4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата24.01.2024
өлшемі2.7 Mb.
#489683
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
1670569056244 (1)

Жүргізілу барысы:
 
1. Оқушылардан туыстық атауларды (отбасы мүшелерін) естеріне түсіріп, ауызша айту 
сұралады. Туыстық атауларды тақтаға тізіп жазу керек. Ұсыныстар 6-кестеде берілген. 
Кейбір оқушылар ағасы, апасы немесе досының атын ұсынуы мүмкін. Жауабының 
дұрыстығын растай отырып, аталған адам туралы көбірек ақпарат сұраңыз. Мысалы: 
Ақерке... Иә... Ал Ақерке саған кім болады? Досың ба әлде қарындасың ба?
2. Енді оқушыларға мынадай жағдаят ұсынылады. Олар жағажайға демалуға бара
 
жатырмыз деп елестету керек. Осы адамдардың ішінен өзімен бірге баратын сегіз 
адамды таңдау қажет. Оқушылар бірге алып баратын адамдардың тізімін жасайды.
3. Оқушылар бұл сегіз адамды неге таңдағандары туралы ойлануы қажет.
4. Оқушыларға тақтадағы кестені таныстырып, қалай қолдану керектігін мысал ретінде 
көрсете отырып түсіндіріңіз. Мысалы, жағажайға баруға анасын таңдаса, кестедегі 
тіркестерді қолдана отырып сөйлейді: «Мен анамды таңдаймын. Өйткені ол суда 
жүзе алады». Оқушылар жұпта кестені қолдана отырып, таңдау себептерін көрсетеді. 
Өздерінің де мысалдарын қолдана алады. Жауаптың кейбір үлгілері 7-кестеде 
берілген.
5. Бұл тапсырма барысында оқушыларға жіктік жалғауының бірінші және үшінші жағын 
қалай қолдану керектігін түсіндіріп кетіңіз және дұрыс қолдануын қадағалаңыз.
6
-кесте. Туыстық атауларға мысалдар
 
 
7
-кесте. Сен оларды не үшін таңдадың?
 
Кімді таңдайсың?
Неге бұл адамды таңдайсың?
 
Мысалы
 
Мен анамды таңдаймын. 
Мен інімді таңдаймын. 
Мен әкемді таңдаймын. 
Мен Ақеркені таңдаймын. 
Мен ағамды таңдаймын.
Мен Асқарды таңдаймын. 
Мен атамды таңдаймын. 
Мен апамды таңдаймын. 
Мен жездемді таңдаймын. 
Мен Асанды таңдаймын. 
Мен досымды таңдаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет