40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе


Асбест-цемент тұрбалар мен муфталарды өңдеу жөніндегі токарь



бет11/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#127883
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
261. Асбест-цемент тұрбалар мен муфталарды өңдеу жөніндегі токарь

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станоктарда асбестцемент муфталарды қайрау, әртүрлі диаметрлі асбестцемент ұштарын жону. Асбестцемент құбырларының ұштарын кесу, жартылай автомат станогында немесе суппортты қолмен беру станогында құбырлар мен муфталарды кесу. Станоктарды тазарту және майлау. Қызмет көрсететтін станоктарда ұсақ жарамсыздықтарды жою. Станоктарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: асбестцемент бұйымдарын өңдеу бойынша токарлық станоктардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары; кескіштерді ұштау ережелері; асбестцемент құбырлары мен муфталарының қасиеттері; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережелері; құбырлар мен муфталар ақауларының сыртқы белгілері; оларды өңдеу процесінде құбырлар мен муфталардың ақауларын туғызатын себептер; ақауларды жою тәсілдері.
262. Асбест-цемент тұрбалар мен муфталарды өңдеу жөніндегі токарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жону орнының нақты көлемдерін сақтай отырып арнайы токарлық станок-автоматтарда әртүрлі диаметрлі және ұзындықты асбестцемент құбырлары мен муфталарды бір уақытта жону және кесумен токарлық өңдеу. Құбырлар мен муфталардың диаметріне байланысты тапсырылған жұмыс режимінде станокты баптау. Станокты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылғысы, жұмыс істеу қағидаттары және баптау ережелері; құрылымдық ерекшеліктері және арнайы құрылғыларды қолдану ережелері; күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысы және қолдану ережелері; арнайы кесетін құралды қайрау ережелері; станок төлқұжаты бойынша кесу режимдерін анықтау ережелері.
263. Тоннельшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептіру-түйреу пештеріне және құюға қалыптары бар вагонеткаларды тасымалдау жөніндегі механизмдері басқару, сондай-ақ кристалданған пештерге және пішінсіздендіруге қалыпты құйылған балқымаларымен вагонеткаларды беру. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды тазарту және майлау. Қалыптарды бұзу және олардан дайын тас құю бұйымлдарын алу.

Білуге тиіс: қызет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаттары; қалыптарды кептіру және түйреу процестері; тас құюдан алынған бұйымдарды кристалндандыру процесі.
264. Тоннелші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тас құюдан алынған бұйымдарды термиялық өңдеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары тоннельшінің басшылығымен қалыптарды кептіру және түйреу процестерін жүргізу. Пеш аймақтары бойынша температураны және тапсырылған режимді реттеу. Температуралық аймақтар бойынша бұйымдардың жылжуының тапсырылған ритмін сақтау. Түйреу және кристалдандыру пештерін алдын ала қарау. Пештердің футеровкаларын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылғысы; қалыптарды түйреудің және тас құюдан жасалған бұйымдарды термиылқ өңдеудің технологиялық процесі; қалыптар температурасының бұйымдар құрылымы мен сапасына әсері; олардың габаритіне және пеш кеңістігіне кіруде жай-күйлеріне байланысты бұйымдардың салқындау жылдамдығының тәуелділігі; қызмет көрсететін құрал-жабдықтар құрылғысы және пайдалану ережелері; ақауларды пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері.
265. Тоннелші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тас құюдан жасалған бұйымдарды термиялық өңдеу, сондай-ақ қалыптарды түйреу процестерін жүргізу. Пеш аймақтары бойынша талап етілетін температуралық режим есебі. Бұйымдардың габаритіге және пеш жұмысының режимін реттеуге байланысты балқыманың кристалдану уақыты мен температурасын анықтау. Пештердің жай-күйін бақылау. Пеш жұмыстарының ауысымды журналын жүргізу.

Білуге тиіс: кептіру-түйреу және кристалдану пештерінің құрылымы; қалыптарды құ, балқымалардың кристалдану және бұйымдарды салқындату технологиясын; бұйымдардың температурасы мен габариттерінің кристалнаду және құю құрылымы процесіне әсері; ақауларды пайдал болу себептері және оларды жою тәсілдері.
266. Ыстық клинкерді тасымалдау

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жиынтық өнімділігі 70 т/с дейінгі ыстық клинкерді тасымалдауыштарға қызмет көрсету. Клинкерді біркелкі тиеу және тасымалдауды қамтамасыз ету. Үздіксіз жұмысты және клинкерлік тасымалдауыштардың жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету. Жетекті механизмдер мен роликтерді майлау. Ұйінділерді жинау. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтар жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою.

Білуге тиіс: клинкерлік тасымалдауыштар құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары; тасымалданатын материал сипаттамасы; дабыл және оқшаулау жүйесі; механизмдерді майлау картасы, майлау материалдарының сұрпы және қасиеттері.

Жиынтық өнімділігі 70 т/с жоғары тасымалдауыштарға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.


267. Фенолшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір жол цистерналарынан фенолспирттерін және басқа да синтетикалық шайырларды құю. Қоймадағы цистерналарды толтыру және құю. өнімдерді қайта айдау үшін крандарды, сорғыларды басқару. Шығыс сыйымдылықтарын толтыру және құюды, сорғы жұмыстарын, байланыстырғышты беруді реттеу. Бақылау-өлшеу аппаратурасын бақылау.

Білуге тиіс: цистерналарды толтыру және құю, фенолспиртті және басқа да шайырларды сақтау және өндіріске беру тәртібі мен ережелері; крандар, вентильдер және арматуралардың тағайындалымы; фенолспирт және шайырлардың теріге әсерін сақтау тәсілдері; шайырлардың техникалық ережелері.
268. Фенолшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фенолспирт, синтетикалық шайыр, эмульсол және басқа да құрауыштардан тапсырылған рецептура бойынша байланыстырғышты дайындау және бейтараптау процесін жүргізу. Дозаторлар, бактер, араластырғыштар және сорғыларді іске қосу, дайындау және тоқтату. Құралдарды, құбырларды, арматураларды жуу және тазарту. Басқару қалқанында автоматтандыру, құралдар мен дабыл жүйесінің жұмысын бақылау. Автоматика жүйесін қайта баптау, автомат жүйесінің ақаулары кезінде механизмдерді қолмен басқаруды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: автоматтандыру, дабыл, құралдар, сорғылар, дозаторлар, араластырғыштар, бактер, крандар, бүркігіштер, басқару қалқанының құрылғылары, жұмыс істеу қағидаттары; автоматика жүйесін баптау, реттеу тәсілдері; байланыстырғыштар қасиеті мен түрлері; байланыстырғыштарды дайындау технологиясы мен рецептурасы; байланыстырғыштар мен құрауыштардың шығын нормалары.
269. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір бетон бұйымдар мен құрылымдарын қалыптау кезінде қосалқы жұмыстарды атқару. Арматруалық торларды, каркастарды, салу бөлшектерін және оларды қалыпқа сала отырып монтаж ілгектерін жылжыту. Қол құралының көмегімен қалыпқа бетон қоспасын тегістеу. Бетон қалдықтарынан қалып борттарын тазарту. Қалыптанған бұйымдардың ашық қабаттатын тегістеу. Қалыпсыздандырылған бұйымдарды кенеріктерден тазарту. Бетоннан жасалған арматураның салу бөлшектері мен арматура шығарылымдарын тазарту. Тапсырылған түс пен көлем бойынша іріктеумен стандартты кілемшелерден қаптау кілемдерін ірі жинау. Кілемдерге күрделі емес бейіндер үшін қарапайфым суретпен жекелеген керамикалық плиткаларды жинау. Тапсырылған рецептура бойынша желімді дайныдау. Трафарет немесе штамп көмегімен бұйымдарды таңбалау. Вакуумдеуші қораптарда гипс плиталары мен блоктарын қалыптау. Ерітіндіні араластырғыштарға қалып-вагонеткаларды қалыптау немесе ерітінді араластырғыштың бункер ожауы астына үстелімен платформаларды жылжыту. Қалыптарға ерітіндінітолтыру. Толтырылған қалыптары бар вагонеткалар мен үстелдерді тасымалдауыштарға жылжыту. Бұйым қабатын біліктеу.Шаблонмен плиталарды мерзімді тексеру. Қорапқа массаның толуын және араластыруды қадағалау. Плитаның вакумделуінің аяқталуын анықтау. Вакуумделуші қораптар мен торларды гипстен тазарту. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен жанышпабіліктерде және таспалы престерде керамзит түйірлерін қалыптау. Глина араластырғышты, жанышпабілікті, прес және басқа да механизмдерді дайындау, іске қосу және тоқтату. Престі іске қосу, валюшканы іріктеу және жылжыту. Сазды ылғалдандыру. Гипскартон табақтарын қалыптау: орау, тельфермен орамдарды жылжыту, оларды орнату және бекіту; қалыптау үстеліне картон таспасының біркелкі түсуін бақылау және оларды желіммен майлау; картон таспасының қисықтығын жою, үзіктер болғанда картондарды жапсыру кезінде қосалқы жұмыстарды атқару. Қызмет көрсететін құралды майлау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен ұолмен асбестцемент бұйымдарын қалыптау. Иінтіректі қайшылар, арнайы құрылғылар көмегімен немесе қолмен коньяктар және басқа да фасонды бұйымдар үшін плиткаларға шаблондар мен белгілер бойынша шикі асбестцемент табақтарын пішу. Метал төсемдерге-қалыптарға шикі плиткаларды салу. Кесінділер мен шикі ақауларды қайта өңдеуге жібері. Қатаю процесінің аяқталуына қарай коньяк қаттамасын бұзу. Ақаулы бұйымдарды сұрыптау.

Білуге тиіс: асбестцемент фасонды бұйымдарға линиялық көлем, қалыптар және сыртқы түрі бөлігінде қойылатын стандарттар талабы мен техникалық шарттар; фасонды бұйымдардың жекелеген бөлшектерін біріктіру әдістері; бетон қоспасының негізгі қасиеттері; арматураны тасымалдау ережелері; бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптар; қаптау кілемдері мен плиталарының ассортименті; қызмет көрсететін құралдарың жұмыс қағидаттары; қызмет көрсететін құралдарды іске қосу, тоқтату және майлау ережелері; қалыптанатын бұйымдар сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын құралдар мен құрылғылардың тағайындалымдары.
270. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жай және орта күрделілікті темір бетон бұйымдарын қалыптау бойынша жұмыстарды атқару. Қалыптарды тазарту, майлау және жинау. Жоба күйіне бекітумен каркастарды және салу бөлшектерін дайын арматуралық торлар қалыптарына салу. Электртермиялық созу тәсілімен алдын ала кернеулі арматура қалпына салымдар мен алмалы-салмалы бөлгіш қалқандарды орнату, тегістеумен және нығыздаумен бетон қоспасымен қалыптарды толтыру. Қалыпталған бұйымның ашық қабатын таза өңдеу. Бұйымдарды жылу өңдеу камераларына тасымалдау. Бөлу постына немесе қатқабатқа тасымалдаумен бұйымдарды қалыпсыздандыру. Құралдардың мынадай түрлерінің бірінің жұмысын басқару: өзектерді электр қыздыру қондырғысы, қалыптарды тазарту және майлау қондырғысы, бетон таратушы, бетон салушы, виброалаң, үйкеу машинасы, беру көпірі, ажыратқыш, қайта салғыш, штабелер. Күрделі сурет кезінде немесе күйделі бейінді бұйымдар үшін жекелеген керамикалық плиткаларды кілемге жинау. Виброалаңдарда немесе біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен айналмалы машинада гипс плиталарын және блоктарын қалыптау. Берілетін массаның дұрыс жиналуын, қалыпты бекітуді және сапасын тексеру. Жанышпабіліктерде және таспалы престерде керамзит түйірін қалыптау. Цемент-құм черепицаны және борларды қолмен қалыптау. Ірі блоктардың силикат немесе пеносиликат массаларынан, қаптау плиталарынан және т.б. бұйымдарды қалыптау жөніндегі қосалқы жұмыстары атқару. Қалыптарды вагонеткаларға жинау, орнату және оларды бұзу. Қалыптардан және түптабандардан бұйымдарды распалубка жасау, распалубка стендтеріне вагонеткаларды тасу. Вибростендке қызмет көрсету. Қалыптарды бұзу, бұйымдарды қатқабатқа, рольгангтерге және басқа да көлік құралдарына салу. Қалыптарды, түптабандарды тазарту, дайындау және жинау, оларды толтыру орындарына жіберу. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен асфальт плиткаларды қалыптау,. Тарату бункерлерінің қоюжақпамен толтырылуын бақылау. Конвейерге қоюжақпаны беруді реттеу. Жүк тиеу бункері мен лотогын майлау. Саз ерітіндісін және қалыптарды майлауды дайындау. Асбестцемент бұйымдарын қолмен қалыптау. Шикі табақтарды орындалатын тапсырысқа сәйкес көлемі мен құрама пішімі бойынша белгілеу және пішімдеу. Білікке дайындамаларды бүрлеу және қалыптау үстеліне ооынауыстыру. Қалыпты, бүрлеу үшін төсеніштің және өзге де құралдардың жай-күйін тексеру. Ақаулы бұйымдарды сұрыптау.

Білуге тиіс: линиялық көлемдер стандарттары; бүрлеуді пішімдеу әдістері; қалыптау әдістері мен амалдары; шикі күйінде тапсырыстың жекелеген бөлшектерін біріктіру әдістері; қызмет көрсететін құралдардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаты; салу тәсілдері мен ережелері және арматура кернеулері; дайындалатын бұйымдарға техникалық талаптар; сызбаларды оқу ережелері; қалыптау реджимдері бойынша технологиялық карталар талаптару; бұйымдарды жылжыту әдістері мен тәсілдері; қолданылатын қаптау кілемдері мен плиталарының ассортименті және олардың сапасына қойылатын талаптар; ерітіндіні ұстап қалу мерзімдері және блоктар мен плиталарды төзімділігіне тексеу тәсілдері; шикізаттардың рецептурасы, қасиеті және борларға техникалық шарттар; түйірлер мен валюшкаларға қойылатын талаптар; қалыптар, түптабандар, вибростенд құрылғысы; майлау материалдарының қасиеті; қалыптау түптабандарыынң өнімділігі; тарату бункерлеріінң сыйымдылығы; асфальт плиталарды

Жұмыс үлгілері

Қалыптау:

1. Ішкі қабырғалар блоктары тегіс және бос қалқандармен.

2. Негізгі блоктар жай пішімді.

3. Бортты тастар.

4. жабын плиталары және жалпақ аражабындар.

5. Тротуар, трамвай және жол плиталары.

6. Баспалдақ алаңдары.

7. Ұзындығы 6 м. дейінгі свайлар.

8. бағаналар, пасынкалар, далдашалар, тіректер және консолі жоқ бағандар.

9. Баспалдақтар және проступтер.

10. Шпалдар
271. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бұйымдар (үлкен габаритті, ұсақ қабырғалы) бұйымдар мен құрылымдарды қалыптау бойынша жұмыстарды атқару. Қалыптар мен қондырғыларды тазарту, майлау, жинау және тексеру, жоба күйінде ірілендіру жинағымен және бекітумен жекелеген арматуралық каркас элементтерді қалыпқа (қондырғыға) орнату. Салу бөлшектері мен монтаж ілгектерін орнату, қалыпқа электртермиялық немесе механикалық (домкраттар көмегімен) кернеу тәсілімен кернеулі арматураны оранту. Ішпектерді, өзектер мен бөлу қалқандарын орнату, қалыпты бетон қоспасымен толтыру, дірілдеумен қоспаны тегістеу және тығыздау. Қалыптандырылған бұйымдардың ашық қабаттарын жону. Бұйымдарды жылу мен өңдеу орындарына беру. Бөлу постына немесе қатқабатқа жеткізумен жылумен өңдеуден кейін бұйымды қалыпсыздандыру. Виброштамптар, центрифун, сондай-ақ бірнеше қызметтерді атқаратын агрегаттар мен құралдар жұмысын басқару. Қалыптау конвейерінде асфальт плиталарды қалыптау. Қоюжақпаны беруді іске қосу және біркелкі берілуін реттеу. Шығарылатын өнім сапасын бақылау. Брикеттерге қажетті қалыпты беру үшін қоюжақпаны кесу. Асфальт қиқымдарын жинау және оны берілген орындарға жылжыту. Қызмет көрсететін құралды жөндеуге қатысу. Гипс плиталарынғ блоктар мен цемент-құм черепицаларын әртүрлі құрылымды машиналарда қалыптау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау конвейерінде гипсокартон табақтарын қалыптау. Конвейер таспасында гипсті тегістеу, өзге қоспаларды және гипс жетектерін жою. Жетектерді гипс массасымен толтыру. Жетек-иілу қондырғыны реттеу, қызмет көрсететін құралдарды жөндеу және баптауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары; арматураны салу және кернеу тәсілдері мен ережелері; сызбаларды оқу ережелері; қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары; қызмет көрсететін құрал құрылғысы; шығарылатын өнімдердің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары; қызмет көрсететін құралды баптау ережелері; гипокарторн табақтарына техникалық шарттар; машинаның қозғалыс жылдамдықтарын реттеу, қалыптау массасының құрамы; гипс ерітіндісін ұстап қалу мерзімдері; қызмет көрсететін құрал жұмысындағы ұсақ ақаулар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет