4-6 І. Тұздың адам өмірінде алатын орны



бет5/7
Дата20.05.2024
өлшемі38.27 Kb.
#501535
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба Тұздың құпиясыАхмад

1.2 Тұздың ағзаға пайдасы



  1. Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады. Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы. Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы. 2. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
    3. Іштің ауруы ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
    4. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады Сөйтіп үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.
    Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.






    1. Тұздың көптеген пайдалы тұстары

Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен:

  • Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.

  • Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз.

  • Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз: жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды)

  • Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді.

  • Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.

  • Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі.

  • Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

  • Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.

  • Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

  • Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.

  • Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.

  • Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

  • Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.

  • Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.

  • Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

  • Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.

  • Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады. [1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет