4-6 І. Тұздың адам өмірінде алатын орны



бет7/7
Дата20.05.2024
өлшемі38.27 Kb.
#501535
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба Тұздың құпиясыАхмад

Қорытынды
Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі, оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мүмкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз» кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен, бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый». Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік. Жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырып, денесінің пісіп-жетілуін жақсартудан бастап, тұздың өмірімізде алғашқы күндерден-ақ қажетті екенін анық байқауға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған
2.Дүниетану : жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 4-сыныбына арналған оқулық /Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова.-Алматы : Алматыкітап баспасы,2014.-132б.,сур. ISBN 978-601-01-1710-5
мәлімет, Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997, Қазақ энциклопедиясы I том
3. География және табиғат /Ғылыми педагогикалық журнал/қаңтар-ақпан
4. Мұхиттар мен өзендер –Алматы: «Аруна » баспасы.-32 бет.-Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» ISBN 9965-26-441-4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет