Жер асты газ қоймаларын пайдалану кезіндегі объектілік мониторингті қамтамасыз ету Қолдану саласы



Дата08.07.2016
өлшемі100.75 Kb.
түріРегламент


Ұсақ саңылаулы қабаттарда жер асты газ қоймаларын іздестіру, жобалау, құрылысы, құру және

пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға

қосымша

Жер асты газ қоймаларын пайдалану кезіндегі объектілік мониторингті қамтамасыз ету

1. Қолдану саласы
Қамтамасыз ету талаптарды белгілейді, бөлімдерді және оның мазмұнын анықтайды және тау кен орындарындағы шегінде ЖГҚ пайдалану (консервациялау, жою) кезінде жер қойнауының объектілік мониторингін іске асыруға арналған. Жер қойнауының объектілік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік мониторингісінің (әрі қарай-ЖҚММ) құрамдас бөлігі болып табылады. Қамтамасыз ету қойманың нақты жағдайынан қажетті зерттеулердің, тексерулер тізбесі мен оларды жүргізу жиілігі анықталатын әрбір нақты ЖГҚ қамтамасыз етуін жасауға арналған жетекші құжат болып табылады.

Регламент қойманың қауіпсіз жұмысы мүмкін болмайтын жұмыстардың міндетті минимумы болып табылады.



2. Жалпы талаптар
1. Объектілік мониторингінің негізгі міндеті ЖГҚ пайдаланудың технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2. Объектілік мониторинг мыналардан тұрады:

1) ЖГҚ пайдалану кезінде жер қойнауы жағдайы туралы мәліметтерді алу, өңдеу және талдау;

2) жер қойнауының жағдайын бағалау және оның өзгерістерін болжау;

3) ЖГҚ техногендік процестерді уақытында анықтау және болжау;

4) жер қойнауын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу, іске асырылуын қамтамасыз ету және талдау;

5) қауіпті геологиялық процестердің теріс әсерінің алдын алу және төмендету;

6) жер қойнауының өзерістері туралы мемлекеттік билік органдарын және жер қойнауын пайдаланушыларды жүйелі ақпараттандыру.

3. ЖГҚ пайдалану кезіндегі мониторинг объектілері:

1) заң сақтау объектілері;

2) бақылау көкжиектері;

3) пайдалану, тексеру, бақылау, жұту, геофизикалық ұңғымалар.

4. Объектілік мониторинг кезінде бақылауға алынатын параметрлер:

1) газдың жалпы көлемі;

2) газдың белсенді көлемі (соның ішінде ұзақ мерзімді резерв);

3) газдың буферлік көлемі;

4) газ таңдау кезінде өндірілетін қабат сұйығының көлемі;

5) ӨТҚ газ шығындары;

6) пайдалану ұңғымалары мен жалпы қоймалардың тәуліктік өнімділігі;

7) қойманың газбен қаныққан саңылаудың көлемі;

8) газ құрамы, рос нүктесі;

9) сақтау объектісіндегі қабат қысымы (газ тұтқыш және су тұтқыш аумақта);

10) бақылау көкжиектеріндегі деңгейлер мен қысымдар;

11) технологиялық желісіндегі қысым мен температура (ұңғыма забойында-ұңғыма сағасында ГЖП (КС)-газ құбырын қосу);

12) ұңғымалар бойынша колонна аралық қысым мен колонна аралық газ шығыны;

13) ерітілген газ құрамы, химиялық құрамы, сақтау объектісіндегі және бақылау көкжиектеріндегі қабат суындағы қаныққан ерітілген газқысымы;

14) сақтау объектісінің және бақылау көкжиектерінің газ қанықтылығы;

15) газ су контактілер.

5. ЖГҚ пайдалану кезіндегі объектілік мониторинг әдістері.

ЖГҚ пайдалану кезіндегі объектілік мониторинг іске асыру үшін геофизикалық, геохимиялық, кәсіби және аналитикалық әдістерді қолданады. Қажеттілігіне қарай зерттеудің қосымша әдістері қолданылады.

6. Гидрохимиялық әдістермен сақтау объектісіндегі және бақылау көкжиектеріндегі қабат суындағы қаныққан ерітілген газдың сандық және сапалық өзгерістерінің мониторингі жүргізіледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ерітілген газдың жалпы құрамы, метанның болуы және оның гомологтары, қаныққан ерітілген газдың қысымы, минерализациялау және қабат суының химиялық құрамы бағаланады. Бұл зерттеулер нәтижесінде газдық бақылау көкжиектеріне, сақтау объектілеріне көшуін және жалпы сақталатын табиғи газдың кен орыны шегінде жер қойнауына әсері бағаланады.

7. Геофизикалық әдістермен сақтау объектісінің және бақылау көкжиектерінің газқанықтылығын, қабат температурасын анықтайды, ұңғымалардың техникалық жағдайына бақылау жасайды.

8. Кәсіби әдістермен қоймаларды пайдаланудың келесі параметрлері бақыланады:

1) сақтау объектісінің және бақылау көкжиектеріндегі қысым; технологиялық желідегі қысым мен температура (ұңғыма забойында-ұңғыма сағасында ГЖП (КС)-газ құбырын қосу); пайдалану ұңғымаларының тәуліктік өнімділігі; қоймалардың тәуліктік өнімділігі; газ жинау (құю) көлемі; қоймадағы газ көлемі;

2) қабат сұйығын таңдау кезінде шығарылатын көлем; ӨТҚ газ шығындары; қоймалардағы жер бетіндегі газ шығарулар;) газ құрамы, рос нүктесі; ұңғымалардағы колонна аралық газ шығарулар.

9. Пайдаланудың геологиялық және технологиялық моделі негізінде аналитикалық әдістермен бақылауға алынады:

1) қоймадағы газ көлемі;

2) газбен қаныққан саңылаудың көлемі;

3) пайдалану ұңғымалары максимальды өнімділігі;

4) технологиялық желідегі қысым мен қысымның жоғалу температура (ұңғыма забойында-ұңғыма сағасында ГЖП (КС)-газ құбырын қосу);

5) сақтау объектісінің герметикалығы және газдың қабаттар арасында жоғалуы; сақтау объектісінде газдардың таралуы.

3. Айдалатын және алынатын газ мөлшерін есепке алу
10. Айдалатын (алынатын) газ шығынын өлшеу тәулік сайын газқоймасының газ шығынын өлшеу пунктінде (әрі қарай-ГШӨП) жүргізіледі.

11. Айдалатын (алынатын) газ шығынын өлшеу әрбір пайдалану ұңғымасы бойынша ГЖП жүргізіледі (өлшеу құрылғы болмаған жағдайда бағалау, есептеу жолымен жүргізіледі).

12. Бірнеше ГЖП болған жағдайда айдалатын (алынатын) газ шығынын әрбір ГЖП бойынша жүргізіледі.

13. Егер қоймалар бірнеше бір көкжиектің көкжиектер мен оқшаулаған қабаттарында құрылып, пайдаланылса, онда газ шығынын өлшеу әрбір объект бойынша жүргізіледі.

14. Техногенді жатып қалуларды түсіру кезінде газды өлшеу мен есепке алу сақтау объектісінде жүргізгендей етіп жүргізеді.

4. Газды өзінің технологиялық қажеттіліктеріне

шығындауды есепке алу
15. Технологиялық жылыту қажеттіліктерге жіберілетін газ шығынын есепке алу тәулік сайын жүргізіледі және өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша анықтайды.

16. Басқа технологиялық қажеттіліктерге жіберілетін газ шығынын есепке алу және бағалау өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша немесе есептеу арқылы жүргізіледі.

17. Газдың қабаттар арасында жоғалуын бағалауды ЖГҚ пайдаланудың авторлық сүйемелдеуді іске асыратын ұйым жүргізеді, сонан кейін қарастырылып, бекітіледі және газ қоймасының балансында ескеріледі.

18. Авариялар кезінде газдың жоғалуын (бір реттік) ЖГҚ пайдаланудың авторлық сүйемелдеуді іске асыратын ұйым жүргізген есептер негізінде арнайы актімен рәсімделеді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

19. ӨТҚ газ шығынын бағалау өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген және белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер негізінде жүргізіледі.

5. Газдың жер асты қоймасының балансы
20. ЖГҚ сақтау объектілеріндегі газ балансы ӨТҚ ескере отырып, ГШӨП іс жүзіндегі газ шығынын өлшеу негізінде жүргізіледі.

21. ЖГҚ газ балансынан енгізіледі:

1) ӨТҚ газ шығынын бағалау;

2) тәулікте, айына, маусымда ӨТҚ ескере отырып, айдалған (алынған) газ көлемі;

3) сақтау объектісіндегі газдың жалпы көлемінің есебі (соның ішінде газдың техногенді жатып қалулары);

4) алынған конденсат немесе мұнай көлемін есепке алу.

22. Сақтау объектісіндегі ӨТҚ газ шығынын айдау кезінде өтейді.

23. Егер қойма бірнеше объектіде пайдаланса, онда газ газ балансы жалпы қойма бойынша және әрбір объект бойынша жеке жүргізіледі.



6. Алынатын қабат сұйығы мөлшерін есепке алу
24. Өндірілетін қабат сұйығының мөлшерін есепке алу және өлшеу газ қоймасы бойынша, әрбір ГЖП бойынша және ұңғымасы бойынша жеке (тиісті қондырғы болған жағдайда) іске асырылады.

25. Егер қойманы бірнеше көкжиектерде немесе бір көкжиектің оқшауланған қабаттарында пайдаланса, онда өндірілетін қабат сұйығының мөлшерін есепке алу жалпы қойма бойынша, әрбір объект бойынша жеке жүргізіледі.

26. Қабат сұйығын өндіру кезінде оның химиялық талдауы жүргізіледі.

7. Газдың тауарлық сапасын бақылау
27. Газдың тауарлық сапасын оның физико-химиялық құрамын, жеке салмағын, калориялығын, қос нүктесін және олардың нормативтік мәндерге сәйкестігін анықтау арқылы ЖГҚ тиісті қызметі жүргізіледі.

8. Пайдалану ұңғымаларының технологиялық режимін бақылау
28. Әрбір ұңғымада пайдаланудың технологиялық режимін бақылау қабат-коллектордың депрессиясын (репрессиясын), газ және газбен шығатын қабат сұйығының дебитін өлшеу арқылы жүргізіледі. Пайдалану ұңғымаларының технологиялық режимін бақылауды технологиялық модель негізінде іске асыруға жол беріледі.

29. Сақтау объектілерінің бұзылу қауіптілігі, ұңғымаларының максимальды өнімделігі бар қоймаларда ЖГҚ технологиялық жобасында көзделген құм пайда болуының индикациясы датчиктерінің немесе жыныс ұстаушы көрсеткіштері бойынша қосымша бақылау жүргізіледі.



9. Сақтау объектісі мен бақылау көкжиектерінде

қысым динамикасын бақылау
30. Сақтау объектісі мен бақылау көкжиектерінде қысым динамикасын бақылау сағалық (забой) қысымдарын, ұңғымалардағы қабат суының деңгейі өлшеу арқылы іске асырылады.

31. Егер қойма бірнеше көкжиектерде немесе бір көкжиектің оқшауланған қабаттарында пайдаланылса, онда қысым динамикасы әрбір объект бойынша жеке жүргізіледі.



10. Сақтау объектісіндегі газ таралуын бақылау
32. Сақтау объектісіндегі газ таралуын бақылау геофизикалық, кәсіби және аналитикалық әдістермен жүргізіледі.

33. Су қысымы режимінде қойманы пайдалану кезінде газ су контакті (ГСК) жағдайын, газ қаныққан қалыңдық және газ қанықтылығы коэффициентін анықтауды ГСК (гидростатикалық мәнге жақын қабат қысымы кезінде) максимальды мәні кезінде таңдауда геофизикалық әдістермен жүргізіледі.

34. Сақтау объектісінің сумен қаныққан аумақта орналасқан бақылау ұңғымалары бойынша гидрохимиялық зерттеулер мен қысымның (деңгейі) кәсіби өлшеуі жүргізіледі.

35. ЖГҚ алаңы бойынша газ таралуын бақылау ГСК компьютерлік құрылымы негізінде аналитикалық әдістермен іске асырылады.



11. Ұңғымалардың техникалық жағдайын бақылау
36. Ұңғымалардың техникалық жағдайын бақылау кәсіби-геофизикалық әдістермен, ЖГҚ геологиялық қызметі әзірлеген, ЖГҚ пайдалануын авторлық бақылауды іске асыратын ұйыммен келісілген жоспар-кесте бойынша жүргізіледі.

37. Барлық қор бойынша забой жағдайын бағалау геофизикалық және кәсіби мәліметтерді қолдана отырып, жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

38. Пайдалану және техникалық колонналар (әрі қарай-КАҚ1) және техникалық колонна мен кондуктор (әрі қарай-КАҚ2) арасындағы газ қысымын және шығынын өлшеу ұңғыманың барлық қоры бойынша ЖГҚ максимальды қысымы кезінде жүргізіледі.

39. Ұңғымалар сағасы маңындағы жер бетіндегі газ шығуын визуалды бақылау ұңғымалар бойынша жүргізілетін қысымды жоспарлы өлшеу және басқа жұмыстармен қатар жүргізіледі.

12. Газды жер асты қоймасының герметикалығын бақылау
40. Сақтау объектісінің герметикалығын және техногенді жатып қалулардың қалыптасу мүмкіндігін бақылау кәсіби, геофизикалық, гидрохимиялық және аналитикалық әдістермен жүргізіледі.

41. Кәсіби әдістерге мыналар жатады:

1) бақылау ұңғымалары бойынша саға (забой) қысымын және деңгейін өлшеу;

2) жер бетіндегі газ пайда болуларын бақылау.

42. Геофизикалық әдістер:

ұңғыма қоры бойынша геофизикалық зерттеулердің жоспар-кестесіне сәйкес радометрия, термометрия жүргізу.

43. Гидрохимиялық зерттеулер бақылау, қабат, тексеру ұңғымалары және сутартқылар бойынша қабат суындағы ерітілген газдың болуымен оның құрамын бақылайды.

44. Аналитикалық әдістер бақылайды:

1) сақтау объектісінің герметикалығы;

2) қойманың ГСК есптеу арқылы қойманың материальды герметикалығын. ЖГҚ пайдалану режимі ГСК жобалық мәнінен артық болмайды.

45. Бақылаудың аналитикалық әдістері ЖГҚ пайдалану технологиялық моделінің негізінде іске асырылады.

12. Өнеркәсіптік ағындарды айдаудың технологиялық параметрлерін бақылау
46. Өнеркәсіптік ағындарды қабаттарға айдау кезінде тығыздау қысымы, өнеркәсіптік ағындар көлемі, химиялық құрамы; механикалық қоспалардың құрамы бақылауға алынады.

13. Жер асты газ қоймаларын пайдалану кезінде компьютерлік бақылау
47. Компьютерлік бақылау-қоймада кәсіби-геофизикалық ақпаратты есепке алу және сақтауға арналған АМД құру, қазіргі кездегі есептеу техникаларын және арнайы математикалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, әзірлеген геологиялық және технологиялық модель негізінде ЖГҚ пайдалануды бақылау жөніндегі міндеттерді шешу; объектілік мониторинг нәтижелерін ЖҚММ жүйесіне электронды түрде беру.

48. АМД көлемі, мазмұнын ЖГҚ пайдалану авторлық қадағалауды іске асыратын ұйым жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп анықтайды.

49. ЖГҚ пайдалану авторлық қадағалауды іске асыратын ұйым объектілік мониторингтің аналитикалық әдістерін қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. (Өңдеудің компьютерлік бағдарламаларының материалдарды, ЖГҚ геологиялық және технологиялық моделді өңдеуге қолданылуы).

50. АМД қол жетімділік тиісті салалық ережелермен анықталады.



14. Консервация (жою) кезіндегі жер қойнауын пайдалану мониторингі
51. ЖГҚ консервациялау (жою) кезінде сақтау объектісінің және бақылау көкжиектерінің жағдайын кәсіби, геофизикалы және гидродинамикалық бақылаулар арқылы жүргізіледі.

52. Сақтау объектісінің және бақылау көкжиектеріндегі қысым, газ қанықтылығы, ерітілген газ құрамы бақылауға алынады.

53. Жер қойнауы мониторингін жүргізу үшін ұңғымалардың қажетті мөлшері ЖГҚ консервациялаудың (жою) технологиялық жобасына сәйкес анықталады.

15. Газдың жер асты қоймаларын пайдаланудың объектілік мониторинг ұйымдастыру
54. ЖГҚ пайдаланудың авторлық сүйемелдеуді іске асыратын ұйым қажетті зерттеулер тізімін, тексерулер тізбесі мен 5 жылдан артық емес мерзімге оларды жүргізу жиілігі анықталатын нақты ЖГҚ арналған объектілік мониторинг қамтамасыз етуін әзірлейді. Қамтамасыз ету өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

55. ЖГҚ пайдалану кезіндегі жер қойнауының объектілік мониторингін іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен зерттеулер жүргізу жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледі.

56. Жер қойнауын пайдаланушы мониторингті іске асыру кезінде жер қойнауы туралы ақпарат береді. Ұсынылатын ақпарат мазмұны мен көлемін қамтамасыз етуді жасау кезінде тиісті ұйымдармен келісіледі.

57. Нақты ЖГҚ арналған жер қойнауының объектілік мониторингін іске асыруға арналған осы қамтамасыз ету қарастырылмаған жеке түрлері мен әдістері қосымша енгізіледі.



__________________


Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
0802 -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
0802 -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Жоғарғы белсенді заттарды пайдаланатын жұмыстарға әдістемелік ұсынымдар
0802 -> 1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар
0802 -> Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар
0802 -> Сорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет