4. Емтихан тақырыптарының тізімі «Академиялық мақсаттарға арналған шығыс (араб)тілі» пәні Академиялық қатынас



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі392.5 Kb.
#136442
1   2   3   4   5

1. Шығыс мемлекеттері мен қоғамдары.


Императорлық Қытай кезеңіндегі дәстүрлі мемлекет. Қытай мемлекетінің өзгеше тарихи ерекшеліктері. «Қытай спецификасы бар социализмнің» болашағы. Қытайлардың «ұлттық мінезінің» консервативті сипаты: конфуциандық авторитаризм, жанұя мен рулық қауымға табыну, қоғамдық иерархия, әлеуметтік тәуелділіктің табихилығын мойындау.

2. «Жабық есік» кезеңіндегі Қытай.

«Жабық есік» кезеңіндегі Қытай. Қытайдағы «өзін өзі күшейту» саясаты. Бюрократиялық қадағалау сауалдары. Чиң дәуіріндегі Қытай. Шэньши және мемлекет.

Өндірістік капитал кезеңінің отаршылығы. Отаршылық саясатқа қарсы Қытайдың наразылығы. «Жоғарыдан» жүргізілген реформа мен жаңарту саясаты.

3. Қытайдың дәстүршілдіктен қазіргі заманға өту үдерісі.

Дәуірлер қиысындағы мемлекет: дәстүршілділіктен жаңашылдыққа. Шығыс-Батыс дихотомиясының пайда болуы. Ұлттық ой-сананың ерекшеліктері. Отаншылдық және рухани мәдениет. Қытай тарихының эволюциясын айқындаушы рухани өзгерістер, жалпы ағымдар және «ұлттық» даму жолын іздестіру.



4. Екінші дүниежүзілік соғыс және оның Қытайдың кейінгі дамуына әсері.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қтайдың саясаты. Соғыстан кейінгікезеңдегі Қытайдың даму.



5. Әлемдік геосаясаттың Қытайға әсері. ХХ ғ. 90-шы жж. Әлем геосаясатының өзгеруі. АҚШ және еуропалық державалардың Қытайдағы саясаты. Әлем қауымдастығы және Қытай. Жаһандану және Қытай. Экономикалық жаһандану жағдайындағы мемлекет пен мемлекеттік институттар.

6. Қытайдың діни жағдайы.

Ежелгі Қытайдағы діни ілімдердің пайда болуы. Буддизмнің Қытайда таралуы және рөлі. Қытайдағы ислам дінінің жағдайы. Даосизм ілімдері. Қытайдағы діни синкретизм. Қытайдың қазіргі діни жағдайы.



7. Қытай өміріндегі конфуцийшілдік.

Қытай қоғамында конфуцийшілдіктің пайда болуына әсер тигізген саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Конфуцийдің этикалық-философиялық ілімі. Конфуцийшілдік пен «гуманизм» идеясы. Конфуцийдің билік туралы ілімі. Неоконфуцийшілдік. Бүгінгі қытай қоғамы және адам мәселесі. Мәдени революция кезіндегі конфуцийшілдікке қарсы саясат. Қытайдың әртүрлі тарихи дәуірлерінде орын алған конфуцийшілдіктің модернизациясы. Шығыстың басқа елдеріне конфуцийшілдіктің таралуы.



8. Шығыс елдерінің мәдениеті және мәдени дамуы.

Ежелгі Қытайдың рухани өмірі. Конфуцийшілдік, даосизм, буддизма арнасындағы қытай мәдениеті. Таң дәуіріндегі мәдени даму. Ортағасырлық мәдениет. Ксилография өнері. Ғылымдағы жетістіктер. Әскери өнердің дамуы. Халықтардың этникалық санасы. Өзара мәдени байланыстар. Қоғамдық идеал мәселесі. Қазіргі заман мәдениеті саласындағы қайта құрулар мен жетістіктер.



9. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ұлттық мәселелер.

Қытай және Еуропаның отаршылық саясаты. Қытайлықтардың ұлттық ой-санасы. Ұлт-азаттық күрес идеологиясы. Отаршылық саясатқа қарсы күресте ұлттық идеологияның рөлі. Құпия ұйымдар және олардың отаршылыққа қарсы қызметі. Метрополия – отар иелік. Отарланған және жартылай отарланған жүйе.



10. ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Ұлт-азаттық қозғалыстар және ХХ ғасыр басындағы революциялар мен қозғалыстар. Әлеуметтік-экономикалық артта қалушылықтан шығу үшін күшті билік құру жолындағы ХХ ғ. бірінші жартысында болған Қытайдағы революциялар.


11. Синьхай революциясынан кейінгі ұлттық мәселе.

Сунь Ятсеннің ұлттық мәселе бойынша ұстанымы. Гоминьданның құрылуы. Гоминьдан саясаты және оның нәтижелері.



12. Бүгінгі Қытайдағы ұлттық мәселелері.

Ішкі Моңғолия. Шыңжаң мәселесі. Тибеттің тәуелсіздікке ұмтылуы. Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс ұлттық аудандар. Тайвань мәселесі.

Этноконфессионалдық және әлеуметтік қақтығыстар. Экстремистік және террористік ұйымдардың қаупі. Қазіргі заман терроризмі және оның салдары. Жаһандану және халықаралық экономикалық интеграция кезеңіндегі ұлттық мәселелер.

13. Шығыс елдеріндегі әскердің рөлі.

Билік жүйесі және мемлекеттік құрылыс. Жеке тұлға мәселесі. Демократия. Қауіпсіздік мәселесі. Әскер және оның отаршылық саясатқа қарсы күрестегі рөлі. Милитаризация саясатыжәне оның салдарлары.

Әскер және диктатура. Әскери басшылардың қызметі. Шығыс елдердегі қарулы күштер және мемлекеттік төңкерістер. Территориалық жанжалдар және әскер мәні.

Әскер құрылысы мен техниканың қазіргі таңда жаңаруы. Қарулы күштерді қайта ұйымдастыру саясаты және әскери шығындардың көбеюі. Әскери-әуе күштері.



14. Шығыс халықтары және демографиялық мәселелер.

Дүниежүзілік демографиялық саясат. Қытайдағы демографиялық саясаттың тәжірибесі мен түрлері. Демография жайында қоғамдық ой-сананың эволюциясы. Демографиялық және әлеуметтік саясаттың сәйкестігі. Демографиялық үрдістерді қадағалаудың оң жақтары.

Қытай Халық Республикасы демографиялық мәселе. Демографиялық есеп пен жанұяны жоспарлау саясаты. Дэң Сяопин реформаларындағы халық санын азайту мәселесі

15. Қытай және миграция мәселесі.

Халықаралық миграция. Жалдамалы жұмыс күшінің белсенділігі. Халық қонысының тығыздығы. Әлеуметтік әділеттілік мәселесі.



16. Қытай және жаңа өзгерістер.

Ұлттық кіріс деңгейі және экономикалық өсу. Уровень национального дохода и экономический рост. ҚХР Конституциясына енген өзгерістер. ҚХР-дың «ашық саясаты» және әлем қоғамының ой-санасы.



17. Қытайдың экономикалық дамуы және аграрлық саясаты.

Қытайдың экономикасы және экономикалық дамуы. Экономикалық тәуелділіктен шығуда сыртқы факторлардың рөлі. Мұнай өнеркәсібінің дамуы. Энергетикалық тоқырау. Шаруашылықтың дамуындағы ерекшеліктер. Мемлекеттік сектордың рөлі. Өнеркәсіптің дамуы. Дүниежүзілік сауда ұйымы. Сыртқы сауданың дамуы. Сыртқы экономикалық бағыт. Қазақстанмен байланыс. Жаһандану мен интеграция кезеңіндегі Қытай экономикасы.



18. Қытайдың аграрлық саясаты.

Қытайдың аграрлық мәселелері. Өндіруші күштердің жағдайы. Өндіріс және қоғам. Жер және жұмыс күші ресурстарының сәйкестігі. ХХ ғ. Ауыл шаруашылық өндіріс. «Реформа және ашықтық» кезеңіндегі Қытай. «Қытай спецификасы бар социализмнің» болашағы.



19. Қытайдағы саяси үрдістердің ерекшелігі.

Билік жүйесі және мемлекеттік құрылым. Тұлға мәселесі. Демократия. Қытайдағы саяси үрдістердің ерекшеліктері. Дәстүрлі және постдәстүрлі қоғамдардағы саяси партиялардың өзгешелігі. Саяси модернизация және институционализация мәселелері.

Қытай мемлекетінің қазіргі институттарының қалыптасу ерекшеліктері мен дәстүрлі саяси мәдениеттің ықпалы. ҚХР саяси партиялары. Қытай Халық Республикасының саяси өмірінде коммунистік партияның ойнайтын рөлі. Қытай мекемелерінде вертикальді байланыстарының басым болуы және партикулярлық қатынастар («гуаньси»). «Стратагемді» саясаткердің ерекше типі.

20. Шығыс елдеріндегі партиялар мен саяси ұйымдар.

ҚХР-дың саяси партиялары. Қытай Халық Республикасының саяси өміріндегі Коммунистік партияның рөлі. Қытай басшылығындағы саяси өзгерістердің сыртқы индикаторлары. Патернализм мен непотизм орны.



21. Шығыс елдеріндегі мүдделік қақтығыстар және аймақтық жанжалдар.

Мәселенің қойылуы, теоретикалық негіздер, терминдер мен категориялар. Аймақтақ жанжалдардың таоихи алғы шарттары. Ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін әлемдік мүдделер тоғысында жатқан Орталық Шығыстың ерекше орны. Қытай мен Үндістаннан Кіші Азия және Еуропаға жалғасып жатқан сауда жолдарын бақылауға күрес. Жаңа кезеңдегі Шығыста империалистік державалардың жаһанды отарлық мүделері. Отарлық жүйенің құлдырауы және этника аралық пен мемлекет аралық келіспеушіліктер. Аймақтық жанжалдардағы діни фактор. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдеріндегі аймақтық жанжалдар –ұлттық тәуелсіздікке күресу кезеңі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең – Қырғи қабақ соғыстың басталуы. Ядролық қарудың таралуына жол бермеу мәселесі. Қазіргі кезеңде Шығыстағы аймақтық жанжадар және оларды шешу жолдары.

22. Шығыс елдеріндегі этникалық үрдістер және этностар.

Шығыс елдердегі этникалық мәселелер. Этникалық топтар және жанұяны жоспарлау саясаты. Қытайдағы таптар және әлеуметтік топтар. Жанұя эволюциясы. Халықтың антропологиялық құрамы. Жаңа қытайлардың расалық мінездемесі. Аймақтық этникалық топтар: солтүстік, оңтүстік және т.б. халықтар. Діни нанымдар. Салт-дәстүрлер. Тіл мәселесі. Аз ұлттар құқығы. Эмигранттар мәселесі. Этникалық мәселелерді шешу жолдары. Этникалық үрдістің тарихи аспектілері және мемлекеттік мәселелер.



23. Халықаралық аймақтық ұйымдар және олардың Шығыс елдерінің дамуындағы рөлі.

Халықаралық және саяси-экономикалық аймақтық ұйымдар және олардың қызметі. БҰҰ. АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) қызметі. Еркін сауда аймағының құрылуы. Аймақтық қауіпсіздік мәселесін шешу. Адам құқысын қорғау. Аймақтық институттар. Батыспен байланыс. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі. СВМДА (Азияда өзара сенім білдіру және әрекет ету кеңесі) және Қазақстан рөлі. Экологиялық мәселелер бойынша халықаралық ұйымдар.



24. Қытай және сыртқы әлем.

Қытай – Батыс. Қытай – АҚШ. Қытай – Латын Америка елдлері. Қытай – Африка континенті елдері. Қытай – ОША елдері. Қытай – Қиыр Шығыс елдері. Қытай – Орталық Азия.



25. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының ерекшелігі.

Қытай-қазақ өзара қарым-қатынастарының тарихы. Кеңестік дәуірдегі қазақ-қытай қатынасы. Бүгінгі Қазақстан-Қытай қатынасы. Мәдени, ғылыми, экологиялық және саяси байланыстар.



26.Алғашқы Қытай империялары: Цинь және Хань әулеттері

Алғашқы бір орталықтанған Қытай мемлекеті - Цинь әулеті (б.э.д. 221-207ж.). Алғашқы Қытай императоры Цинь Шихуанди және оның ішкі, сыртқы саясаты. Легизмнің мемлекеттің қалыптасыуындағы рөлі. Б.э.д. ІІІ-б.э.ІІІғ. Хань империясы. Батыс Хань (б.э.д.202-б.э 8ж) . Саяси және әкімшілік құрылымы. У-ди импертаордың «Алтын ғасыры». Шығыс Хань әулеті (25-220ж.). Шығыс Хань әулетінің ішкі және сыртқы саясаты. І-ІІ ғасырлардағы әлеуметті, этникалық және демографиялық процесстер. «Сары орамалдылар» көтерілісі және Хань әулетінің құлауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет