Шынжырлы берілістер соңғы кезде машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылып келеді, қазірдің өзінде біздің елде жылына 230 миллион метрге жуық шынжыр мен 50 миллинға жуық жұлдызшалар жасалынса, оның орта есеппен 80%-ті ауыл шаруашылық машиналарында пайдаланылады. Тек қана бір комбайнда, мысалы, «Нива»-да 14 шынжырлы беріліс кездеседі, ал оларды қазір Ростсельмаш заводы жылына 100 мыңнан аса шығаруда. Сондай-ақ, шынжырлы берілістер транспорттық машиналарда да кеңінен таралған. Жеңіл автомобильдерде қолданылатын шынжырлы берілістер минутына 600-дай айналу жылдамдығын беріп көптеген жылдар жұмыс істейді.
Шынжырлы беріліс жетекші және жетектегі жұлдызшалардан және оларды қамтитын шынжырлардан тұрады.
1 сурет. Шынжырлы беріліс: а) роликті шынжырмен; б) тісті шынжырмен
Шынжырлы берілістердің артықшылықтары: тісті берілістерге қарағанда, шынжырлы беріліс қозғалыс пен қуатты алыс қашықтықтарға бере алады; белдікті беріліспен салыстырғанда шынжырлы берілістердің көлемі аз болады (бірдей қуатты беру үшін); қозғалыспен күшті бірден бірнеше жұлдызшаларға бере алады; пайдалы әсер коэффициенті жоғары; шынжырды оңай және тез ауыстыруға болады; шынжырлар алдын ала тартуды қажет етпейді, сондықтан біліктерге аз күш түседі.
Кемшіліктері: жұмыс кезінде топсалардың тозуынан шынжыр қадамы ұлғаяды және осы топсаларды майлау қиын; белдікті беріліске қарағанда бұл беріліс, біліктерді жоғары дәлділікпен орнатуды қажет етеді; шынжыр қозғалысының жылдамдығы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болады.
Шынжырлы берілістер әсіресе ауыл шаруашылық, транспорт машиналарында, жүк көтергіш машиналарда жиі қолданылады.
Шынжырлы берілістің негізгі элементтері
Достарыңызбен бөлісу: |