1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
2-НҰСҚА
1-тапсырма. Суретте берілген ақпаратты "ПОПС формуласымен" түсіндіріңіз.
2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді жазып шығыңыз.
Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Ғалымдар қазір адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен судай өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға бодандық ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зұлымдығы мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында қате отырудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырында ғаламторсыз өмірімізді елестету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуелділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз.
|
«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі 1-нұсқа Биоалуантүрліліктің азаюы
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең алдымен, көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір-біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы уақытта 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. П.Ревелль мен Ч.Ревельдің болжамы бойынша, алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі- тропиктік ормандарды мекендеушілер. Түрлердің санының күрт төмендеуі мен жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ, бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану, содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр. Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. (210 сөз).
2-тапсырма. «Жер-Ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз.. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі жеткізіңіз. Сөз саны 90-100.
Достарыңызбен бөлісу: |