5) Бронх демікпесі+
42. 39 жастағы әйел адам түнгі уақыттағы жөтелге, мұрын бітелуіне, көз жасаурауына щағымданды. Жусан гүлдеуіне аллергиясы бар.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы қақырық анализінде ЕҢ жоғарылауы мүмкін?
1) Эпителий
2) Эозинофильдер+
3) Лейкоциттер
4) Эритроциттер
5) Пневмококктар
43. 45 жастағы ер адамға бронх демікпесі диагнозы қойылды. Пикфлоуметрия көрсеткіштері ПСВ ≥ 80% қалыптыдан, ПСВ айырмашылығы 20% аз.
Осы науқастың көрсеткіштері (ҚР ДМ,2019ж) бронх демікпесінің диагностикасы және емінің клиникалық хаттамасының қандай ауырлық дәрежесіне БАРЫНША сәйкес келеді?
1) Интермиттирлеуші+
2) Персистирлеуші жеңіл
3) Персистирлеуші орташа
4) Персистирлеуші ауыр
5) Өте ауыр
44. 55 жастағы әйел адамға бронх демікпесі диагнозы қойылды. Пикфлоуметрия көрсеткіштері ПСВ 60-80% қалыптыдан, ПСВ айырмашылығы >30%.
Осы науқастың көрсеткіштері (ҚР ДМ,2019ж) бронх демікпесінің диагностикасы және емінің клиникалық хаттамасының қандай ауырлық дәрежесіне БАРЫНША сәйкес келеді?
1) Интермиттирлеуші
2) Персистирлеуші жеңіл
3) Персистирлеуші орташа
4) Персистирлеуші ауыр+
5) Өте ауыр
45. 52 жастағы ер адам қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейін күшейетін тыныштық жағдайдағы ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде: соңғы 10 жылда таңертеңгі уақыттағы тұрақты жөтел мен қақырық бөлінуін байқаған. 30 жыл бойы шылым шегеді. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, перкуторлы өкпе дыбысы қораптық. Аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, тыныс шығару ұзарған, таралған құрғақ сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ негізделген?
1) Спирометрия+
2) Пикфлоуметрия
3) Пульсоксиметрия
4) Кеуде торының рентгенографиясы+
5) Компьютерлік томография
46. 45 жастағы ер адам Созылмалы обструктивті өкпе ауруы диагнозымен. Спирометрия жүргізгенде ӨТС(ЖЕЛ) – 85%, ФТШК1(ОФВ1) - 60%, индекс Тиффно -68%.
Берілген спирометрия мәліметтері қандай ауырлық дәрежесіне ЕҢ сәйкес келеді?
1) Жеңіл
2) Орташа+
3) Орташа ауыр
4) Ауыр
5) Өте ауыр
47. 62 жастағы ер адам, жүргізуші, 40 жыл бойы шылым шегеді. Ентігуге, күні бойына болатын шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
1) СОӨА+
2) Бронхит
3) Пневмония
4) Өкпе ісігі
5) Плеврит
48. 62 жастағы ер адам, жүргізуші, 40 жыл бойы шылым шегеді. Ентігуге, күні бойына болатын шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Болжама диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы.Спирометрия жүргізілді.
Төменде көрсетілген спирометрия көрсеткіштерінің ЕҢ мүмкін төмендейтіні қайсысы?
1) Өкпенің тіршілік сыймдылығы
2) Максимальды көлемді жылдамдық (МОС25)
3) Максимальды вентиляция
4) Тыныс көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |