4 Экономика (технологиялық карталар,сызбалар,есептер)


Ойық катушканың полиэтиленді құбыр бойы әдісі бойынша қалпына келген болат газ құбырынан газ шығуын жою



бет14/20
Дата19.05.2022
өлшемі237.5 Kb.
#457613
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету диплом жұмысы

Ойық катушканың полиэтиленді құбыр бойы әдісі бойынша қалпына келген болат газ құбырынан газ шығуын жою


Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Болат газ құбыры аймағын топырақтан және кесу орындарында оқшаулауынан тазалау. Болат газ құбырының кесу аймағының ұзындығын белгілеу. Белгіленген сызық бойынша болат газ құбырын кесу. Кесілген аймақты бойлай екі бөлікке бөлу және оржолдан алып тастау. Полиэтиленді құбырдың газ шығу орнын анықтау. Полиэтиленді құбырдың кесу аймағын белгілеу. Белгіленген аймақты кесу және оржолдан алып тастау. Уақытша бекіткіштер орнату. Жаңа полиэтиленді құбырдан балқыту үшін 500 мм, 50 мм құбыр диаметрі үшін 200 мм ұзындықта катушка қию. Уақытша бекіткіштерді алу. Газ құбырын дәнекерлеу машина қысқыштарын және катушканың тоғысқан жерін бекіту, орталықтандыру, құбыр шетін келтіру, катушкалардың газ құбырымен немесе жылытқышты муфталармен тоғысқан жеріне дәнекерлеу жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте қолмен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.

Жасанды мата жеңі бойы әдісі бойынша қалпына келген болат газ құбырынан газ шығуын жою


Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырының зақымдалған аймағын топырақтан тазарту. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу және кесу орындарын оқшаулаудан тазалау. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Уақытша бекіткіш орнату. Жаңа болат құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Қолданыстағы газ құбырынан уақытша тығын қию. Газ құбыры шетінен 300 мм ден кем емес трубаның ішкі бетінен маталық шлангтті қабаттау жүргізу. Балқытып біріктіруге газ құбыры шеттерiн тазалау. Газ құбыры тесігіне катушка орнату, орталықтандыру және газ құбырын катушкамен тоғыстырып дәнекерлеу. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Балқытып біріктірілген тоғысқан жерлерді және шунтталатын ұстатқыш орнатылған орнын оқшаулау. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Қораптағы полиэтиленді газ құбырының төсемi аймағындағы газ шығуын жою
Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен котлован жасау. Котлованды газдылыққа тексеру. Котлованға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Котлованға түсу. Котлованды қолмен жетілдіру. Полиэтиленді құбырдың бетін тазалау. Қорап шеттерін герметикалау. Қораптан тыс полиэтиленді газ құбырының кесiндiсiн жүргізу. Қолданыстағы газ құбырларына уақытша тығындар орнату. Газ құбырының ауыстыру аймағын тарту құралына бекіту. Оржол шегіне ауыстыру аймағын қораптан тартып шығару және ауыстыру аймағының ұзындығын өлшеу. Полиэтиленді құбырдан өрімін қажетті өлшемде кесіп алу.Катушканың шетін дәнекерлеуге (орнату, майын кетіру) дайындау. Бір сағат бойына полиэтиленді өрімнің тығыз бекітілгендігіне алдын ала сынау жүргізу. Қорапқа бағыттаушы роликтер орнату. Қорапқа созуда құбырды механикалық зақымданудан сақтау үшін қорап шетіне қорғағыш полиэтиленді втулка қою. Қорап арқылы шыныпластикалық монтажды өзекше жүргізу. Тарту арқанын өзекке бекіту. Газ құбырының полиэтиленді өріміне тарту арқанын бекіту. Полиэтиленді өрімді қорапқа тарту. Газ құбырынан уақытша тығындарды алу. Құбырларды орталықтандыру және жылытқышты муфталар тоғысының монтажды дәнекерлеуін жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Қорап шеттерін герметикалау. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Газ құбырынан 0,25 м биiктiкте котлованды көму жүргізу. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет