4. ДӘрістер тезистері


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары



бет8/14
Дата03.02.2023
өлшемі247.5 Kb.
#469085
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
лекция матер инклюзия

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
• білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
• оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
• оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
• қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
• мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
• білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
• Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
• Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
• Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
• Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы:
ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.;
ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;
ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;
2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы. Республикада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы білім берудің ыңғайластырылған желілері бар. 39 арнайы балабақша және 315 арнайы топта мектепке дейінгі жастағы шамамен 10 мың бала тәрбие мен білім алуда. 106 арнайы (түзеу) мектепте және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1219 арнайы сыныпта негізгі 8 түр және типтері бойынша шамамен мектеп жасындағы 25 мың бала оқиды. Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) мәліметі бойынша республикамызда 2013 жылдың басында 53258 мүгедек бала тіркелген, оның ішінде 8796 үйде оқитын оқушы (2010 ж. - 7898 бала, 2011 ж.- 8527 бала). Көру, есту, тірек-қимыл аппараттары, күрделі сөйлеу бұзылыстары және психикалық дамуы кенжелеп қалған балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Көзі нашар көретін оқушылар Брайль шрифт көмегімен жазылған, ұлғайтылған шрифті оқулықтар бойынша оқытылады. 2013 жылдың басында 127 арнайы оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді. Олардың ішінде арнайы мектер үшін – 116, арнайы балабақшалар үшін – 11 бағдарлама қолданыста.
ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу процесінде арнайы мектептерге арналған 161 оқулықтардың атауы және 136 оқу-әдістемелік құралын әзірлеп, қолдануға рұқсат етті. Олардың ішінде 105 атау қазақ тілінде, 192-і орыс тілінде.
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең мүмкіндік беру үшін жергілікті атқарушы органдар 2235 жалпы білім беру мектептеріне жағдай тудыратын болады: 2011 жылы — 768 мектеп, 2012 жылы — 1068 мектеп, 2013 жылы — 1462 мектеп, 2014 жылы — 1846 мектеп және 2015 жылы - 2235 мектеп.
2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы — 2726 мектепте, 2017 жылы — 3217 мектепте, 2018 жылы — 3708 мектепте, 2019 жылы — 4199 мектепте, 2020 жылы — 4690 мектептерде өседі.
Жалпы балабақша санынан 2020 жылға қарай балабақшаларда кедергісіз орта тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту жүйесі болып табылады.
Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерлік-техникалық кешенмен, бағдарламалар-мен, сонымен қатар Интернет желісіне қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары).
2011 жылдың басында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйде оқитын мүгедек-балалар, жеке білім алу марштрутынан табысты өту үшін, бағдарламалық- техникалық құралдармен жабдықтауға 4 млрд. 170 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға ынталандыру үшін 43% арнайы білім беруді ұйымдары, оның ішінде мультимедиялық оқыту (Eduplay, Multikid, Sound beam) жүйелерімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 пайызында интерактивті тақта орнатылған. Көру қабілеті бұзылған балаларға 46 тифлокешенді компьютер алынды.
Арнайы мектептердің шамамен 95 пайызы интернет желісіне қосылған. Арнайы білім беру ұйымдарының 41 пайызы логопедтік тренажерлармен, 327 пайызы есту сөйлеу тренажерлерімен жабдықталған.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушы мүгедек балалардың саны 1650 адамды құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсу барысында мүгедектерге 0,5 пайыз қабылдау квотасы белгіленген.
Қазіргі уақытта Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кадрлық даярлау жеңіл мамандықтар бойынша жүргізіледі: «әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері»; «сылақшы–майлаушы», «ағаш ұстасы», «ауылшаруашылық техникасының темір ұстасы–жөндеушісі», «автомеханик», «аспазшы», «тігін өндірісі және киімді модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру», «тамақтануды ұйымдастыру», «емдеу ісі», «аударма ісі», «іс қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйе» және т.б. І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 1 пайыз көлемінде қабылдау квотасы қарастырылған. Бұрын бұл квота 0,5 пайызды құрайтын.
2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде белгіленген квота шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды.
Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығында-ғы) балалар ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік стипендия алады.
Сондай-ақ, мүгедектер білім алып жатқан жоғары оқу орындарында олардың еркін кіруі үшін (пандус) жағдай жасалады, арнайы оқу құралдары пайдаланылады.






9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет