Бұрандалардың негізгі түрлері.
Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай бекіту бұрандалары және қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар болып бөлінеді.
Бекіту бұрандалары бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі үшбұрышты етіп жасалады. Бекіту бұрандалары: метрлік – негізгі бекіту бұрандасы; Трубалы бұрандалар – төбелері мен ойықтары дөңгелетілген үшбұрышты; жұмыр ағаштарға арналған винттердің бұрандасы.
Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүріс бұрандалары): тікбұрышты трапециялы симметриялы, трапециялы симметриясыз, немесе сүйеніш.
Бұрандалардың профилін таңдап алу. Көптеген факторлармен анықталады, олардың ішіндегі маңыздылары беріктік, технологиялылық және бұрандадағы үйкеліс күштері. Айталық, мысалы, бекіту бұрандасының беріктігі және бекіту бөлшектерін өздігінен бұралудан сақтандыру үшін үйкеліс күштері жоғары болуы керек.
Қозғалыс немесе күш беретін бұрандаларда тозуды азайтып, п.ә.к. көтеру үшін үйкеліс күштері аз болуы керек. Беріктік олар үшін көп жағдайда винт жұбының өлшемдерін анықтайтын басты критерий болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |