4-тарау. ҒЫлыми-педагогикалық таным әдіснамасы


Теориялық маңыздылығы өлшемі



бет23/24
Дата14.10.2023
өлшемі482.5 Kb.
#480781
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Глава 4 новый

Теориялық маңыздылығы өлшемі зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды.Дәрежесі мен ауқымдылығы бойынша теорияға әсер етуі жағынан теориялық маңыздылықтың бірнеше деңгейі бар: жалпы педагогикалық, салалық, жалпыға бірдей, жекелей мәселелік. Аталған деңгейлер шартты, олардың арасындағы шек қозғалмалы, дегенмен көпшілік жағдайда оларды анықтауға болады. Зерттеу жұмыстарының теориялық маңыздылығы оның жаңашылдығымен, теорияларының қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдары мен қорытындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс жасау үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Іргелі зертеулерде автордың тұжырымдамалық теориялық ұстанымы бейнеленеді. Тұжырымдамасыз зерттеулер түрлі идеяларды дәйексіз пайдаланатын эклектик сипат алып, теориялық жағынан дәлелсіз болып қалады.Жаңашылдықты бейнелейтін ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің теориялық маңыздылығы көп жұмыстарда толық сәйкес келетінін айта кету керек.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның өзектілігінде. Зерттеу нәтижелерін рәсімдеуде диссертация мәтіндерінде өзекті деп көрсетілген қажеттілік қазіргі практиканың зерттеу нәтижелерін қолданумен қаншалықты қанағаттануы мүмкін екенін дәйектеу және салыстыру қажет.
Бүгінгі күні ғылыми-зерттеушілік жұмыстар ғылыми білімнің құрылымы мен даму ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың кеңеюі бір жағынан, ғылымның өздігінен даму жолымен (терминологиялардың баюы, ақпараттың модельдік айналымы, ойлардың өзара байланысы), өзге жақтан – басқа ғылымдармен байланысы арқылы жүзеге асып отыр. Ғылыми жаңалықтардың көпшілігі ғылымдардың тоғысында іске асады. Бұл тек қана ұқсас ғылымдардың (нақты және жаратылыстану) арасында ғана емес, бір-бірінен алыс ғылымдардың (биохимия, астрономия және т. б). арасында да болады. Ғылымның өздігінен дамуында белгілі бір саладағы білімдер шектеулі болады. Сондықтан міндетті және нақты технологиялық жүйелер, әдістемелік ұсыныстар – толыққанды ғылыми зерттеудің бірден бір озық белгісі. Зерттеу жұмысының нәтижесін енгізу басқарудың негізгі объектісі болып табылады.
Қорыта айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар өзара байланысты, бірін бірі толықтырады және түзетеді. Мәселе зерттеу тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы түрінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде, алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің көкейкестілігін анықтау мен негіздеуге сүйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қажетті саланы, ал пәні – зерделеу қыры. Сонымен тізілген сипаттамалар барлық элементтері біріне-бірі сәйкес, бірін-бірі толықтыратын жүйені құрайды. Осы үйлесімдердің дәрежесіне қарай зерттеу сапасын бағалауға болады. Жалпы танымдық ой ғылыми жұмыстың типіне бағынышты емес. Студенттің дипломдық жұмысы және докторлық диссертация, әрине, көлемі, зерттеудің объектілік саласы, іргелілігі, талдау типіне және т. б. байланысты ажыратылады да, бірақ, басты өлшемдер мен ғылымның сипаты және танымның жалпы логикасы бойынша ұқсас болады. Бұл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның сапасының жалпылама көрсеткіші болып табылады
Ғылым дамуының қиындығынан, оның қарама-қайшылықтарынан, көптеген көзқарастардың, әртүрлі ғылыми мектептердің және іс-әрекеттердің болуынан зерттеудің сапалы объективті бағалану қажеттілігі туады.
“Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика” журналындағы 2005-2010 жылдар аралығында осы оқулықтың төртінші тарауындағы педагогикалық зерттеу мәселеісін қою, тақырыбын таңдау алгоритмінен бастап оны орындау әдістемесіне дейін қамтитын мақалаларда жан-жақты талдап, ашып көрсеткен болатынбыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет