4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні


Проблемалық ситуацияларды қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері



бет10/14
Дата12.05.2023
өлшемі63.18 Kb.
#473644
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
В.А.Сухомлинскийдің ойынша баланы қолдау үшін педагог өзінің бойында балалық сезімін сақтауы керек

Проблемалық ситуацияларды қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері:

  • мұғалім оқушыларды қарама-қайшылыққа қарай алып келіп, оны шешудің тәсілін өздеріне табуға ұсынады;

  • практикалық іс-әрекет қарама-қайшылықтарымен кездестіреді;

  • бір сұраққа әртүрлі көзқарастарды баяндайды;

  • сыныпқа құбылыстарды әртүрлі тұрғыдан (мысалы, командир, заңгер, қаржыгер, педагог) қарауға ұсынады;

  • оқушыларды салыстыру, талдап қорыту, жағдайдан қорытынды шығаруға, фактілерді сәйкестендіруге түрткі болады;

  • нақты сұрақтар қояды (талдап қорытуға, негіздеуге, нақтылауға, ойлау логикасына);

  • проблемалық теориялық пен практикалық тапсырмаларды анықтайды;

  • проблемалық міндеттерді тұжырымдайды (мысалы, жеткіліксіз немесе артық бастапқы мәліметтері бар, сұрақ қойғанда белгісіздік, қарама-қайшы мәліметтері бар, әдейі жіберілген қателері бар, шешу үшін берілген уақыты шектеулі, «психологиялық инерцияны» жеңуге арналған және т.б.).



7-дәріс
Тақырыбы: Интерактивті оқыту технологиясы
Оқыту әдістері – бұл оқу процесіндегі білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасын бейнелейтін формалар мен тәсілдердің жиынтығы.
Оқытудың алғашқы пайда болғаннан бүгінгі күнге дейін білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесуінің үш формасы орнығып, кеңінен таралды. Көрнекі болу үшін оны төмендегі сұлбалармен көрсетейік.

1 -сұлба (енжар әдіс)

2 -сұлба (белсенді әдіс)

3 -сұлба (интерактивті әдіс)



Сұлбалардан көріп отырғанымыздай оқыту әдістерін үш топқа бөлуге болады:
1. Пассивті (енжар) әдістер;
2. Активті (белсенді) әдістер;
3. Интерактивті әдістер.
Пассивті әдіс – бұл оқытушы негізгі әрекет етуші және сабақ барысын басқарушы тұлға болып табылатын білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасы. Онда білім алушылар тек пассивті тыңдаушы болады. Білім алушылар мен оқытушы арасындағы байланыс тек сұрау, бақылау және өзіндік жұмыстар, тестілер арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар тұрғысынан бұл ең тиімсіз әдіс болып табылғанымен, оның өзіндік жақсы жақтары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет