Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды құрайды. Бұл дегеніміз банкғ жүйесіндегі төлем қаблетсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. - Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды құрайды. Бұл дегеніміз банкғ жүйесіндегі төлем қаблетсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді.
- Мысалын егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме?
- 1988 жылы Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзінде енгізілді.
1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің ҚҰБ пруденциялық норматив қатарына пайдалануда. - 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің ҚҰБ пруденциялық норматив қатарына пайдалануда.
- Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі екі элементті қамтиды: негізіг және қосымша капитал.
- Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: 1 деңгейлі капитал және 2 деңгейлі капитал.
- 1 деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
- 2 деңгейлі капиталға: несиелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықышылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
5. Коммерциялық банктердің акционерлік капиталының құрамы. - 5. Коммерциялық банктердің акционерлік капиталының құрамы.
- Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атадйы. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқы беретін бағалы қағаз.
- Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әртүрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
- а) меншікті акционерлік капитал, яғни жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
Достарыңызбен бөлісу: |