10
жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді
құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза
білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және
ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін
қажетті
сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру
кезеңінде жазылымның
ұйымдастырылуы, сауаттылығы,
ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының
артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Абзацты жазуға негізделген сабақ үлгісі
1. Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады.
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі.
Құрамындағы кальций
сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий
мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының
ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша
безінің жұмысын жақсартып,
иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып
саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие. Қорыта
келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.
Мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап бер
1. Абзацқа тақырып болатын сөйлемді тауып көр және астын сыз.
2. Тақырыптық
ойды қолдаушы сөйлемдер тауып, астын сыз.
3. Келтірілген мысалдар немесе фактілер болатын сөйлемдер қайсы?
4. Қорытынды сөйлемді тауып, астын сыз!
2. Мұғалім нұсқасымен салыстырады.
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі.
Құрамындағы кальций
сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий
мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының
ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып,
иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі
болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие.
Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.
Достарыңызбен бөлісу: