18
Тыңдалым дегеніміз не?
Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады.
Тыңдалым
дегеніміз
тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз
контекстіні, тілді және ғалам туралы білімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу
тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.
Төмендегі кестеден жазба тілі мен сөйлеу тілінің
айырмашылығын салыстырып
көрелік.
Жазба тілі
Ауызекі тіл
Парақ бетінде тұрады, жоғалмайды.
Сөйлеу барысында жоғалып отырады. Сөйлеу тілі
кейде тым жылдам немесе баяу болуы мүмкін.
Сөйлемдерді ажыратып көрсету үшін
пунктуация мен бас әріптерді пайдаланып
отырамыз.
Сөйлемдер мен бір топ сөздер мағынасын
интонация және екпін арқылы ажыратып
отырамыз.
Әріптерден, сөздерден және сөйлемдерден
жасалып барып, мәтінді құрайды.
Дыбыстар, жалғыз сөздер, сөз тіркестері
қосылып, ассимилияцияға ұшырап отырады.
Мысалы, алып бер – әпер, бара жатырмыз –
баратырмыз.
Мәтін түсінікті болу үшін қосымша суреттер
берілуі мүмкін.
Сөйлеуші өз ойын жеткізу мимиканы
пайдаланады. Мысалы, жест, қолдарын сермеу
және ым-ишара сияқты әрекеттер.
Құрылымы өте жақсы ұйымдастырылады:
сөйлемдер толық және алдыңға сөйлемдер
кейінгі сөйлемдермен бір-бірімен логикалық
үйлесімде болады.
Тақырыптар бірнеше
абзацтарға бөлінеді.
Дұрыс ұйымдастырылмайды.
Себебі кідірістер,
ойдың бөліне беруі, сөздердің қайталануы және
тақырыптың жиі өзгеруі көрініс тауып отырады.
Көбіне нақты тақырыпқа арналған сөздер мен
күрделі грамматиканы қолданады.
Қарапайым грамматика мен ауызекі тілдегі
сөздер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: