Мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап бер
1. Абзацқа тақырып болатын сөйлемді тауып көр және астын сыз.
2. Тақырыптық ойды қолдаушы сөйлемдер тауып, астын сыз.
3. Келтірілген мысалдар немесе фактілер болатын сөйлемдер қайсы?
4. Қорытынды сөйлемді тауып, астын сыз!
2.
Мұғалім нұсқасымен салыстырады.
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций
сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий
мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының
ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып,
иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі
болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие.
Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.
Абзац жазудың негізгі шарттары
• Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады
• Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады
• Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен
тұрады.
• Тақырытық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді
• Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер
• Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем
• Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
• Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.
Мысалы:
Тақырыптық сөйлем:
1. Майлы тағамдар асқазанға зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
2. Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
3. Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады
4. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар
Қорытынды сөйлем:
5. Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз
қолдану
|