7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, клиникалық терминдердің құрамындағы терминбөлшектерінің орны мен мағыналарына, терминдердің талдануы мен құрастырылуына көңіл бөлінеді.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14мин(15% )
1. Терминология, термин туралы түсінік.
2. Медицина терминологиясы.
3. Зат есім, оның құрылымы.
4. Сөз құрамы, оның бөліктері: түбір, түбір алды қосымшасы (приставка – префикс), жұрнақ (суфффикс), жалғау.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Сөзжасам деп жаңа туынды сөздердің тудырушы негіздерге приставкалар, жұрнақтар қосылу немесе бірнеше тудырушы негіздер қосылуы арқылы жасалынуы айтылады. Мысалы: vertebra (зат есім) – омыртқа, ал vertebralis (сын есім) - омыртқалық, бұл жерде түбірге (vertebr-) –al- жұрнағы жалғанып, жаңа сөз пайда болады; os (зат есім) – сүйек, ал interosseus (сын есім) – сүйек аралық, түбірге os, ossis n – oss – inter – приставкасы және -е- жұрнағы қосылып, туынды сөз жасалады.
Одан басқа екі немесе бірнеше сөз негіздері (сөздері) қосылу арқылы күрделі сөздер жасалынады. Оларды құрайтын бөліктерден жалпы термин мағынасын шығаруға болады. Мысалы: bronchoscopia: bronch+scop(ia) – бронхоскоп аспабы арқылы бронхтардың ішкі бетін қарау; gastrotomia: gastr+tom(ia) – асқазанды тілу.
Клиникалық терминдердің құрылымында грек сөз бөліктері көбіне дауысты –о- арқылы, ал латын сөз бөліктері –і- арқылы қосылады. Дауысты –о- және –і-интерфикстер деп аталады (байланыстырады). Мысалы: грек cardiographia – жүректі рентгенмен зерттеу (card+graphia), бірақ латын vivification – тірі жасау, тірілту (viv+ficatio)
Терминдерде дене бөлігі, мүше атауы алдына қойылады, ал қалыпсыз жағдай немесе іс-әрекет атауы термин соңына қойылады.
Мысалы: neuralogia – нерв ауырсынуы; osteopathia – сүйек ауруы, gastroscopia – асқазанды қарау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |