Жүйені қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру – ОЖ-нің ақауларының алдын алу әдістерінің бірі болып табылады. Құжаттардың және мәліметтердің жоғалуына жол бермейді. ОЖ-і сол кездегі қалпына белгілі бір уақытта келтіреді.
2. Компьютерге Windows 7 ОЖ орнату
Операционды жүйені орнатпас бұрын, шағын ғана дайындық жұмыстарын өткізу қажет. Операционды жүйені орнатайын деген бөлімнен барлық маңызды ақпаратты көшіріп алған дұрыс. Өйткені, бұл бөлім форматталу үрдісінен өтеді. Бұл ақпараттың жойылуына әкеледі. Әдетте, бұл C:\ бөлімі. Сондықтан, барлық маңызды ақпараттарды қатқыл дисктің басқа (мысалы, D:\) бөліміне немесе басқа компьютерге көшіріп алған жөн. Ақпаратты DVD дискілерге де көшіріп, жазып алуға болады. Сіз C:\ бөліміндегі ақпараттың жойылуын қаламайсыз ғой.
Әлі де мына маңызды заттарды есте сақтаған жөн. Windows 7-ні орнатпас бұрын, осы операционды жүйеге арналған барлық қосымша драйверлер мен бағдарламаларды сақтап алу керек. Windows 7 дистрибутивінде сіздің желілік құрылғыңызбен немесе Wi-Fi модеммен жұмыс істейтін драйверлер болмауы мүмкін. Егер оларды көшіріп алмасаңыз, операционды жүйені орнатқаннан кейін Интернетке шыға алмайсыз. Көңіл түсіретін жайт, рас емес пе? Сондықтан, бұларды алдын ала жазып алған дұрыс. Өзіңізге маңызды ақпаратты дискілерге немесе басқа компьютерге көшіріп болған соң, ОЖ орнатудың келесі қадамдарына өте беруіңізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |