3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау



бет6/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

,

  • ,

  • ,

  • ,

  • ,

  • ,

  • ,

  • ,

  • Бұрандалы қосылыстар жалпы мағлұматтар

    Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка – бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька – екі жағы да бұрандалы сырық.

     Бұранда

    Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді. Цилиндрлі бұранда көп таралған. Конусты бұрандалар көбінесе тұрбаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді.

    Бұрандалар профилі бойынша үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, жұмыр және т.б. болып бөлінеді.

    Винт сызығының бағыты бойынша оң және сол  бұранда болып бөлінеді. Оң бұрандада винт сызығы солдан оңға қарай жоғары, ал сол бұрандада оңнан солға қарай жоғары жүреді. Оң бұранда кеңінен таралған. Сол бұранданы арнайы жағдайларда ғана колданады.

    Бұранда сызықтарын өзара параллель  етіп бірнешеуін қатар жүргізуге  болады және ондай бұрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына байланысты бір кірісті, екі кірісті, үш кірісті және т.б. болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады. Барлық бекіту бұрандалары бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк көтеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді.

    Бұрандаларды дайындау әдістері.

    1. Бұранданы кескішпен (метчик, плашка) қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.

    2. Бұранданы кескіш арқылы темір жонатын немесе арнаулы болт өңдейтін станоктарда дайындауға болады.

    3. Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады (жүріс және жүк винттері, біліктердегі бұрандалар және т.б.).

    4. Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда кесіледі. Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты қозғалыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, винттер, гайкалар және т.б.).

    5. Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.

    6. Сығу әдісі. Жұқа қабырғалы қаңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жасалатын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

    Бұранданың параметрлері мен оның дәлдік шектерінің өлшемдері стандартталған.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет