300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Аудиторлық есепке түсіндірме параграфын енгізу



бет31/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
! $ 07

4-параграф. Аудиторлық есепке түсіндірме параграфын енгізу

172. Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған мәселеге пайдаланушылардың назарын аудару қажет деп есептесе, оның кәсіби пайымдауы бойынша пайдаланушылардың қаржылық есептілікті түсінуі үшін аса маңызды болып табылады, онда мемлекеттік аудитор түсіндірме параграфты қаржылық есептілікте Елеулі бұрмаланулар болмайтындығына жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлел алған жағдайда аудиторлық есепке (қорытынды) енгізуі тиіс. Мұндай параграф қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған ақпаратқа ғана қатысты болуы тиіс.


173. Егер мемлекеттік аудитор аудиторлық есепке (қорытындыға) түсіндірме параграфты енгізсе, ол:
а) оны пікір білдіретін параграфтан кейін бірден аудиторлық есепте (қорытындыда) орналастыруы;
б) «Түсіндірме параграф» тақырыбын немесе басқа тиісті тақырыпты пайдалануы;
в) параграфқа пайдаланушылардың назарын аударатын сұраққа және қаржылық есептілікте осы мәселені толық сипаттайтын тиісті ашылуларды табуға болатын нақты сілтемені енгізуі;
г) пайдаланушылардың назарын аударатын мәселеге қатысты аудиторлық пікір модификацияланбағанын көрсетуі керек.
Аудиторлық есепте (қорытындыда) назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер туралы параграфтар
174. Егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша аудитті пайдаланушылардың мемлекеттік аудитордың міндеттерін немесе аудиторлық есепті (қорытындыны) түсіну үшін маңызды болып табылатын қаржылық есептілікте көрсетілгеннен немесе ашылуынан басқа қандай да бір мәселе туралы хабарлау қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор мұндай мәселені аудиторлық есепте (қорытындыда) «Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер» тақырыбында немесе басқа да тиісті тақырыпта параграфта ұсынуы тиіс. Мемлекеттік аудитор аудиторлық есепке (қорытындыға) осы параграфты пікір білдіретін параграфтан және кез келген түсіндірме параграфтан кейін немесе аудиторлық есептің (қорытындының) басқа бөлігінде, егер назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер туралы параграфтың мазмұны есептілікті ұсыну жөніндегі өзге де міндеттердің бөліміне қатысты болса, бірден енгізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет