36 Дәріс. Autocad жұмыс ортасын орнату


Сурет 15.7. Мəтін стилін – өлшем сандарын анықтауға арналған терезе



бет2/3
Дата24.01.2024
өлшемі417.95 Kb.
#489811
1   2   3
36 Дәріс. AutoCAD жұмыс ортасын орнату

Сурет 15.7. Мəтін стилін – өлшем сандарын анықтауға арналған терезе

Бұдан əрі нысандар модельдерінің жаңа файлдарын бос үлгітүрдің, ал сызбалар файлдарын - А4, A3, А2, А1 пішімдерінің үлгітүрлері негізінде құруға болады. Осы үлгітүрлерде алдын ала жасалған барлық баптаулар жаңа файлдарда қолжетімді болады. Бұл əрбір жаңа сызбаны құру кезіндегі уақытты үнемдейді, яғни үлгітүрлерде «пайдалы» жəне жиі қолданылатын баптаулар неғұрлым көп жасалған болса, сызбаны құрған кезде соғұрлым көп уақыт үнемделеді.


Графикалық примитивтерді құру. Графикалық примитивтерді құруға арналған пəрмендер негізінде Сызу мəзірінде жəне Сызу құралдар тақтасындағы батырмалармен көрсетілген. Сол пəрмендерді қарастырайық.
1. Line пəрмені — кесінді құру. Кесіндіні енгізген кезде ол қай нүктеден (Frompoint) қай нүктеге дейін (Topoint) жүргізілетіні бойынша сауалдарға жауап беру керек. Екіден артық нүктелерді тізбектеп салған кезде алдыңғы сызықтың соңы келесі сызықтың басы болып табылады. Тінтуірдің оң батырмасын немесе кетікті басу арқылы Line режимін болдырмауға болады.
2. Pline пəрмені — сынық сызықты — ең əмбебап жəне икемді объектіні құру. Сынық сызық бір немесе бірнеше сегменттерден тұрады. Сегмент ретінде кесінді немесе доға қолданыла алады. Əрбір сегменттің бастапқы жəне ақырғы ені болады. Ені нөлге тең емес сынық сызықтар боялған күйде немесе тек контурмен бейнеленеді (Fill пəрменін қараңыз). Бірінші нүктені енгізгеннен кейін сынықтың ағымдағы енін (бірінші сегменттің бастапқы енін) кірістіру сұранысы, содан соң келесідей шағын пəрмендері бар сыбыр шығады:
Arc— келесі сегмент — доға; Close— сынықты тұйықтау; Half— еннің жартысын ұсыну;
Length— сегменттің ұзындығын ұсыну;
Undo— кері қайтару (соңғы пəрменді болдырмау);
Width— енді ұсыну;
— сынықтың келесі шыңын ұсыну (тура сызықты сегменттің немесе доғаның соңы).
Pline пəрменіі бойынша құрылған сынық сызық 15.9 суретте көрсетілген.
3. Point пəрмені — нүктені ұсыну.
4. Circle пəрмені — шеңберді құру.
5. Arc пəрмені—төмендегі шағын пəрмендерді пайдалану арқылы доғаны құру:
3 point— үш нүкте бойынша; End— ақырғы нүктені ұсыну; Start— бастапқы нүктені ұсыну; Center— орталықты ұсыну; Length of chort— хорда ұзындығы;
Angle— бұрыш.
6.TEXT пəрмені — мəтін жолын құру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет