300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Кейінгі оқиғаларды есепке алу



бет27/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
! $ 07

14-параграф. Кейінгі оқиғаларды есепке алу

134. Мемлекеттік аудитор аудиторлық есептің (қорытындының) күнінен кейін қаржылық есептілікке қатысты қандай да бір аудиторлық рәсімдерді орындауға міндетті емес. Алайда, егер аудиторлық есептің (қорытындының) күнінен кейін, бірақ қаржылық есептілікті ұсыну күніне дейін немесе күнінен кейін мемлекеттік аудитор аудиторлық есепті (қорытындыны) өзгертуге әкелетін қандай да бір факт туралы білсе, сондай-ақ ол туралы аудиторлық есептің (қорытындының) күнінде білсе, мемлекеттік аудитор:


а) осы мәселені аудит объектісінің басшылығымен және қажет болған жағдайда басшылық өкілеттіктер берілген тұлғалармен талқылауы;
б) қаржылық есептілікке қандай да бір түзетулер енгізу қажет пе және егер болса,
в) аудит объектісінің басшылығынан осы мәселені қаржылық есептілікте қалай көрсетуге ниетін анықтауы керек.
135. Егер аудит объектісінің басшылығы оны шығарған күннен кейін қаржылық есептілікті пайдаланушыларды хабардар ету үшін қажетті шараларды қабылдамаса, сондай-ақ мемлекеттік аудитор мұндай өзгерістер қажет деп санаған жағдайда қаржылық есептілікке өзгерістер енгізбесе, аудит объектісінің басшылығын және басшы өкілеттіктер берілген тұлғаларды аудит объектісінің қаржылық есептілікті және ол бойынша аудиторлық есепті (қорытындыны) оған қажетті өзгерістер енгізілгенге дейін үшінші тұлғаларға беруге тиіс еместігі туралы хабардар етуі тиіс. Егер кейіннен қаржылық есептілік қажетті өзгеріссіз үшінші тұлғаларға берілсе, мемлекеттік аудиторға мұндай үшінші тұлғалардың ақаулы қаржылық есептілікке және ол бойынша аудиторлық есепке (қорытындыға) сүйенбеуі үшін қажетті шаралар қолдану қажет.

15-параграф. Аудит барысында анықталған бұрмаланушылықтарды бағалау

136. Мемлекеттік аудитор анықталған бұрмалаулардың аудит процесіне және аудит объектісінің қаржылық есептілігіне әсерін бағалаған жөн.


137. Бұрмалауға қатысты мемлекеттік аудитордың аудит объектісінің іс жүзіндегі қаржылық нәтижелеріне бұрынғысынша сәйкес келетініне көз жеткізу мақсатында олардың маңыздылығына жеке немесе жиынтығында бағалау жүргізуі керек.
138. Басшы өкілеттіктер берілген тұлғалар бұрмалаулар туралы және мұндай бұрмалаулардың жеке-жеке немесе жиынтығында аудиторлық есепте көрсетілген пікірге әсері туралы хабардар етілуге тиіс. Аудиторлық есепте мемлекеттік аудитор операциялардың тиісті сыныптары, шоттар сальдосы немесе тиісті ашулар бойынша елеулі бұрмалауларды жеке көрсетуге тиіс.
139. Аудит барысында мемлекеттік аудитор анықталған бұрмалауларды жинақтауы тиіс.
140. Мемлекеттік аудитор аудит жоспары мен бағдарламасын қайта қарау қажеттілігінің бар-жоғын анықтауы тиіс:
а) анықталған бұрмалаулардың сипаты және олардың пайда болу жағдайлары аудит барысында жинақталған бұрмалаушылармен жиынтығында елеулі болуы мүмкін өзге де бұрмалаулардың болуы мүмкін екендігін көрсетеді;
б) аудит барысында жинақталған бұрмалаулар жиынтығы рәсімдік стандарттың 5.5-бөліміне сәйкес белгіленген мәнділік деңгейіне жақындайды.
141. Мемлекеттік аудитор аудит барысында жинақталған барлық бұрмалаулар туралы, егер бұл заңнамамен немесе нормативтік құқықтық актілермен тыйым салынбаған болса, аудит объектісі басшылығының тиісті деңгейін уақтылы хабардар етуі тиіс.
142. Қаржылық есептілікке бұрмалаулардың әсерін бағалау алдында мемлекеттік аудитор бұрынғысынша аудит объектісінің нақты қаржылық нәтижелеріне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін рәсімдік стандарттың 5.5-бөліміне сәйкес мәнділік деңгейін қайта қарауы қажет.
143. Мемлекеттік аудитор бұрмалаулар елеулі болып табылатындығын анықтауы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік аудитор мынадай мәселелерді қарауы қажет:
а) операциялардың нақты сыныптарына, шоттар сальдосына немесе ашуға қатысты да, тұтастай алғанда қаржылық есептілікке қатысты да бұрмалаулардың мөлшері мен сипаты, сондай-ақ осындай бұрмалаулардың пайда болуының ерекше жағдайлары;
б) алдыңғы кезеңдерге байланысты бұрмалаулардың операциялардың тиісті сыныптарына, шоттар сальдосына немесе ашуға, сондай-ақ тұтастай қаржылық есептілікке әсері.
144. Мемлекеттік аудитор аудит объектісі басшылығының және, қажет болған жағдайда, басшылық өкілеттіктер берілген тұлғалардың бұрмалаулардың әсерін тұтастай қаржылық есептілікке тән емес ретінде қарастыратыны туралы жазбаша ұсынымын сұратуға тиіс.
Қаржылық есептілік аудиті шеңберінде сәйкестік аудиті және ішкі бақылау тиімділігін бағалау бойынша қосымша рәсімдер жүргізілген жағдайда, жоғарыда көрсетілген түсіндірмелер бір құжатта жасалуы мүмкін.
145. Мемлекеттік аудитор аудиторлық құжаттамаға мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
а) төменде бұрмалаулар болмашы ретінде қарастырылатын сома;
б) аудит барысында жиналған барлық бұрмалаулар, сондай-ақ олар түзетілуі мүмкін бе;
в) мемлекеттік аудитордың бұрмалаулар елеулі болып табылатыны және осы шығару үшін негіздер туралы қорытындысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет