4.Мәтіндегі мақалды тауып жазыңыз:
5.Батырдың бойындағы ерлік пен батырлық ұғымдарының мәнін қалай түсінесіздер?
А. Адам бойындағы мақтаншақтық
В. Адам бойындағы төбелеске құштарлық
С. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау
Д. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау
Е. Елі үшін, жері үшін ешқашанда тайынбайтын, тайсалмайтын, халқы үшін құрбан болуға дайын,үлкен рух.
2-мәтін
Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім. Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісіненасып, көзден ғайып болды. Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |