«ШЫҒЫС ЕЛІ ТАРИХЫНЫҢ ІРГЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Жапония)»ПӘНІ
1. Ежелгі Жапонияның қоғамдық дамуы.
Қазіргі географиялық ортаның пайда болуы. Палеолит пен мезолит мәселесі. Неолит және металдың пайда болуы. Археологиялық ескерткіштер. Еңбек құралдары мен керамиканың дамуы. Рулық қатынастың ыдырауы. Ежелгі халық сенімдері. Салт-дәстүрлер мен нышандар. Ғұрыптық салттар мен діни жорылғылар. Мола қорғандарының мәні мен мүсіні. Шығу тегінің мәселелері. Ежелгі Жапония дамуының тарихи кезеңіндегі басқа мәдениеттердің рөлі.
2. Алғашқы аумақтық қауымдастықтардың пайда болуы (куни). Хат пен алғашқы жазбаша дерек көздер. Ямато мемлекетінің жаулап алуы. Яматай және Ямато кезеңдеріндегі құқық. Ежелгі жапон құқығының дереккөздері.
3. Ежелгі ортағасырлық Жапониядағы мемлекет.
Жапониядағы ежелгі феодалдық мемлекеттің құрылуы. Тайпалық одақтар арасындағы қатынастардың дамуы. Тайка төңкерісі. Фудзивара үйінің өрлеуі. Жер бөлу жүйесінің ыдырауы.
4. Буддизм мен мемлекеттегі идеология. Император институтының мемлекеттік басқаруда пайда болуы мен дамуы. Қауымдық аппарат. Мемлекеттік және жеке меншіктің құқықтық негіздері. Орталықсыздандыру факторлары. Мұрагерлік құқық формалары.
5. Дамыған феодализмнің ерекшеліктері (XII — XVII ғғ.).
Билікке талас және бакуфу үкіметінің қалыптасуы. Минамото және Ходзе үйлерінің билеуі. Дзеко бүлігі. «Сюго-дзито» феодалды-лендік жүйесі. Сеэн феодалдық жер иелігі. Хубилай әскерінің соғысы.
6. Асикага билігінің орнауы. Феодалдық бытыраңқылық. «Солтүстік және оңтүстік әулеттердің» күресі. Муромати кезеңіндегі өкілеттікті үйлестіру. Бакуфудың қаржылай және адами ресурстары. «Сюго» және «кокудзин» жергілікті өзін-өзі басқару түрлері. «Кубо» және «тандай» мемлекеттік қызметкерлердің рөлі. Шаруалардың наразылығы мен шаруа көтерілістерінің өсуі. Сюэн жүйесінің жойылуы. Сауда қатынастарының дамуы. Ортағасырлық Жапониядағы қалалардың дамуы.
7. Діннің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі.
Буддизмнің пайда болуы мен таралуы. Синтоизм мен буддизмге дейінгі Жапонияның көзқарас семантикасы. Синтоизм жапон құдайларының жолы ретінде. Буддизм мен синтоизм: синкретизм мәселесі. Дзэн-буддизмнің ерекшеліктері. Конфуцийшілдік пен Жапонияда оның таралуы. Діннің мемлекеттік басқарудағы рөлі. Ортағасырлық Жапония қоғамындағы діннің рөлі. Дзэндің монохромды сурет өнері.
Достарыңызбен бөлісу: |