3-сынып Оқу сауаттылығы 1-нұсқа Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс


-тапсырма.Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсіндірер едің?



бет11/14
Дата01.03.2024
өлшемі180 Kb.
#493512
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
3-4-сынып оқу сауаттылығы 1-2-нұсқа (5)

5-тапсырма.Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсіндірер едің?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4- сынып Оқу сауаттылығы
1 мәтін
Көмек
Қарлығаштар жылы жақтан қайтып келіп,ауылда ұя сала бастайды.Ал ақ тамақ қарлығаш мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде құнысып отыр екен.

  • Сен неге бүйтіп отырсың?- деп сұрайды бір көршісі.

  • Алыстан ұшып келе жатқан жолымда,бұршақ жауған күні суық тисе керек, бойым дел-сал, сүйегім сырқырайды, - деп, ақ тамақ қарлығаш көзіне жас алады.

  • Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмассың...

Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаштарды жинап алады да, ақ тамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.
Ақ тамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн-жұрқа, бірі сазбалшық, енді біреулері жіптей жіңішке шөпшек әкеледі. Нақ біреу бұйрық бергендей, бәрі тізіле шұбап, дамыл таппай, қайта-қайта қатынайды. Ә дегенше ақ тамақтың ұясы әзір болады.

  • Сіз ұяға жатып қалсаңыз, тағы суық тиер, - деп, бір-екеуі түлеп түскен мамықтарын әкеп төсейді. Достарының көмегіне риза болған ақ тамақ:

«Көп түкірсе – көл» деген осы екен ғой, - деп, жылы оранып,ұясына жата кетеді.
М.Әлімбаев
1. мәтіннен «бүрісіп» деген сөздің синонимін тап.
А) Қауымдасып
Ә)үрпиіп
Б)құнысып
В)оранып
2.Қарлығаштар жылдың қай мезгілінде ұшып келеді?
А)қыста
Ә) жазда
Б)күзде
В)көктемде
3.Мәтіндегі негізгі идея
А) Қарлығаштардың ұшып келіп ұя салуы
Ә)Қарлығаштардың бір –біріне көмек қолын созуы.
Б)Ақ тамақ қарлығаштың ауырып қалуы
В)Қарлығаштардың қауымдасып бір жаққа ұшып кетуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет