36 Дәріс. Autocad жұмыс ортасын орнату



бет1/3
Дата24.01.2024
өлшемі417.95 Kb.
#489811
  1   2   3
36 Дәріс. AutoCAD жұмыс ортасын орнату


36 Дәріс. AutoCAD жұмыс ортасын орнату

AutoCAD жұмыс ортасын баптау деп мыналырды түсінеміз:



  • Құралдар тақтасын баптау;

  • Мəзір жүйесін баптау;

  • Жұмысты басқару пəрмендерінің көмегімен жұмыстың қажетті тəртібін таңдау.

Жұмыс ортасының параметрлері (құралдар тақталарынан басқасы) сызбаның файлында сақталады.
AutoCAD жұмыс ортасын жаһандық баптауды өте сирек – жүйені баптау кезінде жəне оны автоматтандырылған жобалау мен өндірістің толассыз жүйесінің құрамында объектілерді мамандандырылған жобалауға баптау кезінде жүргізеді.
Жұмыс ортасын баптауға қажетті файлдарды (мысалы, орыс тіліне лайықталған қаріптер файлдарын), блоктар кітапханасын жəне модульдерін жобалаудың нақты саласы үшін Лисп тілінде орнатуды жатқызуға болады. Үлгітүрлерді қолданған жағдайда жұмыс ортасының барлық бапталуы жаңа сызбаларға солардан өткізіледі жəне жұмыс барысында қажет болған жағдайда тек жеке параметрлерді өзгертеді.
Үлгітүрді (үлгітүрлерді) баптау. Үлгітүрлерді баптау мезгілді түрде жүзеге асырылады: AutoCAD жүйесін компьютерге орнатқаннан кейін жəне жаңа үлгітүрлерді құру қажеттілігі болған жағдайда.
Үлгітүрлерді компьютерге орнатудың ең оңай жолы – өзге дереккөздерден дайын үлгітүрлерді c:\Program files\AutoCAD 2000\Template бумасына қайта жазу.
Сызықтардың, өлшемдердің, мəтіннің пішімін анықтайтын бос үлгітүрді құру ұсынылады. Үлгітүрді құрған кезде сызықтардың түрлерін орнату үшін төмен түсетін мəзірдің Пішім*Сызықтар стилі пəрмені қолданылады. Бұл ретте төменде көрсетілгендердің соңғы екеуіне масштабтық коэффициентті (əдетте 0,2) орната отырып, сызықтың үш түрін белгілеген жөн – тұтас сызық, штрих сызық жəне осьтік сызық.
Мəтіннің стилін редакциялау үшін Пішім*Мəтін стилі пəрмені қолданылады. Оның көмегімен МЕМСТ-қа сай биіктігі 3, 5, 7, 10 мм жаңа қаріптерді құрайды. Əр стиль үшін қаріптің файлын (мысалы, gostw.shxили Arial), таңбалардың көлбеулік бұрышын жəне биіктігін көрсету керек. Мəтіннің стилін анықтауға арналған терезе 15.6 суретте көрсетілген.
Өлшемнің стилін редакциялау үшін мəзірдің Пішім*Өлшемнің жаңа стилі пəрмені қолданылады. Оның көмегімен өлшемді сандар, сызықтар, нұсқарлардың түрі, өлшемді сандардың орналасуы (Орналасуы бетбелгісінің көмегімен), Шақтама пішімі (Шақтама бетбелгісінің көмегімен) пішімдейтін мəтіннің стилін анықтайды (сурет 15.7, 15,8).
Содан соң 1 мм мəтін координаттарын байланыстыру қадамын баптау қажет, 10 мм торды жəне End, Mid, Cen нысандық байланыстардың жиі қолданылатын режимдерін орнату керек.
Одан əрі құрылған бос үлгітүрді GOST.dwtв папке c:\Program files\AutoCAD 2000\Template атауымен сақтау қажет.
Бос үлгітүрдің негізінде жаңа сызбаны құрған кезде Line жəне Text нысандарын қолдана отырып, негізгі (штамп) жəне бүйір жазулардың суретін салуға болады. Оларды тиісінше пайдаланушының бөліміндегі файлдарда сақтау керек, мысалы, shtamp1.dwgи shtamp2.dwg деген атпен.
Содан соң бос үлгітүрдің негізінде ГOCT-A4.dwg жаңа файлын құрып, онда жақтауды салып, shtamp1.dwgи shtamp2.dwg блоктарын қойып, жаңа үлгітүрді ГOCT-A4.dwgв файлында c:\Program files\AAutoCAD 2000\Template бумасында сақтауға болады.
Дəл солай A3, A2, A1 пішімді үлгітүрлерді де құруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет