4 тілдік дағдыда indd


Оқыту әдісі Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету Қарым



Pdf көрінісі
бет38/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Оқыту әдісі
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
Қарым
-қатынас түрі
Жұптық жұмыс
Дайындық
Оқушыларға 21-кесте көшірмесін таратыңыз. Оқушылар ұсынылған 
тақырыпшаға байланысты кестені толтырады. 
Жүргізілу барысы:
1. Сыныпқа әлем халықтары жаңа жылды әртүрлі тойлайтындарын айтыңыз. 
Оқушылардан жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұраңыз.
2. Әр топта төрт оқушыдан болатындай етіп сыныпты топтарға бөліңіз. Топтың әр 
мүшесіне кестеде көрсетілген бір-бір тақырыпшаны беріңіз: өлшем, түс, басқа сын 
есім және зат есім. 21-кестені қараңыз.
3. Оқушыларға ұсынылған тақырыпшаға байланысты әртүрлі түйін сөздерді 
тыңдайтындарын ескертіңіз. 
4. Топтың әр мүшесіне түйін сөздерін кестеге толтыруға уақыт бере отырып, 
22-кестедегі сөйлемдерді оқыңыз.
Ескерту: Бұл жаттығуда қабілеті төменірек оқушылар өлшем немесе түс сияқты 
сөздерді, ал қабілеті жоғарылар басқа сын есім немесе зат есімдерді жазуды бөліп беріңіз.
21
-кесте. Тыңдалым кестесі
Өлшем
Түс
Басқа сын есім
Зат есім
Мекен
Кішкентай
Үлкен
Кішкентай
Өте кішкентай
Кішкентай
Ұзын
Қызыл
Ақ
Қоңыр
Сары және қара
Жасыл
Сары
Шаршы
Домалақ
Тәтті
Жұмсақ
Дәмді
Жұқа
Конверт
Күріш күлше
Бәліш
Бұршақ
12 жүзім
Кеспе
Қытай
Корея
Голландия
АҚШ
Испания
Жапония
22
-кесте. Әлем халықтары жаңа жылды қалай қарсы алады?
 Испанияда жаңа жыл қарсаңында 12 кішкентай жасыл жүзім жейді.
 АҚШ-тың оңтүстігіндегі адамдар жаңа жылда сәттілік әкелу үшін өте кішкентай, сары 
және қара жұмсақ бұршақтар жейді.
 Қытайда ата-аналар жаңа жылда балаларына ішінде ақшасы бар кішкентай, қызыл 
шаршы конверт береді. 
 Жапонияда жаңа жыл қарсаңында адамдар ұзын, жұқа, сары кеспелер жейді.
 Корей адамдары үлкен, ақ, домалақ күріш күлшелерін жаңа жыл тойланатын күні 
жейді.
 Голландиялықтар жаңа жылды қарсы алғанда кішкентай қоңыр тәтті бәліш жегенді 
жақсы көреді.


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет