4 СӨж тақырыбы: Әл-Фарабидің негізгі философиялық трактаттарындағы бақыт ұғымы Орындаған



Дата02.02.2024
өлшемі78.39 Kb.
#490560
Елесбаева Айман срс4 философия


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Қаржы және есеп кафедрасы



«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
4 СӨЖ


Тақырыбы: Әл-Фарабидің негізгі философиялық трактаттарындағы бақыт ұғымы


Орындаған: «Қаржы» мамандығының
2 курс студенті
Елесбаева Айман
--------------------
Тексерген: Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
PhD доктор,
аға оқытушы Балабекұлы Д.


Алматы, 2022 ж
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім Бақыт туралы философиялық түсінік

  1. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарындағы бақыт

  2. Әл-Фарабидің негізгі философиялық трактаттарындағы бақыт ұғымы

  3. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарындағы бақыт ұғымы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамзаттың тарихи дамуы барысында бақыттың мәні мен оған жету жолдары адамды осы күнге дейін мазалап келеді, және соған байланысты әртүрлі көзқарастар, ілімдер қалыптасты. Бұған философиялық ойлау тарихында көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер кейбір ілімдерде тек бір адамның бақытына жету идеясы алға тартылса, ал басқаларында жалпы қоғамның бақыты туралы ой беріледі. Бұл тұрғыда адам бақытын жалпы адамзатпен үйлесімді көрген ұлы философ ғалым Әбу Насыр Фарабидің көзқарастары бақыт мәселесі мен қазіргі заманғы көзқарастардың өзіндік шешімімен ерекшеленеді. Ойшылдың өмірінің соңғы кезеңінде жазылған трактаттарда, олардың ішіндегі ең маңыздылары - "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат", "Қоғамды зерттеу кітабы", "ізгі ниет" және "Бақытқа жету туралы трактат.


Барлығымыз білетіндей, орта ғасырлық көрнекті ойшылдар, әсіре­се гуманитарлық ғылым саласы өкілдері өз шығармаларында адам баласының игілік­ке, ізгілікке қалай қол жеткізе алатыны туралы көп ойланып, толғанған. Олардың ішінде Отырар перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің жөні бөлек. Оның осы мәселеге қатысты, яғни бақыт туралы пайымдаулардан тұратын екі еңбегі бар. Алғашқы­сы «Китаб ат-танбиһ ала сабили ас-сағада» – «Бақыт жолын сілтеу жайлы кітап» деп аталса, екіншісі «Китаб тахсил ас-сағада» – «Бақытқа жету жайлы кітап» деген атаумен әйгілі. Әбу Насыр әл-Фараби адамды бақыт­қа не нәрсе жеткізеді деген сауалға жа­уап іздеген. Оның ойынша, адам ба­­ла­сы бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттар көп. Әуелі ол білімді, со­нан соң қанағат, қанағатшылық, ақыл-парасат, жақсы мінез-құлық, кі­ші­­пейілділік, (жаман сөз айтпау, зор­лық-зомбылық жасамау, отбасына жақ­­сы қарау, сауапты іс жасау) секілді этика ғылымына қатысты жайттарды сөз еткен. Сондай-ақ, ұстамдылық, сөз­ге тапқырлық, ысырапшылдық, жо­март­тық, рахат сезім деген не, абзал іс­тер, адам мақсатының түрлері, білім мен өнер, олардың түрлері, философия және оның түрлері, философ деген кім, оған қойылатын талаптар қандай, логика өнері, грамматика өнері секілді т.б. өзекті мәселелерді сөз еткен[1,97].
Ендігі кезекте осы жазылған еңбектердің әрқайсысы туралы тара­тыңқырап айтайық. Жалпы бақыт және бақыт жолына көңіл аударғанда Әбу Насырдың бұл мәселеге ғалым, үлкен парасат иесі ретінде қа­рап, оларды ғылыми тұрғыдан қарас­тырғандығын байқаймыз. Өз ойларын ежелгі грек кемеңгерлерінің тұжы­рым­дары мен айтқандары, түйген ойларына зер сала, ғалым ретінде терең ой жібере отырып зерделеуге тырысқан. Әбу Насыр адам бақыт биігіне жету үшін, соған жеткісі келетін кісіден сол жолды игерудің әдісі мен амалын табуды талап ететінін ескертеді де «алдымен ескертіп алайық, адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бө­лі­неді: артынан мадақтауға және жаз­ғыруға болмайтын жағдайлар және ма­дақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар» дейді. Сөйтеді де, «артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Нәтижесінде әрі мадақтарға, әрі жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол бақытқа жетеді» деп ой түйеді де осы екі жағдай­ды тізбелеп анықтама береді[5,34].
«Әл-Фараби этикасының ең жоғары категориясы – бақыт, өйткені басқа бір­деңе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың басына шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен этика, жалпы философиялық құрылым және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады. Өйткені фило­со­фия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлу­лығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды. Бұл дүниеде рахат деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін[2,74].
Жеке бас тұрғысынан қарағанда, ба­қыт дегеніміз әл-Фарабидің пікірінше, адамның адамгершілігіне негізделеді. Осы ұғымға, философиялық зеректік пен терең ақылдылық үстіне, жақсы мінез-құлық та кіреді. Ақыл-ой, адамгершілік этикалық-адамгершіліктен айырғысыз нәрсе: ақылды, демек, ол адамгершілігі мол, қайырымды адам. Жетілу үшін өзіңе өзің барынша адал болуың қажет, мұның әсіресе өз бойыңда бар абзал қасиетті тани білуге, соларға ие болуға және соны дамытуға қатысы бар[3,171][4].
Әбу Насыр әл-Фараби бақыт деге­ні­міз игілік дейді де, игілікті игіліктер ішін­дегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені санайды, солай тұжырым жасайды. Оның ойынша әрбір адам бақытты өз түсінігінше бақыт деп біледі. Кейбіреулер бақытты байлық деп ойлайды. «Адам баласы жалпы жасанды жолмен жасаған ақыл-парасат арқылы бақытқа жете алмайды. Нені және қа­лай ажыратылатынын ол өзінің бүкіл өмір бойында біліп отыратын ақыл-па­расаттың арқасында ғана бақытқа жетеді деп есептелінеді» дейді[1,186].
Отырарлық кемеңгердің ойынша, әдеп­сіз, тәрбиесіз, біліксіз адам бақытты бола алмайтын сияқты. Адам бақытты болу үшін жақсы іс іс­теуі керек, жақсыға жақсылық жасау­ға, абзал әрекетке тырысуы ләзім. Кі­сі жақсы мі­нез-құлқымен ғана ба­қыт­қа ие болады. Сондай-ақ ол ұстам­ды­лық, сабырлықты да жақсы құлық деп есептейді. Ол жо­марттықты да ізгі іске қосқан. Ал са­раң­­дықты жаман қасиетке жатқызады. Әбу Насыр тойым­сыздық, қомағайлық, аш­көздік секілді қылықтардан аулақ бо­луға шақырады. «Ал егер өз бойында жоқ бола тұ­рып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жү­ріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі жайлы жалған пікір туғандығы. Егер адам өз ойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады». Адамның өз ожданы алдында абзал, шыншыл болуы адам өзіне өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады» деген ой түйеді ұлы даланың дана тұлғасы. Көлгірсуді атай отырып ол оны жаман қасиет деп есептейді. Жаман мінез-құлықтың бәрі әл-Фарабидің пікірінше рухани кесел. Оны жою үшін тән кеселін емде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуің керек», дейді қазақ жерінің парасатты ұлы. «Бақыт-бұл өз мүддесі үшін ізделетін жақсылық; оған ешқандай жолмен және ешқашан басқа нәрсеге қол жеткізуге ұмтылмайды. Ал екінші жағынан (бақыт) адам қол жеткізе алмайтын маңызды ештеңе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін ерікті әрекеттер-бұл керемет әрекеттер. Оларды тудыратын әдет–ғұрыптар - жақсы қасиеттер. Бақытқа кедергі келтіретін әрекеттер-жаман әрекеттер...» [4,58]
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы-бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында сөз қозғайды. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымының мәселелерін негізінен философиялық мәнмен ұштастырып қарастырған. Бақытқа жету- философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізінен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудың 3 түрін жазыпты. Онда:

  • Біріншісі - адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді.

  • Екіншісі - жан дүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады.

  • Үшіншісі - адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқып іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетелейді.

Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл-парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді.
Ғұламаның «Бақытқа жету туралы кітап» еңбегінде:
Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.» - деген жолдармен адам мақсатының оның өмірлік жолын айқындайтынын суреттейді. Мақсатты білім алу, көркем мінез ақыл парасат дейтін игіліктерге бағыттасаң бақытқа жол көрсетеді. Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді. Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам болу бақытты болу үшін өмір сүреді дейді. Өзінің еңбектерінде бақытқа жету жолында адам өз басынан үш түрлі деңгейді өткереді деп атап көрсетеді, олар: әрекет, жан эффектісі және ақыл парасат. Осы үш күйдің ішіндегі адамға бақытқа жетер жолда ең қажеттісі ақыл парасат. Адам ақылы жоғары, дүниетанымы кең болған сайын кейбір дүниелерді пайымдауға, ғылым мен өнерді ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықты ажыратуға мүмкіндігі жоғары болады. Ал бұл қасиет адамның бойынан табылса, таптырмайтын күш. Сонымен қатар, Әл Фараби өз еңбегінде «Бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат» деп жазған[5,49][3].
Осы жазбалардан кейін адамның сүйікті ісімен шұғылдануы оған жан рахатын алып келетінін, бақытқа жетудің кішкентай қадамдары екенін байқауымызға болады. Адам араласатын ортасын да байыппен таңдау керек. Қоғам жақсы болу үшін, адам жақсы болу керек деген. Әрбір тұлға әрдайым өзімен жұмыс жасап, жақсы және жаман қасиеттерін саралап, елге пайдасы тимесе де зиянын тигізбей жүрсе айналамызды қоршаған ортамызда керемет күйге бөленер еді.
Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады». Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады. Ал жақсы мінез құлық пен әрекет бақытқа апарар ең басты жол. Ал адамды барынша бақыттан алшақтататын адамның жаман мінез құлқы, пасық іс әрекеті, жаман ниет пен сұрқиялыққа негізделеді. Өмірдегі болып жатқан кезеңдер де Әл Фараби әрдайым тең орта шамасын ұстауды ұсынады. Расында да кей жағдайларда, балансты ұстай білу, әр нәрсенің шегін ұғыну деген сияқты даналық сөздер әрдайым бізге өз көмегін беріп жатады. Өз еңбегінде «Біз қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болады» дей келіп, «Сезімдік рахат бізді жақсы (әрекеттер) жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз дейді. Расында әрбір жасаған ісімізді махаббатпен жасасақ, ертең сол ісіміздің берекесін көрерімізде анық. Ал махаббатпен жасалған әрбір іс қашанда жанға рахат сыйлайды. Бақытты болу кез-келген адамның қолынан келе берер оңай шаруа емес. Оған өмірді сүре білуге қажетті жан-жақты білімі бар, жаны бай, адамгершілігі, рухы жоғары, мақсатына жету үшін қиындықтарға шыдап, күресе білетін адамдар ғана қол жеткізе алады[1].
Философиялық анықтамасы бойынша бақытты-адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын орындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған.
1. Жақсылыққа жету, даналық
2. Қуаныш, рахат
3.Өмірден өз орнын табу
4.Бақ пен дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.
Әл-Фарабидің философиялық еңбектері мен Аристотельдің еңбектерін салыстырсақ, Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Аристотельдің «Жан туралы» еңбегінде бақыт түсінігінің қарама - қайшы келетін тұстары кездеседі. Бірінде бақыт таза теориялық түрде берсе, екіншісінде, бақыт теориялық және практикалық түрде берілген.
Бір сөзбен қорытынды жасасақ, әл-Фараби бақытты болуды, өзінің алдына қойған мақсаттарына жетсе, адам өзінің бақытты санайды деп есептеген[5].
Әл-Фарабидың "Бақытқа жол сілтеу" еңбегі бойынша бақыт түсінігі әркім әрқалай түсінеді делінген. Біреулер үшін ақша, байлық бақыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы, денсаулық деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейді. Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінігін әркімнің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес. Енді біз осы бақыт түсінігін әл-Фарабидің "Бақытқа жол сілтеу" еңбегі бойынша қарастырып көрейік. Дана халқымыз «Жақсы адам – қазына» деп тектен-текке айтпаса керек. Өйткені, бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады.
Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» деген еңбегінде: «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мұны түсіндіріп жату (артық) сөзді керек етпейді, өйткені бұл мейлінше белгілі (нәрсе)», - дейді. Жетілушіліктің кез-келгені - адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу дегеннің өзі бір игілік және оның өзі, адамның қалауы. Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылатындығы анық. Адам - күрделі де қиын құбылыс. Оның күрделілігі мен қиындығының өзі сонда, оның жұмбағы көп, қалауы мен мақсаты шексіз. Сол қалаулы игіліктердің ішіндегі көп мақсаттардың бірі – ол бақыт. Бұл - игіліктердің ішіндегі ең үлкен игілік. Әл-Фарабидің пікірінше, кейбір адам байлықты бақыт десе, кейбіреулері басқа нәрсені бақыт деп түсінеді. Сондықтан игіліктер ішінде бақыттың орнын жоғары бағалай отырып, соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуын талап етеуі керектігіне де мән береді. Ол: «Адамның өмірінде мадақтауға немесе жазғыруға болатын, яки болмаса болмайтын жағдайлар баршылық. Мұндай жағдайларда адам бақытты бола алмайды. Мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосылғанда ғана бақытқа жете алатындығы ғалымның еңбектерінде шынайы қарастырылады. Қиыншылықтарға төзе білетін, шыдамды адамдар ғана бақытты бола алады. Мұндай адамдардың бойында осы қасиеттерді ажырата алатын, яғни «жақсы ақыл-парасаттылық (адамның) ақиқатқа көзі жеткенінде немесе сол ақиқатқа жеткізетін не нәрсе екенін ажыратуға қабілетті болуында», - деп кез-келген жағдайда әрекетінің дұрыс болуы үшін не істеу керек? Оған баратын қандай жол бар? Оны анықтап алудың қандай жолы бар? - деген өзекті мәселені жас ұрпаққа түсіндіреді. Ол: «Адам бақытқа жету үшін кез-келген нәрсені ойлап, соған жету барысында саналылықпен әрекет жасаса ғана, бүкіл өмірінде нені қалай жасау қажеттігін, және қалай ажырату керектігін біліп отыратын ақыл-парасатты болса ғана бақытқа жетеді», - дейді. Ол жас ұрпағымыздың бойында болуға тиісті саналылық, ақыл-парасаттылық қасиеттер бақытқа жетудің бір жолы деп көрсетеді. Әл-Фараби даналықты адам бойында туа бітетін қабілеттілік қасиет деп қарайды[5,41].
Өзіміз байқағанымыздай ұлы, ойшыл ғалымның пайымдауынша бақытқа жету үшін сені не бақытты қылады,сенің қалауың қандай, сен бақытты болуға ұмтыласың ба, сенде мақсат бар ма осы факторлардың бәрі бақытқа жеткісі келетін тұлғаның өзіне қоятын басты сұрақтардың бірі болып табылады. Адам баласы туғаннан бастап бақыт жолын іздейді. Адам өзіне не керегін білсе ол бақытқа апаратын жолды да біледі деуге болады.
"Әл-Фараби философиясының орталық тезистерінің бірі-жеке адамның әл-ауқатқа қол жеткізуі қоғамның әл-ауқатына қол жеткізу арқылы мүмкін болады деген идея. Жалғыз адам, басқалармен қарым-қатынас жасамай, бақытты өмір сүре алмайды. Адам өзінің бақытын жақындарының, достары мен балаларының бақытынан көреді. Адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып және армандарын жүзеге асыра отырып, бақытқа басқа адамдармен ынтымақтастық пен өзара көмек арқылы қол жеткізеді. Оның бұл идеясы қоғам дамуының өтпелі кезеңінде, бұрынғы құндылықтар құлдырап, экономика әлсіреп, айқын көрінген кезде ерекше өзекті болады[2].
Қорытындылай келе, әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің барлығы бақыт, құрмет, сыйластық жайлы жазылған өте құнды дерек көздері болып келеді. Осыған байланысты менің айтарым, бұл ғұламаның еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ өте құнды, баға жетпес еңбектер. Қорқыт өмір бойы ажалды жеңетін күш іздесе, әл- Фараби бақыттың кілтін іздеді. Бақытты қалада тұруды армандады. Ол ең соңында: «Бақытқа қолы жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау», - деп бақытты қанағатпен ғана ұстап тұру мүмкін екенін айтты. Әл-Фараби: «Қабілеттіліктің арқасында тамаша да, оңбаған да әрекеттер жасайды. Бұның себебі мынада: адамда тамаша әрекет жасауға да, оңбаған әрекет жасауға да әуел бастан мүмкін қабілеті бар. Дәл осы қабілеттің арқасында ол жақсы да, жаман да ақыл-парасатқа ие болады. Нақ осы сияқты, бұл қабілеттер жан аффектілеріне әсер етеді. Оларда оңбаған әрекеттер жасау мүмкіншілігі тамаша әрекеттер жасау мүмкіншілігімен барабар»- деп көрсетеді. Сонымен, ағартушының ойларын қорытындылай келе, әлемдік бақытқа жету үшін адам, ең алдымен, қайырымды (сенуші) болуы керек, ғылымды терең зерттеп, теориялық білімді игеріп, өзіне тән қасиеттерді дамытып, өмір бойы одан да жақсы қасиеттерге ұмтылуы керек деп айта аламыз. Мамандықтардың бірін игеріп қана қоймай, сонымен қатар оның шебері болу. Әл-Фараби өзінің ілімінде білімнің күші туралы идеяны алға тартады, әр адамның өз іс-әрекетінде белсенді және еркін екендігіне, әркім білімге, ізгілік пен бақытқа ұмтыла алатынына және барлық адамдардың тууы бойынша тең екендігіне сенім білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы-Ата 1970. 305б

  2. Н.А. Некрасова. Бақыт категориясындағы объективті және субъективті сәттердің арақатынасы туралы. Киев. 1983.

  3. Хайруллаев М. М. Фараби және оның философиялық көзқарастары. — М Білім 1975. — Б. 274.

  4. Әбу Насыр әл-Фараби. Бақыт туралы кітап: төрт кітаптан тұратын таңдамалы трактаттар; бас ред. Р. Сейсенбаев; Ж. Алтаевтан. –Алматы.-70б

  5. Әбу Насыр әл-Фараби. Бақытқа жету жайында: монография; араб тіл. ауд. және түсініктеме берген Ж. Сандыбаев. -Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. – 65б

Қосымша сайттар тізімі



  1. https://melimde.com/el-farabidi-izgi-ala-trfindarini-kozarastari-turali-traktat-ba.html

  2. https://ust.kz/word/al_farabi_sygarmasy_negizinde_baqytqa_jety_joldary-215553.html

  3. https://bilim-all.kz/article/14732-Baqyt-ideyasy-zhane-al-Farabi-iliminde-ogan-zhetu-zholdary?ysclid=l9ol3hweno536076252

  4. https://egemen.kz/article/244605-baqyt-dgane-baqytqa-dgetkizetin-dgol?ysclid=l9ol3fm0jq614405020

  5. https://massaget.kz/blogs/26440/?ysclid=l9ol3kk3hw880117005


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет