4 СӨж ож аппараттық ЖӘне бағдарламалық Қамтаманы баптау. Аппараттық ҚҰрылғыларды қосу және баптау. Бағдарламалық Қамтама пакеттерін орнату және жаңарту. Windows іске қосу және баптау. Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ)



бет3/18
Дата02.01.2022
өлшемі1.31 Mb.
#454106
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
4 СӨЖ ОЖ-ны орнату бапатау

Қолданбалы программа деп әр түрлі құжаттарды немесе тікелей қолданушы ақпаратын өңдеуге арналған программалар жиыны: мәтіндік редактор, таблицалық процессор, деректер базасын басқару жүйесі, математикалық, физикалық, механикалық есептерді шығаруға арналаған программалар пакеті, графикалық арнаулы программалар.

Жүйелік программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:



  1. Операциялық жүйелер

  2. Утилиттер

  3. Сервистік программалар

Компьютердің барлық жұмысын басқаратын, қолданушы мен компьютердің арасында байланысты орнататын арнаулы программалар жиынын ОЖ деп атайды. ДК үшін кең тараған ОЖ-ге MS-DOS, WINDOWS, UNIX, MacOS жатады. ОЖ-лер көптеген қызметтер атқарады: ақпаратты дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларын өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді.

Утилиттер - компьютерге қосымша көмек көрсетуге арналған программалар: антивирустық, архиватор программалар, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программалар (тест программалары).

Сервистік программалар – әрбір адамның компьютермен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалық қамтамасыз ету белгілі бір программалық салаға бағдарланған қолданбалы программалар пакетін және пайдаланушының проблемалық программасын қамтиды.

Көптеген қолданбалы программалар пакетінің арасына мыналарды жатқызуға болады:


Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды жіктеудің әр түрлі әдістері бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы қолданбалы БҚ үш категорияға бөлінеді: жалпыға тағайындалған, арнайы тағайындалған және кәсіби БҚ. Жалпыға тағайындалған БҚ келесілерді жатқызуға болады: мәтіндік редакторлар, графиктік жүйелер, ДҚБЖ, интегралданған жүйелер. Арнайы тағайындалған БҚ келесілер жатады: авторлық жүйелер, эксперттік жүйелер, гипермәтіндік жүйелер, мультимедиялық жүйелер. Кәсіби деңгейдегі БҚ келесілер жатады: АРМ, ЖАЖ (САПР), АЖБ (АСУ), педагогикалық комплекстер, телекоммуникациялық жүйелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет