4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет46/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
6.7 Қауіпсіздік ережелері
Тілдік деңгейі 
**
Тілдік мақсат
 Бұйрықты сөйлемдер
Дағды 
Тыңдалым
Ойлау әрекеті
Сұрыптау, қорытындылау
Оқыту әдісі
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Дайындық
Тақтаға ҚАУІПСІЗДІК сөзін жазыңыз. Астына тақырыпшаларын 
жазыңыз: Жеке, Жол, Күн, Су.
Жүргізілу барысы 
1. Оқушыларға кейбір қауіпсіздік ережелерін оқисыз. Олар бұл ережелердің қай 
қауіпсіздік ережесіне жататынын анықтайды. Мысалы, жеке қауіпсіздік, жол 
қауіпсіздігі, күн қауіпсіздігі немесе су қауіпсіздігі. 
2. Бірінші ережені асықпай оқыңыз: Қалпақ және ұзын жеңді жейде ки. Оқушылар 
бұл ереженің қай ережеге жататынын жазады, мысалы: күн қауіпсіздігі.
3. Кейін басқа ережелерді бір-бірлеп оқып шығасыз, оқушыларға жауаптарын жазуға 
уақыт бересіз. 
• Соңында олардың жауаптарын тексеріңіз. Оқушылар тізімге көбірек ережелер қосып, 
қауіпсіздіктің түрлі аспектілері туралы сынып қабырғасына стенд дайындай алады.
31
-кесте. Қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік ережесі
Қауіпсіздік саласы
1. Қалпақ және ұзын жеңді жейде ки.
2. Солға (немесе оңға) қара және оңға (немесе солға) 
қара, қайтадан солға (немесе оңға) қара.
3. Бассейнде ешқашан таяз жерде сүңгіме.
4. Қызыл шамға тоқта.
5. Бөтен адамдармен сөйлеспе.
6. Көлеңкеде отыр.
7. Ата-анаңа әрқашан қайда кетіп бара жатқаныңды айт.
8. Тамақ жеген соң дереу суға түспе.
Күн қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігі
Су қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігі
Жеке қауіпсіздік
Күн қауіпсіздігі
Жеке қауіпсіздік
Су қауіпсіздігі
Қосымша
• Бұл жаттығудан соң қауіпсіздік ережелерін талқылап себебін анықтауға болады. 
• Сіздің жергілікті мекеніңізге сай басқа да мәселелер мен ережелер болуы мүмкін, 
мысалы: қар қауіпсіздігі, жануарлар қауіпсіздігі, үй қауіпсіздігі, ойын алаңы 
қауіпсіздігі. Сол себепті кестедегі сөйлемдерді ауыстыра аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет