылады.
Сабақ анатомиясы
Сабақтың анатомиялық құрылысын талдау үшін, оның негізгі даму кезеңдерімен танысқан жөн. Өсу конусының астында, алғашқы жапырақтар түзілетін деңгейде, өркеннің осьтік бөлігінің орталығында және шетінде орналасқан клеткалар белсенді бөлінуін тоқтатып, өз көлемін ұлгайтьш, вакуольденеді. Міне осы аймақтардан келешекте алғашқы қабық және өзек дамиды. Олардың аралығында бірнеше қатар, көлденең кесіндісінде шеңбер тәрізді меристематика лық клеткалар сақталады. Алғашқы жапырақтар түбінен, шеңберлі меристемадан төмен, алғашқы түзуші ұлпа - прокамбий сілемі қалыптасады. Пайда болған прокамбий сілемі қарама-қарсы бағытга дамиды. Прокамбий сілемі доға тәрізді иілі, алғашқы қабықты кесіп өтіп, меристемалық шеңберге жақындайды Меристемалық шеңбер клеткалары бөлініп, прокамбийдің жаңа элементтерін қалыптастырады. Қосжарнақтыларда меристемалық шеңбер бірақ айналым прокамбий сілемін қалыптастырады . Прокамбий сілемдерінің аралығындағы меристемалық шеңбер клеткалары езектік сәуленің паренхималык. элементгеріне жіктеледі.Сабақтың төменгі бөліктеріндегі прокамбий клеткалары алғашқы флоэма жөне ксилема элементтеріне жіктеледі Флоэма ксилемадан бұрын прокамбий сілемдерінің сыртқы қатарынан, пайда болып, демек экзархты (грек, “жзо” -сыртынан, “архе”- бастамасы) ортаға бағытталып дамиды. Ксилема сол прокамбий сілемдерінің ішкі қатарынан пайда болып, демек эндархты (грек. “эндон”-ішінен), ортадан тебіле дамиды.Флоэма мен ксилема екі қарама-қарсы бағытта, бір-біріне ұмтыла қалыптасады. Пайда болу уақытысына, құрылымдық ерекшеліктеріне қарай алғашқы флоэмада прото- және метафлоэманы, ал алгашқы ксилемада прото- және метаксилеманы ажыратуға болады. Протофлоэма көдімгі ұзарған, жұқа қабықшалы, тірі клеткалардан, ал метафлоэма - електі түтіктен, серіктік клеткадан жөне паренхималык, элементтерден түрадыПротоксилема - түтіктен (трахеядан) немесе қабыргалары спиральді және інеңберлі қальщцаған трахеидгерден, метаксилема өткізгіш элементтері сатылы жөне тесікті (саңлаулы) түтіктерден түрады. Коллатеральды талшықты өткізгіш шоқты құраушы, алғашқы өткізгіш үлпалардың пайда болуымен, сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы аяқталады.Егерде, прокамбий меристемалық шеңбердің барлық қатарларында дамыса, онда перицикл қалыптаспайды. Сабақтың перициклден, өткізгіш үлпалардан және өзекген түратын ішке бөліпоның орталық цилиндрі немесе стеласы деп аталады. Өзек көпшілік жағдайда жұқа қабықшалы, кейде қабырғалары біршама қалықпаған паренхималық клеткалардан құрылады. Сабақтағы орталық цилинрдің жіктелуі оның сыртқы аймақтарының анатомиялық қүрылысының қалыигасуымен қатар жүреді.Өсу конусының сыртқы қатарының клеткалары бөліне келе алғашқы жабындық ұлпа - эпидерма түзеді. Эпидерма мен перицикл аралыгыңдагы клеткалар қатары алғашқы қабықты құрайды.
3.Күкірт диоксиді және өсімдік
Күкірт — бұл элемент өсімдіктерге қажетті негізгі элементтердің біріне жатады. Күкірт өсімдікке негізінен сульфат күйінде енеді. Өсімдік ұлпаларындағы мөлшері онша көп болмайды – 0,2-1% шамасында. Бұршақ тұқымдастар, әсіресе крестгүлділер, басқа мөлшерге қарағанда, күкіртті көбірек қажет етеді. Өсімдіктерде күкірт сульфат күйінде кездеседі. Өсімдікке сінген күкірттің азғантай бөлігі тамырда қалып, негізгі көп бөлігі тамырдан трансперация ағынымен ксилемаға, одан жас, өсіп тұрған органдарға ауысадыда зат алмасу процесі енеді.Жапырақтан сульфат және тотықсызданбаған күкірт флоэма арқылы төмен де, жоғарыда өсімдік бойына тарайды.Өсімдік дәнінде күкірт көбінесе органикалық қосындылар күйінде кездесіп, тұқым өнген кезде ішін ара тотыққан күйге ауысады. Күкіртпен қамтамасыздығы нашар өсімдіктер амин қышқылдарының, белоктардың синтезделуі, фотосинтез, өсу процестері төмендейді.
Ауыр металдар (Zn,Cu) мен күкірт тотығы (SО2) ағаш жапырақтарында жүретін метоболизм процестеріне ингибитор ретінде әсер етеді. Орталық Европаның орман массивтерінің 23% дефолияциямен бүлінген (интенсивтілігі 25%). Қылқан жапырақтыларға қарағанда емен сияқты жапырақты ағаштар көп зардап шеккен.Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы әр түрдің өз ерекшелігіне байланысты. Зерттеулер бойынша мыс балқыту өндірісіне жақын аймақта топырақ пен өсімдіктерге ауыр металдардың мөлшері бақылау аймағымен салыстырғанда өте жоғары. Мыстың мөлшері 12 есеге дейін, ал басқа элементтердің мөлшері 2-5 есеге дейін артады. Сонымен қатар, мырыштан басқа ауыр металдардың мөлшері топырақта өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Алайда, топырақта ауыр металдардың мөлшері 2-3 есе артса, олардың өсімдіктердегі мөлшері 5-6 есе артады. Статистикалық талдау қорытындысы бойынша, топырақ пен өсімдіктер арасында тура корреляциялық байланыс бар.Зиянды қалдық заттардың вентиляциялық таралу аймағында жапырақтардың және барлық өсімдіктердің морфопатогенезі байқалады. Жапырақтардың зақымдануы формасы мен түсі өзгерген некроз түрінде, сонымен қатар, хлороз, сарғаю, тургорлық қасиетін жоғалту, түсі өзгермей құрап қалу, өзгеріссіз немесе болмашы ғана сыртқы зақымданудан соң түсіп қалуымен байқалады. Күшті ластану аймақтарында өндірістік шаң да өсімдіктерге айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Шаңның ірі бөлшектері (5-10м/км) өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелеріне механикалық түрде әсер етеді. Шаң бүршік, гүл, жапырақты зақымдаумен қатар (кескілеумен) ағаш қабығын да зақымдап, оның жарылып, аршылып қалуына себепші болады. Қабығы аршылған ағаш организміндегі суынан айрылып, қурай бастайды, калийдің қызметі бұзылады, яғни жалпы өсімдіктер организмінің тіршілік қабілеттілігі төмендейді .
Қорытынды
Жалпы күкірт дикосиді өсімдіктерге зияны жоғары екені белгілі.Бірақ күкірт дикосидінің үй өсімдіктерінің өліп қалуынан сақтайды. Жалпы күкірттің өсімдіктерге қажеті туралы күкірт, қалай көрінуі мүмкін, адамдарға зиян келтіруі мүмкін жағдайлармен байланысты. Оның қауіптілігі тек осы элементте ғана емес. Ол басқа заттармен араласқан кезде қауіпті болады. Күкірт - бұл металл емес химиялық элемент екенін білеміз, ол ғасырлар бойы көптеген мақсаттарда қолданылған.Көрнекті адамдар қатарында біз мылтық пен сіріңкені қолдануды немесе тыңайтқыштар мен дақылдардың компосттарының бірі болуды топтастырамыз. Сілтілі топырақты түзету ұсынылады. Егер сілтілі топыраққа күкірт қоссақ, қышқылдық дәрежесін жоғарылатуға болады. Жақсы жағдайда өсу үшін қышқылды рН қажет ететін өсімдіктер бар.Ол көбінесе фунгицид ретінде әрекет ету қабілетінің арқасында органикалық ауыл шаруашылығында жиі қолданылады. Фунгицид - бұл дақылдарға шабуыл жасайтын және дақылдарды бұзатын саңырауқұлақтарды жоюға көмектесетін элемент. Әрине, сіз ғимараттардың бұрыштарынан күкірт көргенсіз. Әдетте бұл ит зәрінің қалдықтарын жою үшін қолданылады, сондықтан саңырауқұлақтар мен бактериялар бұл аймақта көбейе бастайды. Сонымен қатар, бұл иттердің зәр шығару үшін сол бұрышты қайта пайдалануына жол бермейді.Көптеген саңырауқұлақтар шабуылдайды ылғалдылық олар үшін қолайлы болған кезде дақылдар. Осылайша, күкіртті қолдану арқылы біз осы саңырауқұлақтардың дамуы үшін қолайлы жағдайларды азайта аламыз. Күкірттің тиімділігін талдайтын көптеген тәжірибелер мен зерттеулер бар. Осы зерттеулердің арқасында бүгінде оның ең қауіпсіз элементтердің бірі екендігін және оны дақылдардың барлық түрлерінде қолдануға болатындығын растауға болады. Бұл алма мен алмұрттың кейбір түрлеріне тек кері әсер етуі мүмкін. Қалғаны дәнді дақылдар, жүзім, сәндік өсімдіктер және т.б. Күкіртті пайдалануға рұқсат етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Уикипедия
2. Мухитдинов.Н.М,БегеновӘ.Б,Айдосова.С.С.ӨСІМДІКТЕР МОРФОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АНАТОМИЯСЫ 162,166 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет