4. ДӘрістер тезистері


Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу



бет4/14
Дата03.02.2023
өлшемі247.5 Kb.
#469085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
лекция матер инклюзия

Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.

Мүгедек балалар мен МШ балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан.


Қазақстанда МШ 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 МШ бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – көрмейтін және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – естімейтін мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК) қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған.
Алайда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды шешілуден көш алыс.
Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін жете ескермейді.
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше жетіспейді.
Дене бұзылысымен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі мүмкіндігі шектеулі балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда мүмкіндігі шектеулі балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күші әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Көрмейтін музыкант» деген шығармасында көрмейтін баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындалып отыратындықтары туралы жазады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері көрмейтін адамдардың сипау сезімі мен естімейтін адамдардың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді.
Осы мәселеге естімейтіндердің қабілеті сау адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады, ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Естімейтін адам көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский. Көрмейтін адамның сипау түйсігінің жақсы жетілуі және естімейтін адамның көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Көрмейтін адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың көрмейтіндерді оқыту жөніндегі педагогі. Көрмейтіндер үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан бастап көрмей қалған. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқандай айырмашылығы жок. Есту қабілеті зақымданған балалар тәрбиесіндегі күрделі мәселе педагогиканың қиын да, әрі қызықты тармашның бірі. Көрмейтін адамдарға қарағанда есту қабілеті зақымданған тұлғалар өмірге араласуға және оны тез танып білуге бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі өз денесін еркін билеп, әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-әрекеті денісау адамдардікіндей болуы. Есту қабілеті зақымданған балалар өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Есту қабілеті зақымданған балалар өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқаудың дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н.А.Попов айрықша атап көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі айтарлықтай қиындых. тудырмайды. Көру қабілеті зақымданған адамдардың айырмашылығы еңбектің, қандай түрі болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай. Сурдопедагогика осы уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык және есту қабілеті зақымданған балалар тәрбиесіне мүмкіндігі шектеулі тұлға деп санап, оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі. Өмірдің келешегін ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы. Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі. Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет