4 курс студенті Күнқожа Нияз Егенбердіұлына Мінездеме



Дата21.03.2024
өлшемі17.69 Kb.
#496249
озыме мынездеме




Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
Спорт және өнер факультеті
Дене тәрбиесі және Бастапқы әскери дайындық кафедрасы
Бастапқы әскери дайындық мамандығының
4 курс студенті Күнқожа Нияз Егенбердіұлына

Мінездеме

Күнқожа Нияз 2024 жылдың 5 ақпан айынан бастап, 30 наурыз айына дейін Алдаш Ерболаттың жетекшілігі бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Практика барысында Нияз педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның сынақ сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білді. Күнқожа Нияз өзінің сабаққа және балаларға деген көзқарасымен практика жетекшісімен және денешынықтыру пән бірлестігін риза етті. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Қарапайым әскери ұғымдарды қалыптастыру пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Нияз практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады


Келешекте Нияз өз жұмысын жақсы атқаратын жақсы әскери мұғалім шығады деп сенемін.

Мектеп-лицей директоры: Ж. Азретбергенова


Психолог: М. Абдукаримова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет